Күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 20 мамырдағы № 268 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Дәрілік заттардың, сүліктердің және дәріхана шыны ыдыстарының табиғи шығындары нормаларын қолдану жөніндегі кейбір мәселелері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының 2002 жылғы қарашадағы № 160 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 21 қарашада тіркелді, тіркеу № 2051, «Дәрілік заттарды сынауды және (немесе) зерттеуді жүзеге асыратын аккредиттелген сынақ зертханаларының тізбесін бекіту туралы» Казахстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 121 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 6 қыркүйекте тіркелді, тіркеу № 4378) күші жойылды деп танылсын.
      2.  Заң қызмет департаментінің директоры (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдін міндетін
      атқарушы                                   Е. Байжүнісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады