Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.03.2014 № 268 бұйрығымен.
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
Нашақорлыққа және есірткі
бизнесіне қарсы күрес
жөніндегі комитетінің
төрағасы
2002 жылғы 5 қараша
Дәріхана ұйымдарында дәрілік заттардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың өндірістік шығындарын нормалау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Дәрілік заттардың (емдік препараттардың) көтерме саудасында табиғи шығындар нормасын қолдану жөніндегі нұсқаулық;
2) Дәріхана жағдайларында дәрілік заттарды (емдік препараттарды) дайындауда табиғи шығындар нормаларын қолдану жөніндегі нұсқаулық;
3) Дәрілік заттардың (емдік препараттардың) өнеркәсіптік өндіріс жағдайларында дайындалуы және көтерме саудасында дәріхана шыны ыдыстарының табиғи шығындары нормаларын қолдану және оларды тасымалдау мен сақтауда дәріханалық және медициналық ұйымдарға арналған сүліктердің табиғи шығындары нормаларын қолдану жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация, фармацевтика және медицина
өнеркәсібі комитеті төрағасының
2002 жылғы 11 қарашадағы
N 160 бұйрығымен бекітілген
"Дәрілік заттардың, сүліктердің
және дәріхана шыны ыдыстарының
табиғи шығындары нормаларын қолдану
жөніндегі кейбір мәселелер"
Дәрілік заттардың (емдік препараттардың) көтерме саудасында
табиғи шығындар нормаларын қолдану жөніндегі
Нұсқаулық
1. Дәрілік заттардың табиғи шығындары нормалары дәрілік заттарды дәріхана қоймаларында сақтағанда және ірі орамнан едәуір ұсақ орамға ауыстырғанда пайда болатын шығынның (тозаңдану, ұшып кету, төгілу, ыдыс пен қосалқы заттар кенересіне жабысу) орнын толтыру үшін белгіленген.
2. Ыдыстың зақымдануы мен сынуы, дәрілік заттардың бұзылуы себептерінен болған дәрілік заттардың кем шығуы тауарлық-материалдық құндылықтардың бұзылуы туралы актілермен тіркелуі тиіс және табиғи шығындар нормаларына енбейді.
3. Кем шығу болмағанда табиғи шығындарды есептен шығаруға немесе алдын-ала есептен шығаруға тыйым салынады.
4. Табиғи шығын сол табиғи шығынның топтық нормасын немесе егер ол бар болса (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) әрбір дәрілік затқа арналған нормасын қолдану арқылы есептеп шығарылады.
5. Табиғи шығын дәрілік заттарды ірі орамнан едәуір ұсақ орамға ауыстыруға байланысты операцияларды есепке алу журналы (бұдан әрі Операцияларды есепке алу журналы) бойынша анықталады, онда оны ауыстырғаннан кейін дәрілік зат салмағының бастапқы нақты салмағынан ауытқуы көрсетіледі (осы Нұсқаулыққа 2-қосымша).
6. Дәрілік заттардың табиғи шығынын есептен шығару тек мүкәммалдау қорытындылары бойынша жүргізіледі.
Әрбір дәрілік затқа жеке парақ арналатын операцияларды есепке алу журналындағы мәліметтер нақты шығындарды анықтау негізі болып табылады.
7. Операцияларды тіркеу журналы нөмірленуі, жіппен тігілуі, мөрмен және дәріхана қоймасы басшысының қолымен расталуы қажет.
8. Есірткілік, психотроптық дәрілік заттарға (прекурсорларға), этил спиртіне, сондай-ақ заттық-сандық есепке алынуға жататын басқа да дәрілік заттарға арналған операцияларды есепке алу журналы нөмірленуі, жіппен тігілуі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті аумақтық фармацевтикалық бақылау басқармасының (бөлімнің) мөрімен және бастықтың қолымен расталуы тиіс.
9. Табиғи шығындарды есептен шығарғанда операцияларды есепке алу журналының деректері әрбір атау бойынша жинақталады және шығын нормасы қолданылатын шығындардың нақты көлемі анықталады.
10. Ауыстыру кезінде анықталған басы артық дәрілік заттар кіріс есебіне алынуға жатады. Артық шығындардың пайда болу себептері анықталады.
11. Улы, есірткілік, психотроптық дәрілік заттар мен прекурсорлар артық болған кезде дәріхана қоймасының басшысы 3 күн мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің аумақтық фармацевтикалық бақылау басқармасын (бөлімін) хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация, фармацевтика және медицина
өнеркәсібі комитеті төрағасының
2002 жылғы 11 қарашадағы
N 160 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттардың (емдік препараттардың)
көтерме саудасында табиғи шығын нормаларын
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
"Дәрілік заттардың, сүліктердің және
дәріхана шыны ыдыстарының табиғи
шығындары нормаларын қолдану жөніндегі
кейбір мәселелер"
Дәрілік заттардың (емдік препараттардың) көтерме саудасында табиғи шығын нормалары
_________________________________________________________________
Р/к| Атауы | Шығын
N | |нормасы %
_________________________________________________________________
1. Ұнтақ тәріздес дәрілік заттар 0,2
1) Гигроскопиялық қасиетке ие дәрілік заттар тобы 0,25
оның ішінде аммоний хлориді 0,6
лимон қышқылы 0,3
кальций хлориді 0,7
хлоралгидрат 0,3
2) Ұшпа қасиетке ие дәрілік заттар тобы 0,3
3) Кристаллогидраттар болып табылатын дәрілік
заттар тобы
оның ішінде натрий тетрабораты 0,4
магний сульфаты 0,5
натрий сульфаты 0,4
мырыш сульфаты 0,4
натрий гидроцитраты 0,25
4) Тозаңданатын қасиетке ие, аморфты дәрілік
заттар тобы 0,25
оның ішінде күкірт 0,4
анальгин 0,4
бутадин 0,4
крахмал 0,8
тальк 0,5
норсульфазол 0,3
ксероформ 0,3
бор қышқылы 0,3
натрий салицилаты 0,3
рибофлавин 0,3
триметин 0,3
фенацетин 0,3
2. Сұйық дәрілік заттар
1) этил спирті 0,65
2) спиртті ерітінділер мен тұнбалар 0,65
3) сұйық сығындылар 0,6
4) сулы ерітінділер, қоспалар 0,5
5) шырындар 0,85
6) әртүрлі сұйықтықтар:
глицерин 0,8
қара май 1,2
ихтиол 1,0
клеол 1,4
коллодий 1,6
сүт қышқылы 0,6
метилсалицилат 0,9
пергидроль 0,7
аммиак ерітіндісі 0,7
скипидар 0,75
формалин 1,0
хлороформ 1,0
эфир 1,5
7) минералды қышқылдар 0,6
8) эфир майлары 0,6
9) майлы майлар 0,8
10) эмульсиялар 0,5
11) сұйық сабындар 1,0
12) дәрілік өсімдіктерден дайындалған
қоймалжың сығындылар 0,9
3. Жақпа майлар, пасталар 0,8
оның ішінде: күкіртті-сынапты жақпа май 0,9
4. Линименттер 0,7
5. Қиын араластырылатын дәрілік заттар (канифоль,
балауыз, парафин, озокерит, какао майы, спермацет) 0,6
6. Дәрілік өсімдік шикізаты
1) жапырақтар, шөптер, гүлдер 1,6
оның ішінде:
түймедағы гүлі 2,0
солмасшөп гүлі 2,0
қырмызыгүл гүлі 2,0
жүгері шашақтары 1,8
2) қабық, тамырлар, сала тамырлар, түйіндер 1,4
3) тұқымдар, жемістер, бүршіктер 1,2
4) басқа да дәрілік өсімдік шикізаты 1,3
7. Қазақстан Республикасының 31.05.02. N 327 Заңымен
бекітілген Тізімнің ІІ, ІІІ кестелеріне
кіргізілген есірткі құралдары, психотроптық
заттар (субстанциялар) 0,1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж.
9 наурыздағы N 186 қаулысымен бекітілген Улы
дәрілік заттар (субстанциялар) тізіміне
енгізілген Улы дәрілік заттар 0,1
оның ішінде:
күшәла тәрізді ангидрид 0,12
сынап дихлориді (сулема) 0,11
скополамин гидрохлориді 0,09
сондай-ақ:
атропин сульфаты 0,1
апоморфин гидрохлориді 0,09
гоматропин гидробромиді 0,08
дикаин 0,1
клонидин гидрохлориді 0,1
осарсол 0,09
пилокарпин гидрохлориді 0,08
пахикарпин гидройодиді 0,1
прозерин 0,08
күміс нитраты 0,1
совкаин 0,09
тропацин 0,09
_________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация, фармацевтика және медицина
өнеркәсібі комитеті төрағасының
2002 жылғы 11 қарашадағы
N 160 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттардың (емдік препараттардың)
көтерме саудасында табиғи шығын нормаларын
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
"Дәрілік заттардың, сүліктердің және
дәріхана шыны ыдыстарының табиғи
шығындары нормаларын қолдану жөніндегі
кейбір мәселелер"
___________________________________________________ дәрілік
(заңды немесе жеке тұлғаның аты, орналасқан жері)
заттарды ірі орамнан едәуір ұсақ орамға ауыстыруға байланысты операцияларды есепке алу
Журналы
Дәрілік заттың атауы _________________________
Материалдық жауапты адам ______________(Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
Күні анализ серия Ыдыстың Сал.
N N түрі мағы Шығысы Айырмашы.
(сал. лығы
мақ
кг)
__________________________________________________________________
Атауы Мөл. Орам. Мөл. Сал. + -
шері ның шері мағы
түрі
__________________________________________________________________
Әр айдың 1 жұлдызына қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация, фармацевтика және медицина
өнеркәсібі комитеті төрағасының
2002 жылғы 11 қарашадағы
N 160 бұйрығымен бекітілген
"Дәрілік заттардың, сүліктердің
және дәріхана шыны ыдыстарының
табиғи шығындары нормаларын қолдану
жөніндегі кейбір мәселелер"
Дәрілік заттарды (емдік препараттарды) дәріхана жағдайларында дайындағанда табиғи шығындар нормаларын қолдану жөніндегі нұсқаулық
1. Дәрілік заттарды (емдік препараттарды) дәріхана жағдайларында дайындағанда табиғи шығын нормалары дәрілік нысандарды дайындау, процесінде пайда болатын табиғи шығындарды жабу үшін белгіленген.
Табиғи шығындардың, оның ішінде құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарға белгіленген нормалары (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) тек түгендеу жүргізуде тауарлық-материалдық құндылықтардың кем шығуы анықталған жағдайда ғана қолданылады.
Нақты шығындар болмауында дәрілік заттардың табиғи шығынын есептен шығаруға жол берілмейді.
2. Дәрілік заттар табиғи шығыны нормалары дәрілерді дайындауда қолданылатын дәрілік заттардың, дәріхана ыдысының, қосалқы заттардың шығынын қамтиды және дербес дайындалған дәрілік нысанның, дәріханаішілік дайындама мен буып-түюдің құнымен белгіленеді.
3. Есірткілік дәрілердің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ заттық-сандық есепке алынуға жататын дәрілік заттардың табиғи шығыны нормалары дәрілік заттардың шығындалған мөлшеріне және кем шығуы анықталған атауға белгіленеді.
4 . Гигроскопиялық мақта мен дәкені буып-түюдегі табиғи шығын нормалары зертханалық және буып-түю жұмыстарын есепке алу кітабында көрсетілген буып-түйілген медициналық мақсаттағы бұйымдардың құнымен белгіленеді.
5. Белгіленген нормалар шегіндегі дәрілік заттар шығынын есептеу дербес дайындалған дәрілік зат, түпнұсқалық емес (фабрикалық емес) орамдағы "ангро" салмақ түрінде дәрілік заттарды босату (сату) бойынша және дәріханаішілік дайындама өндіру, дәрілік заттарды буып-түюде есептік мәліметтер негізінде жүргізіледі.
6. Құрамында есірткілік құралдардың, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың, сондай-ақ заттық-санды есепке алуға жататын басқа да дәрілік заттардың (оның ішінде этил спиртінің) табиғи шығынын есептен шығару мүкәммалдық тізімдеу нәтижесі бойынша құрамында есірткілік, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарға, заттық-сандық есепке алуға жататын басқа да дәрілік заттарға жасалатын салыстыру ведомосы (осы Нұсқаулыққа 2-қосымша) негізінде жүргізіледі.
7. Түпнұсқа (фабрика немесе зауыт) орамында сатылған өнеркәсіп өндірісінің дайын дәрілік заттары мен өлшенген дәрі-дәрмектерге, оның ішінде этил спиртіне осы шығын нормалары қолданылмайды.
8. Мүкәммалдауда анықталған табиғи шығын нормалары шегіндегі тауарлық-материалдық құндылықтардың кем шығуы:
бөлшек сауда дәріхана ұйымында - айналым шығындарына;
денсаулық сақтау (бюджеттік) мекемелеріндегі дәріханаларда - қаржыландырудың (қорлардың) азаюына;
табиғи шығын нормаларынан асып кету (осы Нұсқаулыққа
3-қосымша) - кінәлі адамдар есебіне жатқызылады.
9. Дәрілік заттардың табиғи шығын нормалары мүкәммалдау аралығындағы кезеңде сатылған тауарларға ғана қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация, фармацевтика және медицина
өнеркәсібі комитеті төрағасының
2002 жылғы 11 қарашадағы
N 160 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттарды (емдік препараттарды)
дәріхана жағдайларында дайындағанда
табиғи шығындар нормаларын қолдану
жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша
"Дәрілік заттардың,сүліктердің және
дәріхана шыны ыдыстарының табиғи
шығындары нормаларын қолдану
жөніндегі кейбір мәселелер"
Дәрілік заттарды (емдік препараттарды) дәріхана жағдайларында дайындауда табиғи шығын нормалары
___________________________________________________________________
Р/к| Көрсеткіші |Табиғи шығын
N | | нормасы %
___________________________________________________________________
1. Дәрілік заттар
1) дәрілік заттарды денсаулық сақтау мекемелері.
нің рецептері мен талаптары, дәріханаішілік
дайындама және буып-түю бойынша дайындау (улы,
есірткілік, психотроптық дәрілік заттарды, этил
спиртін қоспағанда) 1,8
2) гомеопатиялық дәрілік заттарды дайындау 0,8
3) дәрі-дәрмектерді қосымша технологиялық
операцияларсыз (араластыру, еріту, мөлшерлерге
бөлу) дәріхана ыдысына таразыға тартып және
өлшеп салу 0,65
2. Қазақстан Республикасының 31.05.02. N 327
заңымен бекітілген Тізімнің ІІ, ІІІ, ІV кесте.
леріндегі есірткілік құралдар, психотроптық
заттар, прекурсорлары, сондай-ақ заттық-сандық
есепке алуға жататын дәрілік заттар (атропин
сульфаты, апоморфин гидрохлориді, гоматропин
гидробромиді, дикаин, клонидин гидрохлориді,
күміс нитраты);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж.
9 наурыздағы N 186 қаулысымен бекітілген Улы
дәрілік заттар (субстанциялар) тізіміне
енгізілген Улы дәрілік заттар:
1) мекемелердің рецептілерімен және талаптары.
мен, оның ішінде гомеопатиялық жазбалар бойынша
дәрілік заттарды дербес дайындау 0,95
2) оларды қосымша технологиялық операцияларсыз
(араластырусыз, ерітпей, мөлшерлерге бөлмей)
таразыға тартып және өлшеп дәріхана ыдысына салу 0,4
3. Этил спирті
1) мекемелердің рецептілерімен және талаптары.
мен, оның ішінде гомеопатиялық жазбалар бойынша
дәрілік заттарды дербес дайындау 1,9
2) оларды қосымша технологиялық операцияларсыз
(араластырусыз, ерітпей, мөлшерлерге бөлмей)
таразыға тартып және өлшеп дәріхана ыдысына салу 0,65
4. Дәке мен мақтаны буып-түю 0,5
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация, фармацевтика және медицина
өнеркәсібі комитеті төрағасының
2002 жылғы 11 қарашадағы
N 160 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттарды (емдік препараттарды)
дәріхана жағдайларында дайындағанда
табиғи шығындар нормаларын қолдану
жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша
"Дәрілік заттардың,сүліктердің және
дәріхана шыны ыдыстарының табиғи
шығындары нормаларын қолдану
жөніндегі кейбір мәселелер"
Бекітемін
Заңды тұлғаның басшысы
____________________
200_ "___" _________
Ұйымның атауы ________________
Бөлімі _______________________
Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар, прекурсорлар мен заттық-сандық есепке алуға жататын басқа да дәрілер бар дәрілік заттарға салыстыру ведомосы
____________ бойынша 200_ "___" _________ N ___ бұйрығына сәйкес құрамында: төраға ________, комиссия мүшелері ____ және материалдық жауапты адамдар ____________ бар комиссия 200_ "___" _________ мүкәммалдау бойынша нақты қалдықты салыстыруда мыналарды анықтады:
___________________________________________________________________
Р/|Номенкла.|Тауар|Өлшем|Серия.| Бағасы |Алдыңғы |Мүкәммал.
к |туралық |атауы|бір. | сы |_____________|мүкаммал.| дау
N |нөмірі/ | |лігі | |Бөлшек|Көтер.| дау | аралы.
| коды | | | | |ме |күніндегі| ғында
| | | | | | | тізімге |алынған
| | | | | | | алу | кіріс
| | | | | | |бойынша |
| | | | | | | нақты |
| | | | | | | қалдық |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
___________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
Кіріс | Шығын |Кітап.|Нақты | Айырмашылығы
есебіне | |тағы |қалдық|__________________
қалдық. | |қалдық| | Кем | Артық
пен бірге|_______________________| | | шығу | шығу
алынған. |Дербес|Таразыға|Барлығы| | | |
дар (гр. |дайын.|тартуға,|(гр. | | | |
8+9) |дауға |өлшеуге |11+12) | | | |
___________________________________________________________________
10 11 12 13 14 15 16 17
___________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
Есептеліп берілген табиғи |Есептен шығарылуға|Төлеттіруге жатады
шығын |жатады |
___________________________________________________________________
Дербес |Таразыға |Барлығы |Бөлшек |Көтерме |Бөлшек |Көтерме
дайын. |тартуға, |(гр. |құны |құны |құны |құны
дауға |өлшеуге |18+19) |бойынша |бойынша |бойынша |бойынша
___________________________________________________________________
18 19 20 21 22 23 24
___________________________________________________________________
Мүкәммалдау комиссиясының төрағасы ______________ (қызметі,
Т.А.Ә., қолы)
Комиссия мүшелері ___________________ (қызметі, Т.А.Ә. қолы)
Материалдық жауапты адамдар ____________________
Тексерілді, қолы, Т.А.Ә.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация, фармацевтика және медицина
өнеркәсібі комитеті төрағасының
2002 жылғы 11 қарашадағы
N 160 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттарды (емдік препараттарды)
дәріхана жағдайларында дайындағанда
табиғи шығындар нормаларын қолдану
жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша
"Дәрілік заттардың,сүліктердің және
дәріхана шыны ыдыстарының табиғи
шығындары нормаларын қолдану
жөніндегі кейбір мәселелер"
200________ дан 200__________дейінгі кезеңдегі
табиғи шығын есебі
Материалдық жауапты адамдар ___________________(қызметтері, тектері)
__________________________________________________________________
Топ| Көрсеткіштері |Мүкәм. |Табиғи|Есеп.|Табиғи |Табиғи
ко.| |малдау |шығын |тел. |шығын |шығын.
ды | |аралы. |норма.|ген |нормасы|нан
| |ғындағы |сы |шығын|бойынша|артық
| |кезеңін.| |сома.|есептен|кем
| | дегі | |сы |шыға. |шығу
| |айналым | | |рылды |
__________________________________________________________________
Дәрілік заттарды дербес
дайындау, дәріханаішілік
дайындама, буып-түю
(улы, есірткілік құрал.
дарды, психотроптық
заттарды, прекурсорларды,
этил спиртін қоспағанда)
"Ангро" дәрілік заттарын
босату
Барлығы
__________________________________________________________________
Табиғи шығынның нормадан артық шығуы___________(жазбаша)
Норма бойынша табиғи шығын қосындысы___________ (жазбаша)
Есепті бухгалтер __________ жасады 200 ж. "___" __________
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация, фармацевтика және медицина
өнеркәсібі комитеті төрағасының
2002 жылғы 11 қарашадағы
N 160 бұйрығымен бекітілген
"Дәрілік заттардың,сүліктердің және
дәріхана шыны ыдыстарының табиғи
шығындары нормаларын қолдану
жөніндегі кейбір мәселелер"
Дәрілік заттардың (емдік препараттардың) өнеркәсіп өндірісі жағдайларында дайындалуы және көтерме саудасында дәріхана шыны ыдыстарының табиғи шығыны нормаларын қолдану және оларды тасымалдау мен сақтауда дәріханалық және медициналық ұйымдарға арналған сүліктердің табиғи шығындары нормаларын қолдану жөніндегі
Нұсқаулық
1. Дәрілік заттардың (емдік препараттардың) өнеркәсіп өндірісі жағдайында дайындалуы және көтерме саудасында дәріхана шыны ыдыстарының және дәріханалар мен медициналық ұйымдар үшін сүліктерді тасымалдау және сақтау кезіндегі табиғи шығыны нормалары дәріхана ыдыстарын сақтау мен босату процесінде және дәрілік заттарды ірі орамнан едәуір ұсақ орамға ауыстыруда пайда болатын, сондай-ақ сүліктердің табиғи азайуынан болған шығындардың орнын толтыруды көздейді.
Бұл тұрғыда табиғи шығын нормалары мүкәммалдау аралығындағы кезеңде келіп түскен және босатылған ыдыс құнының 50 пайызы белгіленіп, қолданылады (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша).
2. Мүкәммалдау аралығындағы кезеңде дәрілік заттарды ірі орамнан едәуір ұсақ орамға ауыстыруда дәріхана шыны ыдысы шығынының көлемін анықтау жоғарыда көрсетілген жұмыстарды есепке алу журналының мәліметі бойынша пайдаланылған ыдыстар көлеміне қарай дәріхана қоймаларында жүргізіледі. Фармацевтикалық өндірістерде буып-түю цехының өндірістік журналы мен жуу цехының бастапқы есепке алу құжаттары бойынша жүргізіледі.
3. Тауарды дәріхана қоймаларында сақтағанда пайда болатын шығындар (шағылып қалу) олардың анықталу көлеміне қарай тиісті актілермен ресімделеді. Шағылып қалғаны туралы актіні бекіткеннен кейін шағылып қалуларды комиссия жояды.
4. Шағылулар болғаны және оның жойылғаны көрсетілген актілер бухгалтерияға беріліп, мүкәммалдауға дейін сол кезең ішінде тауарлық есеппен бірге сақталады.
5. Мүкәммалдау кезеңінде шығындардың (шағылып қалулардың) актімен бекітілген жалпы қосындысы саналады және мүкәммалдау аралығында сатылған тауарлар сомасының пайызында нормалар шегінде есептен шығарылады.
6. Шығындар нормалары шектеулі болып табылады және нақты бар тауарды кітаптағы қалдықпен тексергенде кем шығу болған жағдайларда ғана қолданылады.
7. Сүліктердің табиғи азайу нормасы:
1) Тікелей сақтау базасынан алатын бір қаладағы тұтынушылар үшін - 4 %;
2) Пошта арқылы немесе авиакөлік арқылы алатын басқа қаладағы тұтынушылар үшін - 8 %;
3) Алыс (Алматы қаласынан 500 км-ден астам қашықтықтағы) аудандар үшін - 10% құрайды.
8. Дәріхана және медицина ұйымдарында сақтау кезінде медициналық сүліктердің табиғи шығыны көлемін анықтау мүкәммалдау аралығындағы келіп түскен сүліктер құнымен, дәл осы сәтіндегі қалдықты шығарып тастағандағы алдыңғы мүкәммалдаудағы қалдығын есепке алу арқылы жүргізіледі.
9. Медициналық сүліктердің сапасын тексеру топырақты таңдап алғаннан кейін бірнеше сағат өткенде, бірақ сүліктер белгіленген пунктке келіп түскеннен кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация, фармацевтика және медицина
өнеркәсібі комитеті төрағасының
2002 жылғы 11 қарашадағы
N 160 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттардың (емдік препараттардың)
өнеркәсіп өндірісі жағдайларында дайындалуы
және көтерме саудасында дәріхана шыны
ыдыстарының табиғи шығыны нормаларын қолдану
және оларды тасымалдау мен сақтауда дәріханалық
және медициналық ұйымдарға арналған сүліктердің
табиғи шығындары нормаларын қолдану жөніндегі
Нұсқаулыққа 1-қосымша
"Дәрілік заттардың,сүліктердің және дәріхана
шыны ыдыстарының табиғи шығындары нормаларын
қолдану жөніндегі кейбір мәселелер"
Дәрілік заттардың (емдік препараттардың) өнеркәсіп өндірісі жағдайларында дайындалуы және көтерме саудасында дәріхана шыны ыдыстарының табиғи шығыны нормалары
__________________________________________________________________
Р/к | Өндірістік операцияның түрі | Табиғи шығын нормасы %
N | |
__________________________________________________________________
1. Сақтау мен босату 0,35
2. Ыдысты жуып, кептіру және дәрілік
заттарды буып-түю 2,15
__________________________________________________________________