Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілерін күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 14 қазандағы № 116 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодекстерін қабылдауға байланысты, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында нормативтік құқықтық актілерді ретке келтіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің осы бұйрықтың 1-қосымшасында айтылған Тізімге сәйкес күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты жолдасын:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігіне мәлімет үшін;
      2) Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитетінің Төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасын
      Бас Прокуроры                                А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының  
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 116 бұйрығына   
1-қосымша       

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жоюға тиісті кейбір нормативтік құқықтық актілерінің
ТІЗІМІ

      1. «Статистикалық есептерді беру мерзімдері және қол қою тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2001 жылғы 14 мамырдағы № 71 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1565 тіркелген);
      2. «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2001 жылғы 14 мамырдағы «Статистикалық есептерді беру мерзімдері және қол қою тәртібі туралы» № 71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 23 наурыздағы № 17 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2801 тіркелген);
      3. «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2001 жылғы 14 мамырдағы «Статистикалық есептерді беру мерзімдері және қол қою тәртібі туралы» № 71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 4 тамыздағы № 41 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5762 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады