Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 66, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 29 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 19 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мынадай:
      1) «Ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің Қазақстан Республикасының шекара арқылы өткізу бекеттеріндегі шетел азаматтарының заңсыз қоныс аударуының жолын кесу жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастырудың тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 293, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 65, Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 420 (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 12255 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің 2002 жылғы № 31, 653-бетінде жарияланған);
      2) «Ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің Қазақстан Республикасының шекара арқылы өткізу бекеттеріндегі шетел азаматтарының заңсыз қоныс аударуының жолын кесу жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастырудың тәртібі жөніндегі нұскаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 65, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 293, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 420 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 26506) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 7 қаңтардағы № 11, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 406, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 2013 бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов) бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                   Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
                                       Төрағасы
      ___________ Б.Сұлтанов           ____________________ Н.Әбіқаев

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ___________ Қ.Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады