"Ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің Қазақстан Республикасының шекара арқылы өткізу бекеттеріндегі шетел азаматтарының заңсыз қоныс аударуының жолын кесу жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастырудың тәртібі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі N 293, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 23 сәуірдегі N 65, Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі N 420 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1862. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 66, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 29 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 19 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 04.02.2015 № 66, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 25.04.2015 № 29 және ҚР Ішкі істер министрінің 13.01.2015 № 19 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың және Нұсқаулықтың барлық мәтіні бойынша  "Мемлекеттік кіріс министрлігі", "Мемлекеттік кіріс  министрлігінің", "МКМ", "Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің", "Кедендік басқармалары" деген сөздерін тиісінше "Қаржы министрлігі", "ҚМ", "Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің Кедендік бақылау комитеті", "Кедендік бақылау департаменттері" деген сөздермен ауыстырылды;
      "Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің Кедендік бақылау және кедендік режимдерді ұйымдастыру бас басқармасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Контрабандаға қарсы күрес жөніндегі басқармасына" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 213, ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 7 қаңтардағы N 11, ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 406 бірлескен бұйрығымен.

      Ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Қаржы министрлігі Кеден органдарының мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттеріндегі өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫЗ
      1. Қоса беріліп отырған "Ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының шекара арқылы өткізу бекеттеріндегі шетел азаматтарының заңсыз қоныс аударуының жолын кесу жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастырудың тәртібі туралы" нұсқаулық бекітілсін. 
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аймақтық басқармаларының, шекара отрядтарының және шекаралық бақылау отрядтарының бастықтары, Астана, Алматы қалалары Ішкі істер бас басқармасының, облыстардағы Ішкі істер бас басқармасының-Ішкі істер басқармасының, көліктегі Ішкі істер басқармасы, көші-қон полиция бекеттерінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Астана, Алматы қалалары мен облыстық Кедендік бақылау департаменттері, кедендер мен кеден бекеттерінің бастықтары бір айлық мерзімде өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлесін және оларды жоғары тұрған инстанцияларға бекітуге ұсынсын. 
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полиция департаментіне, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Бас штабына, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Контрабандаға қарсы күрес жөніндегі басқармасына жүктелсін. 
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік кіріс министрі   

Қазақстан Республикасының  
Ішкі істер министрінің    
2002.04.29. N 293,      
Қазақстан Республикасы    
Ұлттық қауіпсіздік      
комитеті төрағасының     
2002.04.23. N 65,      
Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік кіріс министрінің
2002.04.10. N 420     
бұйрықтарымен бекітілді  

  Ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының
шекара арқылы өткізу бекеттеріндегі шетел азаматтарының
заңсыз қоныс аударуының жолын кесу жөніндегі
өзара іс-қимылын ұйымдастырудың тәртібі туралы 
НҰСҚАУЛЫҚ 

  1. Жалпы ережелер

        Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына, 13 қаңтар 1993 жылғы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы", 20 шілде 1995 жылғы "Қазақстан Республикасындағы кедендік ісі туралы", 15 қыркүйек 1994 жылғы "Жедел-іздестіру қызметі туралы", 13 желтоқсан 1997 жылғы "Халықтың көші-қоны туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) Шекара қызметінің және Қаржы министрлігі (бұдан әрі - ҚМ) кеден органдарының өзара іс-қимылының мақсаттарын, қағидаттарын, негізгі бағыттарын, оларды ұйымдастыру мен қолдаудың тәртібін айқындайды. Қараңыз.K100296

      1. Ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті өзара іс-қимыл жасаудағы мақсаттары: 
      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараға (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының шекарасы) қабаттас келетін мемлекеттік және кедендік шекаралардағы саяси мүдделерді қорғау; 
      2) шетел азаматтарының заңсыз келуі, Қазақстан Республикасында болуы фактілерінің алдын алу мен жолын кесу, Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы заңсыз қоныс аудару және басқа да құқыққа қарсы жасалатын әрекеттердің жолын кесу жөніндегі ұйымдастырушылық және практикалық шараларды жүзеге асыруда келісімге қол жеткізу; 
      3) Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу кезінде ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті іс-қимылын үйлестіру; 
      4) өздеріне жүктелген міндеттер мен шетел азаматтарының шекара арқылы заңсыз қоныс аудару әрекеттерінің жолын кесу функцияларын орындау кезінде ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті күші мен құралдарының кешенді және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. 

      2. Ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінің және Қазақстан Республикасы ҚМ Кедендік бақылау комитеті өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының шекарасын қорғау аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің үйлестіру рөлі, Қазақстан Республикасының шекара бойындағы кедендік бақылауды ұйымдастыру аясында - Қазақстан Республикасы кеден органдарының үйлестіру рөлі арқылы ұйымдастырылады. 
      Шекаралық бақылау органдары болмаған жағдайда шекараны қорғаудағы үйлестіру рөлі "Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кіруін және Қазақстан Республикасынан шығуын бақылау жөніндегі келісілген шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының ҰҚК мен Ішкіісминінің 2000 жылғы 24 қаңтардағы N 2/36 бірлескен бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жүктеледі. 

      3. Аталған өзара іс-қимыл жасауға: 
      1) жағдай өзгерген кезде күш-құралдар әрекеттерінің әртүрлі варианттарын келісу, өзара іс-қимыл жоспарларын уақытылы әзірлеу және шекара арқылы өткізу бекеттерінде жағдайлар пайда болған кезде оларды нақтылап отыру жолымен міндеттерді шешу; 
      2) шекарадан өткізу бекеттеріндегі жағдай туралы ақпаратпен өзара алмасу жөнінде тұрақты байланысты ұйымдастыру және қалыптастыру; 
      3) тиісті басқару органдары мен лауазымды адамдар арасында тұрақты байланысты сақтау; 
      4) міндеттерді бірлесіп орындау кезінде іс-қимылдардың келісілген тәртібі дәлме-дәл орындалуын бақылау арқылы қол жеткізіледі. 

      4. Ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті өзара іс-қимылды ұйымдастыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: 
      1) заңдылықты қатаң сақтау; 
      2) барлық деңгейде үздіксіз өзара іс-қимыл; 
      3) күш-жігерді неғұрлым күрделі және жауапты міндеттерді шешуге жұмылдыру; 
      4) бірлескен жоспарларды іске асырудағы жеделдік пен жауапкершілік; 
      5) функцияларды дәлме-дәл бөлу. 

      5. Қазақстан Республикасының шекарасында бірлескен міндеттерді орындау кезіндегі ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасының Шекара қызметі мен кеден органдары арасындағы өзара ақпарат беру мынадай бағыттар және кезеңдер бойынша жүзеге асырылады: 
      1) жедел ақпарат (кезекшілік қызметтерінің желілері бойынша кез келген байланыс құралдарын пайдалану арқылы және ауызша хабарлау сәтінен бастап 2 сағаттан кешіктірілмей дереу жіберіледі, жазбаша түрде расталады): 
      шекаралас мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасының шекарасындағы жағдайды тұрақсыздандыратын дағдарысты ахуалды тудыратын алғы шарттар туралы; 
      шекаралас мемлекеттердің сыртқы, ішкі саяси және экономикалық акциялары, олардың аумағындағы Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне әсер ететін және Қазақстан Республикасының тиісті құрылымдарының дереу ден қоюын талап ететін өзге де фактілер, оқиғалар туралы; 
      қаруларды, оқ-дәрілерді, есірткілерді, жарылғыш, радиоактивті, уландырғыш және психотроптық заттарды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және халықаралық келісімдермен тыйым салынған басқа да заттар мен жүктерді Қазақстан Республикасының шекарасы және оның аумағы арқылы заңсыз өткізудің дайындалып жатқандығы (жүзеге асырылғандығы) туралы, сондай-ақ шекарада контрабандашылар мен заңсыз қоныс аударушылар қолданатын арналар, әдістер, құралдар мен қулықтар туралы; 
      Қазақстан Республикасының шекарасында пайда болуы мүмкін, іздеу жарияланған және Қазақстан Республикасының шекарасын бұзу ниеті бар, халықаралық есірткі бизнесіне, терроризмге және басқа да халықаралық қылмыс түрлеріне қатысы бар адамдар (топтар) туралы. Анықталған және ұсталған заңсыз қоныс аударушылар туралы және оларға қатысты қабылданған шаралар туралы (анықталған деректер, баратын мемлекеті, сапарының бағыты және мәлімдеген мақсаты, өткізу бекеті, жеке немесе топтың құрамында өтуі, оның ішінде заңсыз қоныс аударушылар қолданатын, келетін және транзиттік визаларды, шақыруларды, лицензияларды алу тәсілдері, әдістері және т.б.); 
      адамдар шекарадан заңсыз өту үшін пайдаланатын жасанды және ұрланған құжаттар, шекарадан өткізу бекеттерінен тыс заңсыз өту (бұзып өту) фактілері туралы; 
      материалдық және мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасының шекарасынан транзит арқылы заңсыз өткізудің дайындалып жатқандығы (әрекеті), сондай-ақ бұл ретте қолданылатын арналар мен әдістер туралы. 
      2) күн сайынғы ақпарат (кезекші қызметтер арқылы жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 9.00-ге дейін ауызша беріледі):
      шекарада және шекарадан өткізу бекеттеріндегі жағдайдың тәулік бойындағы өзгерістері туралы;
      3) айлық ақпарат (ағымдағы айдың 28-нен келесі айдың 5-не дейінгі кезеңде жазбаша жіберіледі):
      шекарадағы және өткізу бекеттеріндегі өткен айдағы жағдай бойынша ақпарат;
      қызметі ұлтаралық жанжалдарды тұтатуды мақсат ететін ұйымдар мен топтар туралы;
      Қазақстан Республикасының шекарасын бұзушылардың іс-қимыл тактикасындағы жаңа элементтер туралы;
      мемлекетке саяси, экономикалық және өзге де нұқсан келтіретін шекара арқылы жасалған құқыққа қарсы әрекет туралы;
      шекараны қорғаудың жаңа тәсілдері, нысандары мен әдістері, өзара іс-қимыл жасаушы органдардың қызметтік жұмыстарының басқа да міндеттерін шешу және Қазақстан Республикасының шекарасын бұзушыларды, контрабанданы ұстаудың неғұрлым ерекшеленетін мысалдары туралы. 
      4) Жазбаша ақпарат (алдын ала жіберіледі): 
      шекарадан өту үшін құжаттардың жаңа үлгілерінің айналымға енгізілуі, оларды ресімдеу тәртібіндегі өзгерістер, уақыты көрсетілетін мөртаңбалардың жаңа түрлері және шетелге шығатын жоғалған немесе ұрланған қорғаныс құралдары туралы; 
      шетел азаматтарын шығарып жіберу жөнінде қабылданған (жоспарланған) әкімшілік шаралар (қайда, қашан және қай уақытта, қанша адам) туралы; 
      өткізу бекеттерінде ұсталған және ішкі істер органдарына тапсырылған, әрекеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің қолданысына жататын адамдарға қатысты (жеке жіберіледі). 
      5) Біртұтас деректер банкін толықтыруға арналған ақпараттық анықтамалық материалдар (жартыжылда бір рет жіберіледі): 
      әскери-қызметтік іс-әрекеттің өзара мүдделілік тудыратын мәселелері бойынша шолулар, нұсқаулар және басқа да оқу-әдістемелік материалдар.

  2. Өзара іс-қимыл жасаудың негізгі бағыттары 

      6. Қазақстан Республикасы ҰҚК-ның Шекара қызметі бөлімшелерінің, ішкі істер органдарының көші-қон полициясы және кеден органдарының шекара арқылы өткізу бекеттеріндегі өзара іс-қимылы Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдері командирлерінің, Астана, Алматы қалалары Ішкі істер Бас басқармасының, облыстардағы Ішкі істер Бас басқармасы-Ішкі істер басқармасы, көліктегі Ішкі істер басқармасының және Астана, Алматы қалалары мен облыстар бойынша Кедендік бақылау департаменттері бастықтарының қатысуымен және жетекшілік етуімен әзірленетін өзара іс-қимыл жоспарларының негізінде ұйымдастырылады. 

      7. Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, ішкі істер органдарының көші-қон полициясы және кеден органдарының шекара арқылы өткізу бекеттерінде өзара іс-қимыл жасаудың негізгі бағыттары: 
      1) осы Нұсқаулыққа сәйкес өзара ақпараттық қамтамасыз ету; 
      2) өзара іс-қимыл жасаушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 
      3) мемлекеттік шекара режимін, шекара арқылы өткізу бекеттеріндегі режимді және кедендік бақылау аймақтарындағы режимді қалыптастыру жөніндегі бірлескен шараларды жүзеге асыру; 
      4) шекарадан өту кезінде бақылау жасаудың нысандары мен тәсілдерін жетілдіру; 
      5) Қазақстан Республикасы шекарасының жекелеген бағыттарында және учаскелерінде өзара іс-қимыл жасаушы органдардың жекелеген міндеттер мен функцияларды өзара көмек ретінде келісе отырып орындауы; 
      6) жасырын қоныс аударудың, өткізу бекеттерінен тыс шекарадан заңсыз өтудің, тыйым салынған тауарларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу мен контрабандалау арналарын бірлесіп анықтау және олардың жолын кесу, ұсталған адамдарға қатысты қабылданған шаралар туралы өзара ақпарат беру; 
      7) терроризмге, заңсыз қоныс аударуға, қарудың, радиоактивті заттардың заңсыз айналымына, есірткі бизнесі мен контрабандаға қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың бағыттарын келісу; 
      8) Шекара қызметі жедел органдарының, көші-қон полициясы мен кеденнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша анықтау жүргізу, қылмыстар туралы істер бойынша бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу; 
      9) шекарада және одан өткізу бекеттерде төтенше, арандатушылық және даулы жағдайларды болдырмау және оқшаулау жөнінде бірлескен іс-қимылдар әзірлеу және жүзеге асыру; 
      10) Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу бекеттерін  жайластыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру, Шекара қызметінің әскери қызметшілері, кеден органдарының, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау. 

  3. Өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру

        8. Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің Шекара қызметі бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кеден органдары өзара іс-қимылы мынадай деңгейлерде ұйымдастырылады: 
      1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті; 
      2) Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінің аймақтық басқармасы, орталық бағыныстағы шекаралық бөлім - облыстағы Ішкі істер Бас басқармасы - облыс бойынша Кедендік бақылау департаменті; 
      3) Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінің шекаралық отряды, шекаралық бақылау отряды, жеке бақылау-өткізу пункті - қалалық, аудандық ішкі істер органы - Кедендік бақылау департаменті (кеден); 
      4) шекаралық бақылау бөлімі (бөлімшесі) - көші-қондық бақылау бекеті (пункті) - кеден бекеті; 
      5) шекаралық нарядтар ауысымының аға қызметкері - көші-қондық бақылау бекетінің (пунктінің) аға қызметкері - кеден (кеден бекетінің) бастығы. 

      9. Өткізу пунктінде өзара іс-қимыл жасау кезінде Шекаралық қызмет, көші-қон полициясы мен Кедендік бақылау комитеті құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары: 
      1) шекарадағы, өткізу пунктіндегі жағдайлар бойынша деректермен алмасуға, өзара мүдделі ақпаратты беріп тұруға; 
      2) Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өтетін адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді ресімдеудің бірлескен технологиясын әзірлеуге; 
      3) қызметтік іс-әрекеттердің нәтижелері туралы статистикалық мәліметтерді өздерінің арасында анықтауға; 
      4) жедел, арнайы және жауынгерлік дайындық бойынша бірлескен іс-шараларды жоспарлауға және өткізуге; 
      5) жедел-әскери (жедел-іздестіру) операциялар мен іс-шараларға қатысу үшін жағдай бойынша іс-қимылдар жоспарына сәйкес қажетті күштер мен құралдарды бөлуге. "Мемлекеттік шекараның оңтүстік және батыс учаскелеріндегі елді мекендерде бірлесіп патрульдеуді ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2001 жылғы 15 ақпандағы N 138, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2001 жылғы 21 ақпандағы N 19, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті 2001 жылғы 23 ақпандағы N 65 бірлескен бұйрықтарына сәйкес шекаралас аудандардағы елді мекендерде бірлескен патрульдеуді ұйымдастыруға; 
      6) шекараны, өткізу пункттерінің режимін бұзып ұсталғандарды, заңсыз қоныс аударушыларды, кеден заңнамасын бұзушыларды, контрабанда заттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткізуге жатпайтын тауарлар мен көлік құралдарын белгіленген тәртіппен алмасуға; 
      7) бірлескен кеңестер өткізуге, жедел (жұмыс) топтар құруға міндетті. 

      10. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті басшылығы осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көрсетілген өкілеттіктерден басқа өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру және қолдау мүддесінде: 
      1) мемлекеттік шекарада екінші өзара іс-қимыл жасаушы тараппен бақыланатын жекелеген бағыттар мен учаскелерді айқындауға; 
      2) Алқалардың, Кеңестердің бірлескен отырыстарын, сондай-ақ жедел-қызметтік кеңестер өткізуге; 
      3) ақпарат алмасу, біртұтас деректер банкін пайдалану, шекараны және өткізу бекеттері режимін бұзып ұсталғандарды, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, есірткі, улы заттарды, контрабанда бұйымдарын қабылдау-тапсыру, сондай-ақ қызметтік іс-әрекеттің басқа да мәселелері бойынша бірлескен бұйрықтар, жоспарлар, нұсқаулықтар, тәлімдемелер мен басшылық құжаттар шығаруға;
      4) нақты міндеттерді шешу және жергілікті жерлерде практикалық көмек көрсету үшін Ішкі істер министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті өкілдерінен бірлескен жедел (жұмысшы) топтар құруға құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады