Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 13 ақпандағы № 2/256 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың:
      1) «Сайлау заңдарының бұзылғандығы жөнінде азаматтардың өтініштерін сайлау комиссияларында қарау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 13/206 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 836 болып тіркелген) қаулысының;
      2) «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 23/251 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10060 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
      3. Осы қаулы оның қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           Қ. Тұрғанқұлов

      Хатшы                                            Б. Мелдешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады