"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын жұмыстар тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 431 бұйрықтың күші жойылды ден тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 497 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеуге жататын жұмыстар тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 431 бұйрығының {нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5354 болып тіркелген, 2008 жылы 3 желтоқсандағы № 184 (1584) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін осы бұйрық туралы заңнамада белгіленген тәртіпте хабардар етсін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын және оны мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                             Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады