"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Парламентінің 1996 жылғы 20 мамырдағы № 2-І ҚРП Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 6-7, 227-құжат) осы Қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің
Төрағасы Н.НЫҒМАТУЛИН
Қазақстан Республикасы
Парламентінің
2012 жылғы 22 маусымдағы
№ 4-V ҚРП Қаулысына
Қосымша
1) 1-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Парламент сессиясы оның Палаталарының бірлескен және бөлек Парламенттің бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады.»;
2) 2-тармақтың бірінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Парламенттің сессиясын, әдетте, Республика Президенті ашады, ал ол болмаған кезде Мәжіліс Төрағасы ашады.»;
3) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тармақ. Парламенттің кезекті сессияларын Мәжіліс Төрағасы шақырады және олар жылына бір рет, қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен бастап маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі.
Парламент сессиясының ашылатын күні, уақыты және орны туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады.»;
4) 4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер парламенттік каникул Парламенттің кезектен тыс сессиясы шақырылуына байланысты үзілсе, ол кезектен тыс сессияның жұмысы аяқталғаннан кейін қайта басталып, парламенттік каникул мерзімі біткенге дейін жалғастырылады.»;
5) 1-тараудың тақырыбындағы, 101, 102, 110, 132, 133-тармақтардағы «Парламенттің жалпы отырыстары», «Парламенттің немесе Палатаның жалпы отырысында», «Парламенттің немесе оның Палатасының жалпы отырысында», «Парламенттің немесе Палатаның жалпы отырысына», «Парламенттің жалпы отырыстарында», «Парламент пен оның органдарының отырыстарында», «Парламенттің жалпы отырысында», «Парламенттің жалпы отырысында бекітуге» деген сөздер «Парламент Палаталарының бірлескен отырыстары», «Парламент Палаталарының бірлескен немесе Палатаның бөлек отырысында», «Парламент Палаталарының бірлескен немесе Палатаның бөлек отырысында», «Парламент Палаталарының бірлескен немесе Палатаның бөлек отырысына», «Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында», «Парламент Палаталарының бірлескен және оның органдарының отырыстарында», «Парламент Палаталарының бірлескен отырысында», «Палаталардың жалпы отырысында Парламенттің бекітуіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 5-тармақта:
бірінші бөлікте:
«Парламенттің жалпы отырысын» деген сөздер «Парламент Палаталарының бірлескен отырысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«егер заңда өзге мерзімдер белгіленбесе, ол өткізілетін күннен жеті күн бұрын Палаталардың депутаттарына хабарлай отырып,» деген сөздер «Палаталардың депутаттарына алдын ала хабарлай отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Парламенттің жалпы отырыстары» деген сөздер «Парламент Палаталарының бірлескен отырыстары» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «жалпы отырыс» деген сөздер «Палатаның бірлескен отырысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тармақ. Парламенттің отырысы оған әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда құқықты болады.»;
8) 7-тармақта:
бірінші бөліктің тоғызыншы абзацындағы «отырысының» деген сөз «отырысын өткізудің» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Төрағасының орынбасарына» деген сөздер «Төрағасы орынбасарларының біріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 8-тармақтың үшінші бөлігі «Конституцияда» деген сөзден кейін «және заңнамада» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тармақ. Парламент отырыстарында баяндамалар үшін - отыз минут шегінде, қосымша баяндамалар үшін - жиырма минутке дейін, жарыссөзде сөйлеушілер үшін - он минутке дейін, жарыссөзде қайтадан сөйлеу кезінде - бес минутке дейін, депутаттық сауалдарын жария ету үшін - бес минутке дейін, кандидатураларды талқылау кезінде - үш минутке дейін, рәсімдік мәселелер бойынша сөз сөйлеу үшін, анықтамалар беру мен сұрақтар қою үшін - екі минутке дейін уақыт беріледі. Сұрақтарға жауап қайтару үшін - бір сағаттан аспайтын, ал жарыссөзге бір жарым сағатқа дейін уақыт бөлінеді. Жарыссөз тоқтатылғаннан кейін баяндамашы мен қосымша баяндамашының он минут шегінде қорытынды сөз сөйлеуге құқығы бар.»;
11) 10-тармақта:
бірінші бөліктегі «Парламенттің отырыстары» деген сөздер «Парламент Палаталарының бірлескен отырыстары» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«Баяндамалардың» деген сөз «Баяндамалар мен қосымша баяндамалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мәжілістің Редакциялық баспа бөліміне» деген сөздер «Мәжіліс Аппаратына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жалпы отырыс» деген сөздер «Палатаның бірлескен отырысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 11-тармақта:
бірінші бөлікте:
«Палаталар және Палаталардың Бюролары» деген сөздер «Парламент» деген сөзбен ауыстырылсын;
«өздерінің» деген сөз «оның» деген сөзбен ауыстырылсын;
«және оның Палаталарының» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
алтыншы бөліктегі «Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өткізілерден жеті күн бұрын» деген сөздер «алдын-ала» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 15-тармақта:
екінші бөліктің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Талқыланып жатқан мәселе бойынша жарыссөздер уақыттың бітуіне орай не Парламент Палаталарының бірлескен отырысына қатысып отырған әрбір Палата депутаттары санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданған Парламент шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін.»;
үшінші бөліктегі «Мәжілістің Жалпы бөлімі арқылы Парламенттің жалпы отырысының» деген сөздер «Мәжіліс Аппараты арқылы Парламент Палаталарының бірлескен отырысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
16-тармақ. Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президенті өз бастамасы бойынша, Палаталар Төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысы бойынша Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады.
Егер мәселелер Палаталардың бірлескен отырысында қаралуға жататын болса, Республика Президенті өз жарлығымен Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырысын шақырады, соның негізінде отырыс Президент айқындаған мерзім мен тәртіп бойынша өткізіледі.
Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырысын шақыру туралы өзара бастама көтерген кезде Палаталардың Төрағалары Президентке тиісінше жазбаша ұсыныс енгізеді.
Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Президентке тиісінше жазбаша ұсыныс енгізіледі, онда Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырысын өткізу үшін себеп болған мәселе ашып көрсетіледі.
Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырыстарында оларды шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.
Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырысын, әдетте, Республика Президенті ашады, ал ол болмаған жағдайда Мәжіліс Төрағасы ашады.
17-тармақ. Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары мен заңдары, Парламент қаулылары нысанында заңнамалық актілер, сондай-ақ жеке қаулылар қабылдайды.
Парламент пен оның Палаталары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер, заңнамалық сипаты жоқ өзге де актілер қабылдауға құқылы. Оларды қабылдау осы Регламентте және Палаталар Регламенттерінде белгіленген шарттар мен талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.»;
15) мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
17-1-тармақ. Парламент үндеуінің, декларациясының, мәлімдемесінің, заңнамалық сипаты жоқ өзге де актісінің жобасын оған бастамашы болған депутат (депутаттар) Парламенттің тиісті Палатасының Бюросына енгізеді.
Тиісті Палатаның Бюросы бұл мәселені Парламент Палаталары бірлескен отырысының күн тәртібіне енгізу туралы Мәжілістің Төрағасына өтініш жасайды.
Оны Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қараған кезде үндеудің, декларацияның, мәлімдеменің, өзге де актінің жобасын оның бастамашысы жария етеді. Үндеудің, декларацияның, мәлімдеменің, өзге де актінің жобасы бойынша жарыссөз ашылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда Парламент оны пысықтау жөнінде бірлескен комиссия құрады.»;
16) 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18-тармақ. Парламенттің заңнамалық актілері, егер Республика Конституциясында өзгеше көзделмесе, әрбір Палата депутаттары қалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Парламенттің өзге актілері әрбір Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Парламент Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында заңнамалық және өзге де актілерді қабылдаған кезде дауыс беру Палаталар бойынша бөлек өткізіледі. Дауыс беру нәтижелері электрондық таблоға бір мезгілде шығарылуға тиіс.»;
17) 21-тармақта:
«өзінің жалпы отырыстарында», «Парламенттің жалпы отырысында», «Парламенттің келесі жалпы отырысына» және «Парламенттің бірлескен отырысы» деген сөздер тиісінше «Палаталардың бірлескен отырыстарында», «Парламент Палаталарының бірлескен отырысында», «Парламент Палаталарының келесі бірлескен отырысына» және «Парламент Палаталарының бірлескен отырысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Парламенттің бұрын қабылданған шешімдерінің күшін жою, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу солар қабылданған кездегідей дауыс беру арқылы жүргізіледі.»;
18) 22-тармақта:
бірінші бөліктегі «жалпы отырысқа қатысып отырған депутаттардың көпшілік даусымен» деген сөздер «Палаталардың бірлескен отырысына қатысып отырған Парламенттің әрбір Палатасы депутаттарының көпшілік даусымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің сегізінші абзацы «қайта дауыс беруді өткізуге» деген сөздердің алдынан «бұрын қабылданған шешімдерге және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 24-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұсыныстардың біреуі қабылданған жағдайда қалған балама ұсыныстар бойынша дауыс беру жүргізілмейді.»;
20) 26-тармақта:
оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жәшікті ашу Санақ комиссиясының барлық мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы он бірінші және он екінші бөліктермен толықтырылсын:
«Санақ комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған Санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Санақ комиссиясының баяндамасы бойынша Парламент ашық дауыс беру арқылы Парламент депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Санақ комиссиясының жасырын дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасын бекітеді.
Өткізілген дауыс беру рәсімінде қателіктер анықталған жағдайда Парламент депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы Парламенттің қабылданған шешімі бойынша қайта дауыс беру жүргізіледі.»;
21) 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28-тармақ. Парламенттің қаулыларына Мәжіліс Төрағасы қол қояды.»;
22) 30-тармақтағы «жобасын» деген сөз алып тасталсын;
23) 31-тармақтың үшінші бөлігінің екінші сөйлемі «жалпы санының» деген сөздерден кейін «кемінде төрттен үшінің» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 4-тарау мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
«32-1-тармақ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайда және тәртіппен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Парламенті әрбір Палата депутаттарының жалпы санының кемінде бестен төртінің көпшілік даусымен қабылдауы мүмкін.»;
25) 5-тарау алып тасталсын;
26) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту тәртібі»;
27) 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39-тармақ. Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту оларды ретімен әуелі - Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылағаннан кейін Палаталардың бірлескен отырысында жүргізіледі.»;
28) 40-тармақтағы «Баптар бойынша» деген сөздер «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 41 және 42-тармақтар алып тасталсын;
30) 43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43-тармақ. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіргенін танытады.»;
31) 7-тарау алып тасталсын;
32) 51-тармақтағы «заң қабылдау арқылы» деген сөздер «Палаталардың бірлескен отырысында» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 9-тарау алып тасталсын;
34) 10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметіне сенімсіздік вотумын білдіру»;
35) 58 және 59-тармақтар алып тасталсын;
36) 60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60-тармақ. Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру Палаталардың бірлескен отырысында:
1) Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Үкіметке сенім білдіру туралы мәселені қойған жағдайда;
2) осы Регламенттің 43-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
37) 61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«61-тармақ. Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Палаталардың бірлескен отырысында Үкіметке сенім білдіру туралы мәселе қоюға құқылы. Бұл мәселе бойынша дауыс беру сенім білдіру туралы мәселе қойылған кезден бастап кемінде қырық сегіз сағат өткен соң өткізіледі.
Егер сенімсіздік вотумы туралы ұсыныс әрбір Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледі. Алайда, Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды.»;
38) 13-тарау алып тасталсын;
39) IV бөлім мынадай мазмұндағы 14-1-тараумен толықтырылсын:
«14-1-тарау. Конституциялық заңдарды қабылдау
69-1-тармақ. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
69-2-тармақ. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы мақұлданған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Сенатқа беріледі. Бұл ретте, Мәжіліс Сенатқа осы Регламенттің 74-тармағында белгіленген материалдарды жібереді.
Конституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс өз депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады.
Қажетті қосымшалары болмаған жағдайда Сенат Аппараты белгіленген талаптарды орындау үшін құжаттарды тіркеместен Мәжіліске қайтарады.
Мәжілістен келіп түскен конституциялық заң жобасы Сенат Аппаратында тіркелген күннен бастап, Парламент сессиялары аралығындағы уақытты есептемегенде, Сенатта күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей қаралады.
Сенат келіп түскен заң жобасын Сенаттың Регламентіне сәйкес қарайды.
69-3-тармақ. Сенат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға айналады және күнтізбелік он күн ішінде Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады.
69-4-тармақ. Егер Сенат өз депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен конституциялық заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізсе, онда Сенат Төрағасы бұл туралы қаулыны, Мәжіліс мақұлдаған жоба редакциясы және түзетулер редакциясы бар салыстырма кестені шешім қабылданған кезден бастап күнтізбелік он төрт күннен аспайтын мерзімде Сенат Аппараты арқылы Мәжіліске қайтарады.
Қайтарылған заң жобасы Мәжіліс Регламентіне сәйкес Мәжілісте қайтадан қаралады.
Егер Мәжіліс өз депутаттарының кемінде үштен екісінің даусымен Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеліп, Мәжіліс Төрағасының қолымен бекемделеді және ол Мәжілістің жалпы отырысында қабылданған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Сенатқа жіберіледі. Мәжілістің Сенат ұсынған өзгерістермен және толықтырулармен келіскені жөнінде Мәжіліс қаулы қабылдайды. Сенат қабылданған конституциялық заң келіп түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны Республика Президентінің қол қоюына жібереді.
Егер Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар бойынша дауыс беру кезінде депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен олармен келіспесе, онда Палаталар арасындағы келіспеушіліктер осы Регламенттің 76-1 - 76-5-тармақтарында белгіленген тәртіппен келісу рәсімдері арқылы шешіледі.»;
40) 70-тармақ алып тасталсын;
41) 71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
71-тармақ. Республика Парламенті депутатының (депутаттарының) тарапынан заң шығару бастамасы жасалған кезде заң жобасы тиісті құжаттарымен Мәжіліс Регламентіне сәйкес қаралады.»;
42) 72-тармақ алып тасталсын;
43) 73-тармақта:
бірінші абзац «Республика» деген сөзден кейін «Президентіне» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жаңа екінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер Мәжіліс заң жобасын қарауға қабылдаса, онда оның мәтіні үш күн мерзімде Сенат депутаттарына танысу үшін жіберіледі.»;
44) 74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«74-тармақ. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң жобасы мақұлданған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Сенатқа беріледі.
Бұл ретте, Мәжіліс Сенатқа мынадай материалдарды:
1) Мәжілістің заң жобасын мақұлдау туралы қаулысын;
2) бастамашысы Мәжіліс Регламентіне сәйкес ұсынған қосымшаларымен қоса бастамашының редакциясындағы заң жобасын;
3) Мәжіліс мақұлдаған редакциядағы заң жобасын;
4) Мәжіліс отырысының стенограммасын;
5) құқықтық нормалардың бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесін;
6) заң жобасына Мәжіліс депутаттары енгізген және мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін түзетулер бойынша Үкіметтен алынған қорытындыларды;
7) ілеспе хатты жібереді.
Осы тармақтың екінші бөлігінде санамалап көрсетілген материалдар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Халықаралық шартты ратификациялау немесе денонсациялау туралы заң жобасы жіберілген кезде, заң жобасымен бірге халықаралық шарттың және оған қосымшаның тиісті уәкілетті орган куәландырған көшірмесі ұсынылады.
Қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі мәтініне қол қойылмаған халықаралық шартты ратификациялаған немесе денонсациялаған жағдайда заң жобасымен бірге оның аталған тілдерге аударылған, тиісті уәкілетті орган куәландырған тең түпнұсқалы аудармасы қоса беріледі.
Қажетті қосымшалар болмаған жағдайда Сенат Аппараты белгіленген талаптарды орындау үшін құжаттарды тіркеместен Мәжіліске қайтарады.
Мәжілістен келіп түскен заң жобасы Сенат Аппаратында тіркелген күннен бастап, Парламент сессиялары аралығындағы уақытты есептемегенде, Сенатта күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей қаралады.
Сенат келіп түскен заң жобасын Сенаттың Регламентіне сәйкес қарайды.»;
45) 75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«75-тармақ. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған жоба заңға айналады және күнтізбелік он күннің ішінде Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады.»;
46) мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:
«75-1-тармақ. Сенат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен тұтастай қабылданбаған жобаны Сенат Төрағасы шешім қабылданған кезден бастап күнтізбелік он екі күн ішінде Сенаттың қаулысымен, қабылдамаудың дәлелді негіздемесімен және Сенат отырысының стенограммасымен бірге Сенат Аппараты арқылы Мәжіліске қайтарады.
Қайтарылған заң жобасы Мәжіліс Регламентіне сәйкес Мәжілісте қайтадан қаралады.
Егер Мәжіліс депутаттардың жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен жобаны қайта мақұлдаса, ол қайтадан талқылап, дауыс беру үшін Сенатқа беріледі.
Егер Мәжіліс депутаттардың осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген дауыс санын жинай алмаса, заң жобасы қосымша дауысқа салынбай, қабылданбады деп есептеледі және жалпы отырыс өткізілген кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде бастамашысына қайтарылады.
Сенат заң жобасы бойынша қайтадан талқылап, дауыс беруді Сенаттың Регламентіне сәйкес жүргізеді.
Сенат қайтадан қабылдамай тастаған заң жобасын сол сессия ішінде қайта енгізуге болмайды.»:
47) 76-тармақ алып тасталсын;
48) мынадай мазмұндағы 76-1, 76-2, 76-3, 76-4, 76-5-тармақтармен толықтырылсын:
«76-1-тармақ. Егер Сенат депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізсе, онда Сенат бұл туралы қаулыны Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының редакциясы және баптардың жаңа редакциясының салыстырма кестесі және стенограммамен бірге шешім қабылданған кезден бастап күнтізбелік он төрт күннен аспайтын мерзімде Сенат Аппараты арқылы мәжіліске қайтарады.
Қайтарылған заң жобасы Мәжіліс Регламентіне сәйкес Мәжілісте қайтадан қаралады.
Егер Мәжіліс депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ұсынылған өзгерістермен және толықтырулармен келіссе, заң қабылданды деп есептеліп, Мәжіліс Төрағасының қолымен бекемделеді және Мәжілістің жалпы отырысында қабылданған күннен бастап бес күн ішінде Сенатқа жіберіледі. Сенат ұсынған өзгерістер мен толықтыруларға Мәжілістің келіскені туралы Мәжіліс қаулы қабылдайды. Сенат қабылданған заң келіп түскен күннен бастап бес күн ішінде оны Республика Президентіне қол қоюға жібереді.
76-2-тармақ. Егер Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларға Мәжіліс сондай көпшілік дауыспен қарсылық білдірсе, онда Парламент Палаталарының арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Туындаған келіспеушіліктерді еңсеру үшін Мәжіліс пен Сенат әрбір Палатадан саны теңдей депутаттардың қатысуымен келісім комиссиясын құрады. Келісім комиссиясының жұмысына заң шығару бастамасы құқығының субъектісі (ол уәкілеттік берген адам) кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
Палаталар келісім комиссиясының мүшелерін сайлауды Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен дербес жүзеге асырады.
Келісім комиссиясының мүшелері өз құрамынан комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды.
Палаталар арасындағы келіспеушіліктерді туындатқан Сенаттың өзгерістері мен толықтыруларын қарау жөніндегі келісім комиссиясының төрағасын сайлауды алдыңғы отырыстағы Палата өкілінің төрағалық ету кезектілігін ескере отырып, комиссия мүшелері бірінші отырыста жүзеге асырады.
Келісім комиссиясы тиісті заң жобасының бірыңғай мәтінін жасауға ұмтыла отырып, заң жобасының Сенат пен Мәжіліс арасындағы келіспеушіліктерді туындатқан ережелерін ғана қарайды.
Келісім комиссиясының жұмысына Парламент депутаттары кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісім комиссиясының шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. «Жақтап» не «қарсы» берілген дауыстар саны тең мөлшерде болған жағдайда, комиссия төрағасының даусы шешуші болып есептеледі.
Жұмыс нәтижелері бойынша келісім комиссиясы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі ұсыныстар қамтылған қаулы қабылдайды, ол Мәжіліс Бюросы арқылы Мәжілістің жалпы отырысының қарауына енгізіледі.
Өзгерістер енгізілген заң жобасы баптарының салыстырма кестесі келісім комиссиясының қаулысына қоса беріледі.
76-3-тармақ. Мәжіліс заң жобасын қайтадан қараған кезде келісім комиссиясының қаулысында қамтылған ұсыныстар ғана талқыланады.
Мәжіліс осы ұсыныстардың шегінен шығатын ешбір түзетуді қарамайды.
Мәжіліс келісім комиссиясының ұсыныстары бойынша Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен шешім қабылдайды.
Мәжіліс келісім комиссиясының ұсыныстарымен келісуі немесе келіспеуі мүмкін.
Егер Мәжіліс заң жобасын келісім комиссиясының редакциясында депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мақұлдаса немесе Мәжіліс бұрын қабылдаған редакцияда заң жобасын көпшілік дауыспен қайта мақұлдаса, онда тиісті қаулы қабылданып, ол келісім комиссиясының материалдарымен бірге жалпы отырыс өткізілген кезден бастап күнтізбелік жеті күн ішінде Сенатқа жіберіледі.
76-4-тармақ. Сенат келісім комиссиясының ұсыныстары және Мәжілістің шешімі бойынша Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен шешім қабылдайды.
Сенат келісім комиссиясының ұсыныстарымен және Мәжілістің шешімімен келісуі немесе келіспеуі мүмкін.
Сенат келіскен жағдайда заң жобасы заңға айналады және күнтізбелік он күн ішінде Президентке қол қоюға ұсынылады.
76-5-тармақ. Палаталардың бірі келісім комиссиясының ұсыныстарымен келіспеген жағдайда, Палаталар өз Регламенттеріне сәйкес келісім комиссияларының жаңа құрамын сайлайды және Сенат пен Мәжіліс мақұлдайтын шешім шығару үшін қайтадан келісу рәсімдерін өткізеді.»;
49) 77-тармақ алып тасталсын;
50) 16-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«16-тарау. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылау
78-тармақ. Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелерді ретімен әуелі - Мәжілісте, содан кейін Сенатта қарау арқылы Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды.
Парламент Мәжілісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің қаралуы туралы есебімен бірге талқылайды.
Бұл мәселелерді талқылау мынадай баяндамаларды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған елдегі салық бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;
бас комитет өкілінің қосымша баяндамасын қамтиды.
Әрбір сөз сөйлеушінің баяндамасы Мәжіліс Регламентіне сәйкес талқылануға тиіс.
Талқылау қорытындылары бойынша Мәжіліс есептер бойынша қосымша баяндама жасау тапсырылған комитетті және Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Мәжілістің атынан сөз сөйлеу тапсырылған депутатты көрсете отырып, қаулы қабылдайды және оны Сенатқа жібереді.
Сенатта Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылаудың сәйкес рәсімдерінен кейін Сенат қаулы қабылдайды, онда есептер бойынша қосымша баяндама жасау тапсырылған Палата комитеті және Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Сенаттың атынан сөз сөйлеу тапсырылған депутат көрсетіліп, осы қаулыны Мәжіліске жібереді.
Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде және Сенатында талқыланғаннан кейін осы Регламенттің 6-тарауында белгіленген тәртіппен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.»;
51) мынадай мазмұндағы 16-1 және 16-2-тараулармен толықтырылсын:
«16-1-тарау. Республика Парламентінің Республика Президентінің қарсылықтарын қарауы
78-1-тармақ. Республика Президентінің қарсылықтарын туындатқан заңдар немесе заң баптары бойынша Парламент қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайтадан талқылау мен дауыс беруді жүргізеді. Осы мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді.
78-2-тармақ. Мәжіліс Төрағасы Республика Президентінің қарсылықтарымен қайтарылған заңды немесе оның баптарын Республика Президенті өкілінің қатысуымен, оларды қарау үшін Мәжілістің тиісті тұрақты комитетіне жібереді. Мәжілістің тиісті тұрақты комитеті қорытынды әзірлегеннен кейін Республика Президентінің қарсылықтарымен қайтарылған заң немесе оның баптары Палатаның шешім шығаруы үшін Мәжілістің жалпы отырысына шығарылады.
Қарсылықтарды Мәжілісте қарау барысында Республика Президенті депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, өзі қарсылықтарында ұсынған заң редакциясын тұтастай не оның жекелеген тиісті баптарын өзгертуге құқылы.
78-3-тармақ. Егер Мәжіліс дауыс беру қорытындылары нәтижесінде заң бойынша Парламент бұрын қабылдаған шешімді растамайтын болса, онда Президент қарсылықтарын Парламент Палаталарының одан әрі қарауы тоқтатылады және заң қабылданбады деп немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.
Егер Мәжіліс Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен заң бойынша бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, онда заң Президент қарсылықтарымен бірге одан әрі қарау үшін Сенатқа беріледі.
78-4-тармақ. Сенаттың тиісті тұрақты комитеті қорытынды әзірлегеннен кейін заң немесе оның баптары Мемлекет басшысының қарсылықтарымен бірге Сенаттың жалпы отырысына шығарылады. Егер Сенат дауыс беру қорытындылары нәтижесінде заң бойынша Парламент бұрын қабылдаған шешімді растамайтын болса, онда заң қабылданбады деп немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.
Егер Сенат Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен заң бойынша бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, онда Президенттің заң бойынша қарсылықтары еңсерілді деп есептеледі. Мұндай жағдайда, заң немесе тиісінше оның баптары Парламент бірінші рет қабылдаған редакциясында қабылданды деп есептеледі және Президент осы заңға ол қол қоюға ұсынылған кезден бастап бір ай ішінде қол қояды.
78-5-тармақ. Парламент Палаталарының отырыстарында заң ңемесе оның жекелеген баптары қайтадан талқыланып, дауыс берілген жағдайда, егер Президенттің қарсылықтары тұтастай заңға туындаған болса, тұтастай заң бойынша не Республика Президентінің қарсылықтарын туындатқан баптар бойынша дауыс беру өткізіледі.
78-7-тармақ. Егер Республика Президентінің қарсылықтары Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға енгізілген болса, онда мұндай жағдайда, қарсылықтар заңдарға қарсылықтарды қарау үшін көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте, Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылықтарын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді.
78-8-тармақ. Парламент Палаталарының әрқайсысының Президенттің қарсылықтарын қарау мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.
16-2-тарау. Республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтеру
78-9-тармақ. Республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтеруді Парламент мәселелерді ретімен әуелі - Мәжілісте, содан кейін Сенатта қарау арқылы Палаталардың бөлек отырысында жүзеге асырады.
78-10-тармақ. Мәжіліс республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтеру туралы мәселені Палатаның отырысында қарайды және ол Парламент Сенатына жіберілетін тиісті қаулымен ресімделеді.
78-11-тармақ. Республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтеруді Сенат осы мәселені Мәжіліс қарағаннан кейін Палатаның отырысында жүзеге асырады және ол қаулымен ресімделеді.
Парламент Палаталары қабылдаған республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтеру жөніндегі қаулы күнтізбелік үш күннің ішінде Республика Президентінің қарауына беріледі.
78-12-тармақ. Парламент республикалық референдум тағайындау туралы бастаманы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша көтеруі мүмкін.
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы, егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламенттің шешімі осы Регламенттің 4-тарауында белгіленген тәртіппен қабылданады.
Егер Республика Президенті Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаса, онда Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемінде бестен төртінің көпшілік даусымен Парламент осы өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға енгізу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда, Республика Президенті осы заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады, егер республикалық референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілді деп есептеледі.»;
52) 17-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«17-тарау. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымы мәселелерін шешу
79-тармақ. Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы мәселелерін шешу тәртібін заң қабылдау арқылы белгілейді.»;
53) 82-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Республика Президентіне тиісті ұсыныс енгізіледі.»;
54) 19-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. Мемлекеттік қарыздар және Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешу
83-тармақ. Қазақстан Республикасының Парламенті мемлекеттік қарыздар және Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешуді заң қабылдау арқылы жүзеге асырады.»;
55) 20 және 21-тараулар мынадай редакцияда жазылсын:
«20-тарау. Рақымшылық жасау мәселелерін шешу
84-тармақ. Қазақстан Республикасының Парламенті рақымшылық жасау мәселелерін шешуді заң қабылдау арқылы жүзеге асырады.
21-тарау. Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялау және денонсациялау
86-тармақ. Қазақстан Республикасының Парламенті Республиканың халықаралық шарттарын заңдарды қабылдау арқылы ратификациялайды және денонсациялайды.»;
56) 95-тармақта:
3) тармақшадағы «Парламент» деген сөз «Парламент Палаталары» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшадағы «Республиканың заңдарына, Парламент пен Палата Регламенттеріне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, осы Регламентке және Парламент Палатасының регламентіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
57) 96-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
58) 105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«105-тармақ. Депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Регламенттеріне сәйкес Республиканың кез келген өңіріне немесе одан тыс жерлерге іссапарға бара алады. Бұл ретте, депутаттарды іссапарға жіберу Парламент Палаталары мен оның органдарының бірлескен және бөлек отырыстарының кворумына әсер етпеуге тиіс»;
59) 110-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Депутат Палатаның отырысында немесе Палаталардың бірлескен отырысында болмаған жағдайда бұл туралы шешімді - тиісті Палатаның Төрағасы, ал Палата органдарының отырыстарында болмаған жағдайда тиісті Палатаның Бюросы қабылдайды.»;
60) 24-тарау мынадай мазмұндағы 114-1-тармақпен толықтырылсын:
«114-1-тармақ. Мәжіліс депутаттарына осы тарауда көзделген жазалау шараларын қолдану туралы мәселеге саяси партиялардың Мәжілісте өкілдік ететін, құрамына депутаттар кіретін фракциялары бастама жасауы мүмкін.»;
61) 115 және 116-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«115-тармақ. Парламент депутаттары саяси партиялардың фракциялары және депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы.
116-тармақ. Саяси партияның фракциясы - заңда белгіленген тәртіппен тіркелген, саяси партияның атынан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол Парламент Мәжілісінде тиісті саяси партияның мүдделерін білдіру мақсатында құрылады. Саяси партия фракциясының ең аз саны Парламент Мәжілісінің регламентінде айқындалады. Саяси партия фракциясының құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары кіре алады. Депутаттың бір саяси партияның фракциясында ғана болуға құқығы бар.»;
62) 117-тармақта:
«өкілеттігін жүзеге асыру» деген сөздер «өкілеттіктерін бірлесіп жүзеге асыруы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, сайлау округтерінде бірлесіп жұмыс істеу» деген сөздер алып тасталсын;
63) 118-тармақта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«118-тармақ. Саяси партиялардың фракцияларын тіркеу Парламенті Мәжілісінің Бюросында жүзеге асырылады, депутаттық топтарды тіркеу Парламент Палаталарының Бюросында жүзеге асырылады. Саяси партиялардың фракцияларын және депутаттық топтарды тіркеу келіп тіркелу ретімен жүргізіледі және тек қана хабарламалық сипатта болады Депутаттық топты тіркеуді Парламенттің қай Палатасының Бюросы жүзеге асыратынын депутаттық топтың өзі дербес айқындайды.»;
үшінші бөліктегі «Парламент Палаталарының Бюроларына» деген сөздер «Парламенттің тиісті Палатасының Бюросына» деген сөздермен ауыстырылсын;
64) 121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«121-тармақ. Парламент депутаттары бірнеше депутаттық топтың мүшесі бола алады.»;
65) 123-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Парламент Палаталары сайлайтын немесе тағайындайтын не Парламент Палаталары тағайындауға келісім беретін лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша өз пікірін айтуға;»;
жетінші абзац алып тасталсын;
66) 125-тармақ «, оларға Палаталардың Төрағалары не Палаталар Төрағаларының бірі қол қояды» деген сөздермен толықтырылсын;
67) 126-тармақ алып тасталсын;
68) 127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«127-тармақ. Парламенттің ресми делегацияларының, олардың басшыларының құрамы, сондай-ақ басқа мемлекеттердің парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссиялардың (парламенттік, жұмыс топтарының) қазақстандық бөліктерінің құрамы Парламент Палаталарының регламенттеріне және парламентаралық ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес айқындалады.»;
69) 128, 129 және 130-тармақтар алып тасталсын.