"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы 1993 жылғы 21 қазан. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 593 Заңымен

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi: 
      1. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы  жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
      "Жануарлар дүниесiн қорғау және пайдалану туралы" 1981 жылғы 12-маусымдағы Қазақ КСР Заңы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1981 ж., N 25; 1984 ж., N 36, 447-құжат); 
      "Жануарлар дүниесiн қорғау және пайдалану туралы" Қазақ КСР Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1981 жылғы 12 маусымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1981 ж., N 25). 
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi: 
      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен сәйкестендiретiн болсын; 
      - 1994 жылғы 1 наурызға дейiн министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңына қайшы келетiн қалыпты құжаттарын қайта қарап, күшiн жоюды қамтамасыз етсiн; 
      - 1994 жылғы 1 шiлдеге дейiн: 
      аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын, сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн; 
      аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру тәртiбiн, аңшылық шаруашылығын жүргiзу және аң аулау өндiрiсi туралы ереженi, Қазақстан Республикасы аумағында аң аулау ережелерiн; 
      балық және басқа су жануарларын кәсiпшiлiк аулауға құқық беру тәртiбiн, балық қорын қорғау және Қазақстан Республикасы су қоймаларында балық аулауды реттеу туралы ереженi; 
      жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi арнайы уәкiлдiк берiлген органдар қызметкерiнiң жарғыларын; 
      жануарларды мемлекеттiк есепке алу және жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк жиынтық мәлiметiн (кадастрын) жүргiзу, зоологиялық жүйелi жинақтарды (коллекцияларды) жасау мен мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн; 
      жануарлар дүниесiн пайдалану, сондай-ақ оны қорғау мен өсiмiн молайту нормативтерiн және олар үшiн төлем алу тәртiбiн; 
      жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың ведомстволық, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау қызметтерiнiң арнаулы құралдар мен атыс қаруын сақтау, алып жүру және қолдану құқығы берiлген лауазымды адамдары тiзбесiн бекiтетiн болсын; 
      - 1995 жылғы 1 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасы аумағында жануарларды мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырып, жануарлар дүниесiнiң жиынтық мәлiметiн жүргiзудi қамтамасыз етсiн. 
      4. Заңдар, заңдылық және құқық тәртiбi мәселелерi жөнiндегi комитет пен Экология мәселелерi және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiндегi комитетке Қазақ КСР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне, Қазақ КСР Қылмыстық кодексiне және "Қазақ КСР-iндегi айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" Қазақ КСР Заңына "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан туындайтын өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзу тапсырылсын.

       Қазақстан Республикасы 
      Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады