"Болашағы Біртұтас Ел" жалпыұлттық ақпараттық науқанының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы № 10 өкімі

      1. «Болашағы Біртұтас Ел» жалпыұлттық ақпараттық науқанының қоса беріліп отырған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық, жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ өзге де ұйымдар Жоспарда белгіленген іс-шаралардың уақтылы және мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Жоспарды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру және оның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөліміне жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік хатшысы                   Г. Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік хатшысының
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 10 өкімімен   
БЕКІТІЛДІ     

«Болашағы Біртұтас Ел» жалпыұлттық ақпараттық науқанының
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
(іске асыру мерзімі: 2015 жылғы қараша - 2016 жылғы желтоқсан)

      «Болашағы Біртұтас Ел» жалпыұлттық ақпараттық науқанының мақсаты (бұдан әрі - Науқан) азаматтық пен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясына негізделген қазақстандық бірегейлік пен бірлікті ілгерілету мен танымал етуге бағытталған.
      Науқанның мақсат-міндеттері: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыруда халықтың азаматтық белсенділігін арттыру, жаңа қазақстандық патриотизмді нығайту болып табылады.
      Науқан іс-шаралары Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында өткізіліп, жастар, аға буын өкілдері, қала мен ауыл тұрғындары және тағы басқа барлық мақсатты топтарды қамтитын болады.

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімдері

1

2

3

4

5

ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ
(2015 жылғы қараша)

1.

Науқанның брендбукын дайындау (логотип, ұрандар, ақпараттық стратегия, көрнекі өнім эскиздері - билбордтар және т.б.)

брендбук; ПӘ-ге ақпарат

МСМ, БҒМ, ДСӘДМ, «Қоғамдық келісім» РММ, ОКҚ (келісім бойынша) ИДМ

2015 жылғы 16 қарашаға дейін

2.

Республикалық және өңірлік деңгейлерде Науқанды іске асыру бойынша маманданған журналистер мен блогерлер пулын топтастыру

журналистер мен блогерлер пулы; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ОКҚ (келісім бойынша), Астана, Алматы ққ., облыс әкімдіктері

2015 жылғы 16 қарашаға

3.

Болашағы Біртұтас Елді қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздерін түсіндіретін әдістемелік материалдарды әзірлеуді қамтамасыз ету

әдістемелік материалдар; ПӘ-ге ақпарат

МСМ, «Қоғамдық келісім» РММ, ОКҚ (келісім бойынша), ИДМ

2015 жылғы 16 қарашаға

4.

Науқанның «оқиғалар қатарын» қалыптастыру, оның ақпараттық сүйемелденуі мен тоқсан сайынғы жаңартылуын қамтамасыз ету

оқиғалар қатары; ПӘ-ге ақпарат

МСМ, «Қоғамдық келісім» РММ, ОКҚ (келісім бойынша), ИДМ, Астана, Алматы ққ., облыс әкімдіктері

2015 жылғы 16 қарашаға

5.

Мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент және мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, шығармашылық және ғылыми зияткер қауым, жастар бірлестіктері, ҮЕҰ, мәдениет және өнер, мәдениет және спорт қайраткерлері қатарынан медиатұлғалар пулын топтастырып, олардың «оқиғалар қатарының» іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету

пул; ПӘ-ге ақпарат

МСМ, БҒМ, «Қоғамдық келісім» РММ, ИДМ, ОКҚ

2015 жылғы 16 қарашаға

6.

Науқанға қатысу үшін мемлекеттік органдар, Парламент және мәслихат депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, ҮЕҰ, техникалық және гуманитарлық зияткер қауым, ғылым, спорт, мәдениет және өнер салаларының, конфессиялар, этномәдени бірлестіктер өкілдерінен спикерлер пулын топтастыру

спикерлер пулы; ПӘ-ге ақпарат

МСМ, «Қоғамдық келісім» РММ, ОКҚ, (келісім бойынша), БҒМ, ИДМ, Астана, Алматы ққ., облыс әкімдіктері

2015 жылғы 16 қарашаға

7.

Науқанды іске асырудың басты бағыттары мен әдістері туралы жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция режимінде кеңес өткізу

кеңес; ПӘ-ге ақпарат

ІСБ, МСМ, «Қоғамдық келісім» РММ, ОКҚ (келісім бойынша),ИДМ

2015 жылғы 20 қарашаға дейін

8.

Науқанды іске асырудың басты бағыттары мен әдістері туралы республикалық БАҚ басшыларымен кездесулер өткізу

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, МСМ, «Қоғамдық келісім» РММ, ОКҚ (келісім бойынша),

2015 жылғы 20 қарашаға дейін

9.

Брендбук негізінде өңірлік БАҚ-та Науқанды өткізу бойынша жергілікті атқарушы органдардың медиажоспарларын әзірлеу және бекіту

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ (жинақтау), Астана, Алматы ққ., облыс әкімдікте)»-

2015 жылғы 23 қарашаға

10.

Ақпараттық кеңістік мониторингін қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ОКҚ (келісім бойынша)

тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

ІІ. ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢІ
(2015 жылғы қараша - 2016 жылғы желтоқсан)

11.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын танымал етуге, Болашағы Біртұтас Ел қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздерін түсіндіруге бағытталған бейнероликтер мен бағдарламааралық үнжазбалар, аудиоджинглдер тізбегін (кемінде 12) әзірлеу мен орналастыруды қамтамасыз ету

бейнероликтер, аудиоджинглдар; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, «РТРК «Казахстан» АҚ, «Хабар» Агенттігі» АҚ, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындайтын электрондық БАҚ-тар (келісім бойынша)

2015 жылғы 10 желтоқсанға; бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

12.

«Болашағы Біртұтас Ел» бірегей логотипі негізінде (брендбук аясында) республикалық және өңірлік мерзімді басылымдарда тақырыптық айдарлар ашуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, Астана, Алматы ққ., облыс әкімдіктері

2015 жылғы 16 қарашаға дейін

13.

Орта білім беру мектептері мен ұйымдары, ТжКБ оқушылары арасында Тәуелсіздік Күніне, оның ішінде 2016 жылы - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Мен - қазақстандықпын!» шығармалар сайысын ұйымдастыру

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ

2015 ж., 2016 ж. 20 желтоқсанға

14.

«Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын, Болашағы Біртұтас Елдің тұжырымдамалық негіздерін ілгерілетуге бағытталған көрнекі өнімнің (билбордтар, лайтбокстар, плакаттар) әзірленуі (брендбук негізінде) мен қоғамдық орындарда, оқу орындары, ЖОО мен ТжКБ оқу корпустарында орналастырылуын қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

Астана, Алматы ққ., облыс әкімдіктері

2015 жылғы 20 желтоқсанға дейін, бұдан әрі - жарты жылда бір рет (есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5-іне)

15.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, оның ішінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Қазақстандықтар - Болашағы Біртұтас Ел», «Үш тіл білу - сәтті өмірге жолдама» тақырыптарында жастар арасында пікір-сайыс ойындарын ұйымдастыру және өткізу

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, МСМ, ИДМ, Астана, Алматы ққ., облыс әкімдіктері

2016 жылғы 10 шілдеге

16.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Болашағы Біртұтас Ел» бірегей бренд аясында концерттер мен музей көрмелері сериясын өткізу

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, Астана, Алматы ққ., облыс әкімдіктері

2016 жыл бойы, бұдан әрі - жарты жылда бір рет (есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5-іне)

17.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Болашағы Біртұтас Ел және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын танымал ету мен ілгерілетуге бағытталған республикалық баспа БАҚ-тар мен интернет-ресурстарда фотоконкурс өткізу

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ

2016 жыл бойы, бұдан әрі - жартыжылда бір рет (есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5-іне)

18.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚХА өкілдерін қатыстырып елдің барлық мектептерінде ашық сабақтар өткізу

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, Астана, Алматы ққ., облыстар әкімдіктері, ҚХАХ

2016 жылғы 10 қыркүйекке дейін

19.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ЖОО, ТжКБ студенттерін қатыстырып Болашағы Біртұтас Елге арналған спорттық іс-шаралар тізбегін ұйымдастыру және өткізу

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, Астана, Алматы ққ., облыс әкімдіктері

2016 жылғы қаңтардан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

20.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай этномәдени бірлестіктер өкілдерін қатыстырып «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын (еңбекқорлық, адалдық, ғылым мен білімге деген құрмет) ілгерілетуге бағытталған «Күшіміз - бірлікте» атты республикалық жастар акциясын ұйымдастыру және өткізу

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, МСМ, ҚХАХ, Астана, Алматы ққ., облыс әкімдіктері

2016 жылғы 10 шілдеге

21.

Мемлекеттің табысты дамуының негізі ретіндегі Болашағы Біртұтас Елді қалыптастырудың өзекті құрамдастары туралы республикалық баспа БАҚ-тада талдамалы жарияланымдар сериясын дайындау

талдамалы мақалалар; ПӘ-ге ақпарат

ҚСЗИ, «Саясаттанушылар конгресі» РҚБ (келісім бойынша), ОМО, Астана, Алматы ққ., облыс әкімдіктері, ИДМ - орналастыру

2015 жылғы қарашадан бастап; бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

22.

Газет мақалалары, телесюжеттер, әлеуметтік желілердегі жазба түріндегі «Қазақстандықтар - табысты ел» атты жетістіктерге жетудің жеке оқиғаларын ілгерілетуді ұйымдастыру

БАҚ материалдары; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, «Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша), Астана, Алматы ққ., облыс әкімдіктері

2015 жылғы қарашадан бастап; бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

23.

Әлеуметтік желілер мен танымал интернет- ресурстарда Болашағы Біртұтас Елдің тұжырымдамалық негіздерін ілгерілетуді ұйымдастыру

интернет-форумдар, топтар; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ОКҚ, «Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша)

2015 жылғы қарашадан бастап; бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

24.

«Болашағы Біртұтас Ел», «Бес институционалдық реформа», «Мәңгілік Ел» тақырыптарында «Wikipedia»-да қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалалар орналастырып, олардың жаңартылуын қолдау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ - толтырудың желілік кестесін әзірлеу, БҒМ, МСМ, СІМ, ЖС, ІІМ, «Қоғамдық келісім» РММ (келісім бойынша) - толтыру

2015 жылғы 20 желтоқсанға

25.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстанның жиырма бес кереметі» «Двадцать пять чудес Казахстана» (бірегей ғимараттар, мәдениет және археология ескерткіштері, табиғат, көрнекті қайраткерлер, өнертабыстар) интернет-конкурсын ұйымдастыру

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, МСМ, «Қоғамдық келісім», ОКҚ (келісім бойынша, РММ

2016 жылғы 20 сәуірге, 20 желтоқсанға

26.

«Қазақстандықтар - Болашағы Біртұтас Ел» тақырыбында медиаөнім сериясын әзірлеу, оны әлеуметтік желілерде ілгерілетуді қамтамасыз ету

мотиваторлар, интернет- роликтер, ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, МСМ, «Қоғамдық келісім», ОКҚ (келісім бойынша), РММ

2015 жылғы 16 қарашадан бастап; бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

27.

«Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық патриоттық идеясының біріктіруші рөлі мен құндылықтарын ілгерілету мен танымал ету бойынша интернет-қауымдастықтар құру мен ілгерілетуді ұйымдастыру

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, БҒМ, «Қоғамдық келісім» РММ, ОКҚ (келісім бойынша), МСМ

2015 жылғы 16 қарашадан бастап; бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

28.

Науқанның барысы туралы арнайы бейне- және фоторепортаждар шығуын ұйымдастыру («bnews.kz», «baq.kz», «el.kz», «strategy2050.kz» және басқа ақпараттық агенттіктер)

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ

2015 жылғы 16 қарашадан бастап; бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

Ескертпе: Аббревиатураларды ашып жазу:

ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғары Соты
ҚСЗИ - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ДСӘДМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар
ҚХАХ - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
ОКҚ - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ОМО - орталық мемлекеттік органдар
ТжКББ - техникалық және кәсіби білім беру
РҚБ - республикалық қоғамдық бірлестік
РММ - республикалық мемлекеттік мекеме

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады