1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 6 қазандағы
Жарлығын
орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметiн әлеуметтiк және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары медициналық қызмет, байланыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмшелерiнiң штат саны мен мүлкiн бөлу мынадай тәртiппен жүргiзiлсiн:
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi (Қ.Ш.Сүлейменов):
- белгiленген тәртiппен "Демалыс" демалыс үйiн, балаларды сауықтыру кешенiн, екi бала бақшаны олардың қызметiн қамтамасыз ететiн штат санымен қоса, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi iшкi iстер органдарының байланыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерi штат санының үштен бiр бөлiгiн, Бас медицина басқармасының төрт бiрлiгiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң балансына беретiн болсын;
- тұрақты пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiне Солтүстiк Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан әскери және арнаулы жабдықтау базаларындағы қойма үй-жайларының жалпы алаңы 8 (сегiз) мың шаршы метр болатын бөлiгiн, "Қазақстан" санаториясы аумағындағы қызметтiк алты саяжайды, "Қапшағай" демалыс аймағындағы екi коттедждi бөлетiн болсын.
2. Әскери-дәрiгерлiк комиссиялар, госпитальдар, емханалар, санаторийлер, демалыс аймақтары, балаларды сауықтыру кешенi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi мен Мемлекеттiк тергеу комитетi Төрағасының бiрлескен бұйрығымен айқындалатын тәртiппен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының және Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне қызмет көрсетедi деп белгiленсiн.