Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi және оның органдары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2706 Заң күшi бар жарлығы. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге

      уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы

      Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына, Қазақстан Республикасы

      Конституциясы 92-бабының 4-тармағына сәйкес және Мемлекеттiк тергеу

      комитетi мен оның органдарының мәртебесiн, өкiлеттiгiн айқындау және

      қызметiн ұйымдастыру мақсатында осы Жарлықты шығарамын.

      I Тарау

      Жалпы ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу

      комитетi және оның органдары

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi және оның органдары (бұдан былай Мемлекеттiк тергеу комитетi) - Республиканың орталық атқарушы органдарының жүйесiне кiрмейтiн, анықтама, тергеу, жедел-iздестiру қызметi мен олардан туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асыратын, Республиканың Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттiк орган.

      2. Мемлекеттiк тергеу комитетi, оның органдары мен ұйымдары заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және қазақ және орыс тiлдерiнде өзiнiң атауы жазылған мөрi, Қазақстан Республикасының банк мекемелерiне тиiстi шоттары болады.


      2-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметiнiң

      құқықтық негiзi


      Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметiнiң құқықтық негiзiн:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары;

      2) осы Жарлық;

      3) осы Жарлыққа қайшы келмейтiн және онымен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi;

      4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен өзге де мiндеттемелерi;

      5) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары;

      6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк тергеу комитетi туралы, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қатардағы және басшы құрамы адамдарының қызмет өткеруi туралы Ережелер құрайды.


      3-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң мiндеттерi

      1. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң мiндеттерi:

      1) азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды

      мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау;

      2) қылмысты анықтау, тыю, ашу және тергеу;

      3) жеке және заңды тұлғаларға қылмыс арқылы келтiрiлген

      материалдық залалдың өтелуiн қамтамасыз ету;

      4) қылмыс жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайды анықтау,

      оларды жою жөнiнде шаралар қолдану;

      5) қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттiк саясатты

      әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

      6) қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      болып табылады.

      2. Өзге мiндеттер Мемлекеттiк тергеу комитетiне заңмен ғана

      жүктелуi мүмкiн.

      4-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметiнiң

      принциптерi

      1. Мемлекеттiк тергеу комитетi өз қызметiн заңдылық, қорғалу құқығын қамтамасыз ету, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сенiмiне немесе өзге де кез келген жағдаяттарға қарамастан, заң алдындағы теңдiк принциптерiмен жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттiк тергеу комитетi жүзеге асыратын қылмыстық


      iстердi тергеуiне құқыққа қарсы араласуға, оның қызметкерлерiнiң

      заңды қызметiне кедергi жасауға тыйым салынады және оның өзi заңмен

      белгiленген жауапкершiлiкке тартуға әкелiп соғады.

      3. Мемлекеттiк тергеу комитетi заңда белгiленген шектерде жария

      жұмыс iстейдi.

      4. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметi дара басшылық

      негiзiнде құрылады.

      5. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң iс жүргiзу ретi

      заңмен айқындалады.

      5-бап. Халықаралық мiндеттемелердi атқару

      Мемлекеттiк тергеу комитетi Қазақстан Республикасының

      халықаралық шарттарынан туындайтын өзара құқықтық көмек көрсету

      мәселелерiн өз құзыретi шегiнде шешедi.

      II Тарау

      Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң жүйесi

      және оның қызметiн ұйымдастыру

      6-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң жүйесi

      Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң және оның органдарының жүйесiн анықтама, тергеу және жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын Мемлекеттiк тергеу комитетi, аумақтық, салалы және мамандандырылған органдар, сондай-ақ мiндеттi қызметтi қамтамасыз ететiн ерекше және режимдiк объектiлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдар құрайды.


      7-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетi


      1. Мемлекеттiк тергеу комитетi анықтау, тергеу, жедел-iздестiру қызметiн және өзге де функцияларды жүзеге асыратын, өзiне бағынысты органдардың жүйесiндегi орталық орган болып табылады.

      2. Мемлекеттiк тергеу комитетiн Республика Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады.

      3. Мемлекеттiк тергеу комитетi Төрағасының оның ұсынуымен Республиканың Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

      4. Неғұрлым маңызды мәселелердi қарау үшiн Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Төрағасы алқа құрады, оның дербес құрамын Төрағаның ұсынуы бойынша Республиканың Президентi бекiтедi.

      5. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң құрамына бас басқармалар, басқармалар, бөлiмдер мен өзге де бөлiмшелер кiредi.


      8-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң аумақтық

      органдары


      1. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң аумақтық органдары облыстар, Республиканың астанасы, республикалық маңызы бар қалалар бойынша бас басқармалар мен басқармалар, сондай-ақ аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша басқармалар, бөлiмдер мен өзге де бөлiмшелер болып табылады.

      2. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң аумақтық органдарында анықтама, тергеу, жедел-iздестiру қызметiн және өзге функцияларды жүргiзудi қамтамасыз ететiн тиiстi құрылымдық бөлiмшелер құрылады.


      9-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң салалық

      және мамандандырылған органдары


      1. Қорғаныс өнеркәсiбi объектiлерiндегi, өзге де режимдiк объектiлер мен арнайы органдардағы, темiр жол, су және әуе көлiгi ұйымдарындағы анықтама, тергеу және жедел-iздестiру қызметiн Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң салалық органдары жүзеге асырады.

      2. Қылмыстың жекелеген түрлерiн анықтау, тыю, ашу және тергеу


      үшiн Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң жүйесiнде мамандандырылған

      бөлiмшелер құрылады.

      10-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң өзге де

      органдары мен ұйымдары

      Мiндеттi қызметiн қамтамасыз ету, кадр, материалдық техникалық,

      әлеуметтiк-мәдени және тұрмыстық сипаттағы мiндеттердi шешу үшiн

      Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қарауында тиiстi ерекше және режимдiк

      объектiлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдар болады.

      III Тарау

      Мемлекеттiк тергеу комитетi және оның лауазымды

      адамдарының құқықтық мәртебесi

      11-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң мiндеттерi

      Мемлекеттiк тергеу комитетi:

      1) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандығын қылмыстық қол

      сұғушылықтан қорғауға;

      2) заңды және жеке тұлғалардың заңды мүлiктiк мүдделерiн

      қорғауға;

      3) заңды белгiленген шекте анықтама, тергеу және

      жедел-iздестiру қызметiн жүргiзуге;

      4) әзiрленiп жатқан немесе жасалған кез келген қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қабылдауға, тiркеуге және қарауға, оларды жасаған адамдардың уақтылы жолын қиып, қылмысын ашуға және ұстауға, қоғамдық қауiптi зардаптарды болдырмауға;

      5) заңмен олардың тергеуiне жатқызылған қылмысты анықтауға, тыюға ашуға және тергеуге;

      6) жасаған қылмысы үшiн қылмыстық жауапкершiлiктен жалтарған адамдарды, сондай-ақ хабар-ошарсыз жоғалып кеткендердi iздестiруге;

      7) алдын ала тергеудiң заңда көзделген құпиясын қамтамасыз етуге, процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың өмiрiн, денсаулығын, мүлкiн қорғау шараларын қолдануға;

      8) құқыққа қарсы қол сұғушылықтан, табиғи апаттардан, авариялар мен жазатайым оқиғалардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге;

      9) кiдiртуге болмайтын жағдайларда iшкi iстер органы қызметкерлерiнiң құқық бұзушылықты тыю жөнiндегi өкiлеттiгiн орындауға;

      10) төтенше немесе соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз етуге өз құзыретi шегiнде қатысуға;

      11) қылмыстың жай-күйi, қылмысты ашу мен тергеу жөнiндегi қызметтiң нәтижелерi туралы халыққа хабарлап тұруға, азаматтарға құқықтық тәрбие қатысуға мiндеттi.


      12-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң құқықтары


      Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң осыған уәкiлдiк берген лауазымды адамдары арқылы:

      1) қылмыс жасады немесе қылмыс жасауға әзiрлендi деген сезiк келтiрген адамдарды ұстауға, оларды жеке, сондай-ақ заттарын, құжаттары мен көлiк құралдарын тексерудi жүзеге асыруға;

      2) Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң тергеуiне заңмен жатқызылған қылмысты анықтау, тыю, ашу және тергеу кезiнде заңда көзделген шекте мемлекеттiк органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға орындалуы мiндеттi тапсырмалар беруге;

      3) қылмысты анықтау, тыю, ашу және алынған деректердi қылмыс жасауға кiнәлi адамдарды әшкерелеуге пайдалану мақсатындағы жалпы және арнайы жедел - iздестiру шараларын заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға;

      4) суретке түсiруге, дыбыс-, кино - бейнежазбалар, дактилоскопия жасауға, жеке адамды анықтау мен салғастыру үшiн қажеттi өзге де деректер алуға, сондай-ақ қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлiп ұсталғандарды, қамауға алынғандарды, қылмыс жасады деп кiнә тағылғандарды, қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталғандарды және еркiнен айыру орындарынан босатылғандарды тiркеуге;

      5) қылмыстың есебiн жүргiзуге және тiркеуге;

      6) анықтау, тергеу және жедел - iздестiру қызметiн қамтамасыз ететiн криминалдық және өзге есептер, ақпараттық iздестiру жүйесiн жасауға әрi пайдалануға құқылы. Басқа құқық қорғау органдары мен соттарға қолда бар ақпаратты белгiленген тәртiппен беруге;

      7) қылмыстық iстер бойынша сараптама жасауға және жедел-iздестiру материалдары бойынша қажеттi зерттеулер жүргiзуге;

      8) қозғалған қылмыстық iстер бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан ақпарат пен материалдарды кедергiсiз және өтеусiз алуға;

      9) жүргiзiлiп жатқан материалдар мен қылмыстық iстер бойынша азаматтарды Мемлекеттiк тергеу комитетi мен оның органдарына шақыруға, олардан түсiнiктемелер, құжаттар, бұлардың көшiрмелерiн алуға, жауап алуды жүргiзуге, сондай-ақ дәлелдi себептерсiз шақыруға келуден жалтарған адамдарды белгiленген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге;

      10) заңда белгiленген тәртiппен банктерден жеке және заңды тұлғалардың шоттарындағы ақшалай қаражатының қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтама, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктердегi сақтаулы мүлкiнiң сипаты мен құны туралы мәлiметтер алуға;

      11) егер сол жерде қылмыс жасалды немесе жасалды деген жеткiлiктi мәлiметтер болған кезде қылмыстың жолын кесу, оны жасады деп сезiк келтiрiлген адамдарды iздестiру мақсатында ұйымдардың (дипломатиялық иммунитетке ие шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкiлдерiнiң үй-жайларынан басқасы), әскери құрамалардың аумағы мен үй-жайларына, азаматтарға тиесiлi тұрғын үйлер мен өзге де үй-жайларға, оларға тиесілi жер учаскелерiне кедергiсiз кiруге құқылы. Азаматтардың тұрғын үйлерiне басып кiру фактiлерi туралы прокурор жиырма төрт сағаттың iшiнде хабардар етiледi;

      12) тергеу iс-қимылдары мен жедел - iздестiру шараларын жүргiзген кезде жекелеген учаскелер мен аумақтарда адамдардың болуын шектеуге немесе бұған уақытша тыйым салуға;

      13) қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлiп ұсталған адамдарды, сондай-ақ қылмыстың жолын кесу шаралары ретiнде тұтқындалған және қамауға алынған адамдарды оқшау жағдайда уақытша ұстайтын изоляторлар мен тергеу изоляторларын иеленуге;

      14) ұйымдардың қызмет үй-жайларын, сондай-ақ азаматтардың тұрғын үй және өзге үй-жайларын шарттық негiзде пайдалануға;

      15) қауырт жағдайларда байланыс құралдарын олардың тұрған жерiне және тиесiлiлiгiне қарамастан, халықаралық әрi қалааралық сөйлесулер бойынша шығын өтелетiндей етiп, қызмет мақсатында пайдалануға;

      16) өзге мүмкiндiктер болмаған жағдайда шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ кiдiруге болмайтын өзге де жағдаяттарда меншiк нысандарына қарамастан, (дипломатиялық иммунитетке ие шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа), нұқсан келе қалған ретте шығыны өтелетiндей етiп көлiк құралдарын пайдалануға;

      17) жасалған қылмыстың мән-жайын анықтау тұрғысында жұртшылықты хабардар етiп, жұмылдыру, қылмыскерлер мен хабарсыз жоғалып кеткен адамдарды iздестiру, сондай-ақ өзге де хабарлар жасау үшiн мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарын өтеусiз пайдалануға;

      18) қызмет және iссапар куәлiктерiн көрсету арқылы көлiктiң


      барлық түрлерiне арналған жүрiп-тұру құжаттарын кезектен тыс алуға

      және қонақүйлерден орын алуға;

      19) қылмысты анықтауға, тыюға, ашуға және тергеуге жәрдемдескен

      азаматтарды көтермелеуге құқылы;

      20) Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң жұмысшылар мен

      қызметшiлерiнен басқа қызметкерлерiнiң таксиден басқа қоғамдық

      көлiкте тегiн жүруге құқығы бар.

      13-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетi Төрағасының

      өкiлеттiгi

      1. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Төрағасы:

      1) Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметiне басшылық етедi және жұмыстың ұйымдастырылуы мен жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауап бередi;

      2) Мемлекеттiк тергеу комитетi Төрағасы орынбасарларының, органдары мен құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн айқындайды, олардың қызметiнiң тәртiбi туралы ереженi бекiтедi;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарымен қатынастарда Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң атынан өкiлдiк етедi;

      4) өзiнiң құзыретi шегiнде бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады, нұсқаулықтарды, басшылыққа алынатын ережелер мен жарғыларды бекiтедi;

      5) Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен органдарын құрады, таратады және қайта құрады, олардың құрылымы мен штат санын айқындайды;

      6) азаматтарды заңда белгiленген тәртiппен Мемлекеттiк тергеу комитетiне қызметке алады, арнаулы атақтар бередi;

      7) аумақтық, салалық және мамандандырылған органдардың, ерекше және режимдiк объектiлердiң, оқу орындары мен өзге де ұйымдардың бастықтарын, олардың орынбасарларын, жетекшi қызметтер мен құрылымдық бөлiмшелердiң басшыларын, сондай-ақ орталық органның қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      8) Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басқа да қызметкерлерiн тағайындау тәртiбiн айқындайды;

      9) Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiн көтермелейдi және тәртiп ретiмен жазалайды;

      10) қылмыстың жай-күйi және қылмысты ашу мен тергеу жөнiндегi қызметтiң нәтижелерi туралы Республика Президентi жүйелi түрде хабардар етiп отырады, Республика Президентi мен Үкiметiне Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң құқық қорғау қызметi, ұйымдық, кадр және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзедi;

      11) Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiне жоғары арнаулы атақтар мен құрметтi атақтар беру және қызметкерлердi мемлекеттiк наградалармен наградтау туралы Республика Президентiне ұсынымдар енгiзедi;

      12) басқа құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылды ұйымдастырады, құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрестегi қызметiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша олармен бiрлесiп бұйрықтар мен нұсқаулар шығарады;

      13) бөлiнген қаржы шегiнде Мемлекеттiк тергеу комитетiн ұстауға қаражат қаржысын бөледi;

      14) Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыруға өкiлеттi органдары мен құрылымдық бөлiмшелерiнiң және қызметкерлерiнiң тiзбесiн белгiлейдi;

      15) Мемлекеттiк тергеу комитетiнде қару-жарақ, оқ-дәрi және арнайы құралдар иеленудiң, сақтаудың және алып жүрудiң тәртiбiн белгiлейдi;

      16) Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң органдарында алқалар құрады;

      17) өзiне нормативтiк-құқықтық актiлерiмен берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Төрағасы болмаған жағдайда оның мiндетiн Төрағаның тапсыруымен орынбасарларының бiрi атқарады.


      14-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң органдары

      мен бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiгi


      1. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, аумақтық, салалық және мамандандырылған органдарының, ерекше және режимдiк объектiлерiнiң, оқу орындары мен өзге де ұйымдары бастықтарының бағынысындағы органдарға басшылықты жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiгi Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Төрағасы бекiтетiн сол органдар туралы ережелермен айқындалады.

      2. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң анықтама, тергеу және жедел iздестiру қызметi заңмен реттеледi.

      3. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң органдары мен тергеу бөлiмшелерi басшыларының iс жүргiзу жөнiндегi өкiлеттiгi заңмен реттеледi.


      15-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң

      құқықтық жағдайы


      1. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi өкiмет өкiлi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.

      2. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң арнаулы атағы бар қызметкерлерiне қару мен арнайы құралдарды алып жүру, сақтау, қолдану құқығы берiледi.

      3. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғаларға мiндеттi.

      4. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi азаматтардың құқықтарын шектеуге бағытталған iс-қимылын "Заң атымен" деген сөздердi айта отырып жүргiзедi. Бұл орайда әрбiр адам белсендi iс-әрекетiн тоқтатуға, Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң талаптарына сөзсiз бағынуға және оның қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты нұсқауларын орындауға мiндеттi.

      5. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындамау, қорлау, қарсылық көрсету, күш көрсетем деп қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, намысы мен қадiр-қасиетiне, мүлкiне қол сұғу, жүктелген мiндеттерiн орындауға кедергi келтiретiн басқа да iс-әрекеттер, сондай-ақ Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерi мен қызметтiк парызын атқаруына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, намысына, қадiр-қасиетiне және мүлкiне қол сұғу заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

      6. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерiнiң лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе басқа да шығармашылық қызметтi қоспағанда, депутаттық мандатпен, ақы төленетiн өзге де қызметпен шұғылданумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымдардың басшы органның немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.

      7. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiне ереуiл ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға тыйым салынады.

      8. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi партиялардың, кәсiптiк одақтардың қатарында болмауға, қандай да бiр саяси партияны жақтамауға тиiс.

      9. Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған жағдайда Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерi заңды басшылыққа алуға мiндеттi және соның қорғауында болады.

      10. Құқыққа қарсы екенi айқын бұйрықты немесе нұсқауды орындау Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерiн жауапкершiлiктен босатпайды.

      11. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң өздерiне қатысты қабылдаған шешiмдер мен әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағымдануына хақысы бар.


      16-бап. Күш қолдану, арнайы құралдар мен қару

      қолданудың құқықтық режимi мен шектерi


      1. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi нақты ахуалды ескере отырып, құқық бұзушылықты, тыю сондай-ақ оларды жасаған адамдарды ұстау үшiн күш пен арнайы құралдарды қолданады.

      2. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi қаруды нақты ахуалды ескере отырып, құқық бұзушылықты тыю, оларды жасаған адамдарды ұстау, сондай-ақ қамаудан (әкiмшiлiк жолмен тұтқындалғандардан басқасы) қашқан адамдарды ұстау үшiн қолданылады.

      3. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, егер олардың iс-әрекетi заңға сәйкес жүргiзiлсе, күш, арнайы құралдар мен қаруды қолданудан келтiрiлген залал үшiн жауап бермейдi.

      4. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерi:

      1) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сонымен бiрге кепiлге алынғандарды босату;

      2) өзiн-өзi қорғау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, құқықтық тәртiптi қорғау мен құқық бұзушылықты тыю жөнiндегi қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқару үстiндегi басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару;

      3) ұйымдар мен азаматтардың үй-жайларына, көлiк-құралдарына жасалған шабуылды тыю;

      4) қарсылық көрсеткен немесе қылмыс жасау үстiнде көзге түскен адамдарды ұстау, сондай-ақ қамаудан қашқан адамдарды (әкiмшiлiк жолмен тұтқындалғандардан басқасы) ұстау үшiн;

      5) егер жүргiзушiсi тоқтау жөнiнде қойылған заңды талапқа бағынбаса және азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрсе, сондай-ақ оның тоқтамауы қылмыспен байланысты болса, көлiк құралдарын ақау түсiрiп тоқтату;

      6) жануарлардың шабуылынан қорғану;

      7) сондай-ақ қажеттi қорғаныс пен аса керек болған өзге жағдайларда;

      8) дабыл белгiсiн беру немесе көмекке шақыру үшiн күш, арнайы құралдар мен қару қолдануға құқылы.

      5. Мынадай жағдайларда:

      1) олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлдер алған, көлiк құралдарын, соның iшiнде әуе кемесiн басып алған не адам өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн топтасып шабуыл жасаған жағдайлардан басқа кезде, сондай-ақ қару қолдану басқа азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiруi мүмкiн жағдайларда әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қару қолдануға;

      2) олар айналадағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн қарулы шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа кезде әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi айқын байқалған адамдар мен жас балаларға қатысты арнайы құралдар мен тәсiлдердi қолдануға тыйым салынады.

      6. Атыс қаруы мен арнайы құралдар қолданылған барлық жағдайларда Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн қолдан келген және қажеттi барлық шараларды қолдануға, қару қолданылғаны туралы тiкелей бастығына баяндауға тиiс.

      7. Адам өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға апарып соқтырған қару мен арнайы құралдардың қолданудың әрбiр жағдайы туралы дереу прокурор хабардар етiледi.


      17-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң

      жауапкершiлiгi


      1. Заңды бұзуға жол бергенi және қызметтiк мiндетiн тиiсiнше


      орындамағаны үшiн Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi заңда

      белгiленген тәртiппен жауап бередi.

      2. Қызметкерлердiң азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн

      бұзуы Мемлекеттiк тергеу комитетiн бұзылған құқық пен заңды

      мүдделерi қалпына келтiруге, жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген

      залалды өтеуге және кiнәлiлердi жауапқа тартуды қамтамасыз етуге

      мiндеттейдi.

      3. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң заңсыз

      iс-әрекетiне бағыныстылық ретiмен жоғары тұрған органға, прокурорға

      немесе сотқа шағым жасауға болады.

      IV Тарау

      Мемлекеттiк тергеу комитетiнде қызмет өткеру

      18-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң кадрлары

      1. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң кадрларын белгiленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген қызметкерлер, құқықтық жағдайды заңмен белгiленетiн әскери қызметшiлер, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлер құрайды.

      2. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiне өздерiнiң жеке басы мен өкiлеттiгiн растайтын белгiленген үлгiдегi куәлiк пен жетон берiледi. Олар үлгiлерi мен тиiстiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн нысандағы арнаулы киiм-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi.

      3. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, оның аумақтық, салалық және мамандандырылған органдарының, ерекше және режимдiк объектiлерiнiң, оқу орындары мен өзге ұйымдары қызметкерлерiнiң жалпы санын бөлiнген бюджет қаржысы шегiнде Республика Президентi белгiлейдi.


      19-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiне қызметке

      қабылдау


      1. Мемлекеттiк тергеу комитетiне қызметке өзiнiң моральдық және кәсiптiк қасиеттерi, бiлiмi мен денсаулық жағдайына қарай өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi жасы 18-ден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.

      2. Мемлекеттiк тергеу комитетiне қызметкер кiру мемлекеттiк қызметшi кадрлар туралы республикалық деректер орталығына алдын ала сұрау салу және азаматтарды мiндеттi арнаулы тексеруден өткiзу арқылы жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттiк тергеу комитетiне қызметке қабылдау контракт негiзiнде де жүзеге асырылуы мүмкiн. Контракт шарттарын Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Төрағасы белгiлейдi.

      4. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң оқу орындарына оқуға орта бiлiмi бар он сегiзге толмаған адамдар қабылдана алады. Мемлекеттiк тергеу комитетi оқу орындарының күндiзгi бөлiмшелерiнде оқыған уақыт мерзiмдi әскери қызмет атқаруға теңестiрiледi. Бұл ретте Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң оқу орындарына, оқуына Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қаржысы есебiнен ақы төленетiн басқа оқу орындарына оқуға түскен адамдармен оқу орнын бiтiргеннен кейiн Мемлекеттiк тергеу комитетiнде одан әрi қызмет өткеру шарттары мен мерзiмi көзделген контракт жасалады.

      5. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарына 32 жастан аспаған адамдар, орта және аға басшы құрамының лауазымдарына 40 жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда аталған жас шегi Мемлекеттiк тергеу комитетi Төрағасының шешiмiмен өзгертiледi.

      6. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiне арнаулы атақтар беру, еңбек стажын үздiксiз қызмет өткерген жылдарына есептеу шарты мен тәртiбi заңмен белгiленедi.

      7. Мемлекеттiк тергеу комитетiне тұңғыш қызметке кiретiн адамдар мiндеттi түрде бастапқы оқудан не тағлымдамадан өтедi, оларға сондай-ақ сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн.

      8. Мемлекеттiк тергеу комитетiне қызметке қабылдаудың, оқу мен тағлымдамадан өткiзудiң, қызмет өткерудiң тәртiбi осы Жарлықпен, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеру тәртiбi туралы Ережемен және басқа нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.

      9. Мемлекеттiк тергеу комитетiне тұңғыш рет қызметке кiрген адамдар мәтiнiн Республика Президентi бекiткен Ант қабылдайды.

      10. Бұрын сотталған және ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге құқық қорғау органдарынан, соттар мен әдiлет органдарынан жарамсыз себептер бойынша шығарылған адамдар Мемлекеттiк тергеу комитетiне қызметке қабылданбайды.

      11. Мемлекеттiк тергеу комитетiнде қызмет атқаратын әскери мiндеттi адамдар, мемлекеттiк тергеу комитетi оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса, әскери қызметшiлерден басқалары, белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және Мемлекеттiк тергеу комитетiнде арнайы есепте тұрады.

      12. Еңбек заңдары Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiне олар осы Жарлық пен Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеру тәртiбi туралы Ережеге қайшы келмейтiн шекте қолданылады.

      13. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң жұмысшылары мен қызметшiлерiн жұмысқа алу, босату еңбек заңдарымен реттеледi.


      20-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетi органдары мен

      құрылымдық бөлiмшелерiнiң бастықтарына

      қойылатын талаптар


      Анықтаманы, тергеудi және жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын аумақтық, салалық және мамандандырылған органдардың бастықтарының, орталық органның құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қызметiне қажеттi моральдық, кәсiптiк және ұйымдастыру қасиеттерi бар және, әдетте, жоғары заң бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.


      21-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнде

      қызметте болудың шектi жасы


      1. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы Ережемен белгiленген жас шегiне дейiн қызметте бола алады. Қызметкерлердiң кейбiр санаттарының қызмет мерзiмi белгiленген тәртiппен ұзартылуы мүмкiн.

      2. Қызмет мерзiмiн ұзарту қызметкердi осы Жарлықпен және Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы Ережеде көзделген негiздер бойынша босату мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.


      22-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң

      демалыстары


      1. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiне ұзақтығы 30 тәулiк ақылы демалыс, сондай-ақ заңмен көзделген өзге де демалыстар берiледi.

      2. Қызмет атқарған жылдарына (күнтiзбелiк есептегенде) қарай қосымша ақылы демалыс төмендегiдей қызмет атқарған жылдары бар қызметкерлерге берiледi:

      1) он жылдан астам - ұзақтығы 5 тәулiк;

      2) он бес жылдан астам - ұзақтығы 10 тәулiк;

      3) жиырма жылдан астам - ұзақтығы 15 тәулiк.

      3. Биiк таулы жерлерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз мекендерде қызмет өткеретiн Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiне қызмет атқарған жылдарына қарамастан ұзақтығы 45 тәулiк кезектi демалыс берiледi.

      4. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң жұмысшылары мен


      қызметшiлерiнiң демалыстары еңбек заңдарына сәйкес белгiленедi.

      23-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiндегi

      қызметтен босату

      Мемлекеттiк тергеу комитетiнде қызмет атқаратын қызметкерлер

      мынадай негiздер бойынша:

      1) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет

      мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;

      2) қызметте болудың шектi жасына толуы бойынша;

      3) денсаулығы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның

      қорытындысы негiзiнде;

      4) штаттардың қысқаруына немесе органдар мен бөлiмшелердiң

      қайта ұйымдастырылуына байланысты басқа қызметте пайдалану мүмкiн

      болмаған жағдайда;

      5) контрактының бұзылуына байланысты;

      6) өзiнiң тiлегi бойынша;

      7) басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға жұмысқа ауысуына

      байланысты;

      8) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған

      жағдайда;

      9) аттестациялық тәртiппен қызметке сәйкес келмеуi бойынша;

      10) беделiн түсiретiн қылық жасағаны үшiн;

      11) қызмет тәртiбiн ұдайы бұзғаны үшiн;

      12) соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енуiне байланысты;

      13) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына

      байланысты босатылады.

      ЕСКЕРТУ. 23-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19.

      N 134-I Заңымен.

      Z970134_

      24-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiне

      еңбекақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзге

      төлемдермен қамтамасыз ету

      1. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң ақшалай үлесi лауазымдық жалақыдан, арнаулы атағы үшiн берiлетiн қосымша ақыдан және қызмет атқарған жылдары үшiн төленетiн үстеме ақыдан тұрады. Бұған қоса оларға сыйлықтар мен материалдық көмек төленедi.

      2. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң кадрларына еңбекақы төлеу жүйесiн Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Республика Президентi белгiлейдi.

      3. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiне лауазымдық жалақысына арнаулы атағы үшiн берiлетiн қосымша ақы қосылған жиынтық мөлшерiне қарай және жұмыс стажына байланысты процент есебiнде мынадай мөлшерде қызмет атқарған жылдары үшiн ай сайын үстеме ақы төленедi: қызмет атқарған жылдары үш жылдан асса - он бес, бес жылдан асса - жиырма, он жылдан асса - отыз, он бес жылдан асса - қырық, жиырма жылдан асса - елу процент.

      4. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар бойынша нақты түрiндегi азық-түлiк пайымен не пайдың ақшалай өтемiмен қамтамасыз етiледi.

      5. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру және мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.


      6.

      6. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi мен

      зейнеткерлерiне Республика Үкiметi белгiлейтiн шекте Қорғаныс

      министрлiгiнiң әскери қызметшiлерi мен зейнеткерлерi үшiн заңмен

      белгiленген жеңiлдiктер артықшылықтар қолданылады.

      ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19.

      N 134-I Заңымен.

      Z970134_

      V Тарау

      Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi

      мен зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғау

      25-бап. Сақтандыру және қаза тапқан немесе мертiккен

      жағдайда залалды өтеу

      1. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi республикалық бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi жеке және медициналық сақтандыруға жатады.

      2. Сақтандыру сомаларын төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      3. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған), не қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде алынған жарақаттың салдарынан қызметтен босатылған жағдайда бiр жыл бойы қарауындағыларға және мұрагерлерiне соңғы атқарған лауазымы бойынша он жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы сақтандыру сомасы төленедi.

      4. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiндегi жарақаттануы, жаралануы (контузия алуы), мертiгуi, сырқаттануы салдарынан мүгедектiк белгiленген жағдайда, оларға:

      1) I топтағы мүгедекке - бес жылдық ақшалай табысы;

      2) II топтағы мүгедекке - үш жылдық ақшалай табысы;

      3) III топтағы мүгедекке - бiр жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы сақтандыру сомасы төленедi.

      5. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мүгедектiкке ұшырамай ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда үш айлық, жеңiл мертiккен жағдайда бiр айлық ақшалай табысы мөлшерiнде сақтандыру сомасы төленедi. Бұл ретте сақтандырудың аталған түрi жөнiндегi сақтандыру сомасы сақтандырудың басқа түрлерi бойынша төленетiн төлем мен нұқсанды өтеу ретiндегi төлемге қарамастан төленедi.

      6. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерiнiң қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi), сырқаттануы қызметтiк мiндеттерiн атқаруына қатысты жағдайларға байланысты болмағанда белгiленген тәртiппен дәлелденсе, сақтандыру сомасы төленбейдi.

      7. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерiнiң балаларына олар кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн, сондай-ақ оның асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) үшiн шығындарды төлеу жөнiнде, ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде тұратындарға - Қазақстан Республикасының Үкiметi азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде отын үшiн де жеңiлдiктер құқығы сақталады. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түрiндегi жеңiлдiктер беруге жол берiледi. Қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағыларға айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады;

      ЕСКЕРТУ. 25-баптың 7-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан

      Республикасының 1997.04.02. N 88-I Заңымен. Z970088_

      ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19.

      N 134-I Заңымен. Z970134_


      26-бап. Жерлеу шығындарын өтеу


      Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн олардың үш айлық үлесi мөлшерiнде бiржолғы ақшалай өтем төленедi.


      27-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi

      мен зейнеткерлерiнiң тұрғын үй құқығы


      1. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан тұрғын үймен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету құқығын пайдаланады.

      2. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң он күнтiзбелiк жылдан астам қызмет атқарған қызметкерлерiнiң тұрақты тұрып жатқан қызметтiк тұрғын үй-жайын аталған қызметкерлер қалауына қарай қалдық құны бойынша жеке меншiгiне сатып ала алады.

      3. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi мен зейнеткерлерi басқа тұрғын үй-жайын бермейiнше қызметтiк тұрғын үй-жайынан шығарылмайды.

      4. Жас шамасы, денсаулық жағдайы, штаттың қысқаруы, қызмет еткен жылдары бойынша қызметтен зейнетке шығарылған Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi мен зейнеткерлерi және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi үшiн тұрғын үй қорының ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр қуатымен жабдықтау, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту) үшiн шығындарды төлеу жөнiнде, ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде Қазақстан Республикасының Үкiметi азаматтарға арнап белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде, отын үшiн де 50 проценттiк шегерiм белгiленедi. Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түрiндегi жеңiлдiктер беруге жол берiледi.

      ЕСКЕРТУ. 27-баптың 4-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан

      Республикасының 1997.04.02. N 88-I Заңымен. Z970088_


      5. Тұрғын үй-жайын жалға алу шарты бойынша пайдаланатын


      Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiне Қазақстан

      Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiп пен мөлшерде өтем төленедi.

      6. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерi қызмет бабындағы

      мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның

      отбасы ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей заңмен

      белгiленген шарт және тәртiп бойынша мемлекеттiк тұрғын үй алаңынан

      тұрған үй алуға құқылы.

      28-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi

      мен зейнеткерлерiне медициналық және

      санаторий-курорттық қызмет көрсету

      Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi мен олардың

      өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ Мемлекеттiк

      тергеу комитетiнiң зейнеткерлерi тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау

      мекемелерiндегi медициналық және санаторий-курорттық қызметтi

      Республика Үкiметi белгiлеген тәртiппен пайдаланады.

      VI Тарау

      Мемлекеттiк тергеу комитетiн қаржымен және

      материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      29-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiн қаржыландыру

      1. Мемлекеттiк тергеу комитетiн қаржыландыру республикалық

      бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      30-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiн

      материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      1. Мемлекеттiк тергеу комитетiн материалдық-техникалық


      қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Республика Үкiметi

      белгiлейдi.

      2. Қызметтiк үй-жайларын, байланыс және көлiк құралдарын

      Республика Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар бередi.

      3. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң темiржол, су, әуе

      көлiгiндегi, қорғаныс объектiлерiндегi, Қарулы Күштерiндегi

      органдары қызметтiк үй-жайларымен, байланыс құралдарымен тиiстi

      органдар мен ұйымдардың есебiнен қамтамасыз етiледi, олар сондай-ақ

      бұларды пайдалану жөнiндегi шығындарды да өтейдi.

      VII Тарау

      Қорытынды ережелер

      31-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң

      қызметiне қаржылық бақылау

      Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн

      бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.

      32-бап. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметiне

      прокурорлық қадағалау

      Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң анықтама, тергеу және

      жедел-iздестiру қызметiн жүргiзуi кезiнде заңдардың дәл және

      бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының

      Бас Прокуроры мен оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.

      33-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртiбi

      1. Осы Жарлық 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      2. Осы Жарлықтың күшi сондай-ақ Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң осы Жарлық күшiне енгенге дейiн жұмысқа қабылданған қызметкерлерiне, жұмысшылары мен қызметшiлерiне қолданылады.


      34-бап. Осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiндегi шаралар


      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi шараларды қолданатын болсын.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi:

      1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қатардағы және басшы құрамы адамдарының қызмет өткеруi жөнiндегi Ереже мен "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қатардағы және басқы құрамның арнаулы атақтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының жобаларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына ұсынсын;

      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.


      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады