Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының педагогтары, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу қағидаларын және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысының 2024 жылғы 28 қазандағы № 1-8/52 өкімі.

      "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 10) және 11) тармақшаларына сәйкес:

      1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының педагогтары, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу қағидалары және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімі осы өкімді Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
Д. Малахов

  Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесі
Төрағасының
2024 жылғы 28 қазандағы
№ 1-8/52 өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы педагогтары, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы (бұдан әрі – Академия) педагогтары, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-2 бабының 10) және 11) тармақшаларына сәйкес әзірленген және Академия штаттық кестесінде қарастырылған педагогтары, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу және педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының тәртібін анықтайды.

      2. Педагог, ғылыми жұмыскердің бос лауазымына орналасуға конкурс бос лауазым болған кезде Академиямен жүзеге асырылады.

      3. Академияның педагогтары, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасуға конкурсқа осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес Академияның педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі.

2 тарау. Конкурс туралы хабарландыру

      4. Академияда педагогтың, ғылыми жұмыскердің бос лауазымы болған жағдайда, Академия конкурс өткізу туралы хабарландыруды электрондық еңбек биржасының Enbek.kz сайтында және Академияның сайтында орналастырады.

      5. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.

      6. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) біліктілік сипаттамаларын көрсете отырып педагогтардың, ғылыми жұмыскерлердің бос лауазымының ататуы;

      2) Академияның орналасқан жері, пошталық мекен-жайы, телефоны көрсетілген атауы;

      3) құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні мен уақыты.

3 тарау. Конкурстық комиссияны қалыптастыру

      7. Академияның педагогтары, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына тағайындауға арналған конкурстық комиссияның (бұдан әрі – конкурстық комиссия) құрамында кемінде бес адамнан тұратын, олардың ішінен төраға мен хатшы тағайындалатын, Академия Ректорының бұйрығымен құрылады.

      Конкурстық комиссияның құрамына құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ Академияның басқа да қызметкерлері кіреді.

      Конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесімен (бұдан әрі – Кеңес) келісімімен Кеңес Аппаратының өкілдері, сондай-ақ Кеңес мүшелері енгізілуі мүмкін.

      Конкурс комиссиясының хатшысы Академия қызметкерлерінің арасынан тағайындалады, оның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

      8. Конкурстық комиссия жұмысының негізгі міндеттері:

      1) конкурсқа қатысу үшін барлығына бірдей мүмкіндік беру;

      2) конкурсқа қатысушылар арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету;

      3) конкурсты өткізудің әділдігінің, жариялығының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      4) конкурстық комиссия отырысының кестесін анықтау;

      5) конкурстық құжаттамаларға талдау жүргізу;

      6) конкурстың қорытынды бойынша шешім шығару болып табылады.

4 тарау. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау

      9. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, Академия ректорының атына өтініш жазады (ерікті нысанда). Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

      1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

      2) өмірбаян;

      3) тиісті мамандық бойынша жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері;

      4) дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері (ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе философия (академиялық) докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор дәрежесі;

      5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

      6) соңғы бес жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі;

      7) Clarivate (Кларивэйт) компаниясының Journal Citation Reports (Цитейшн reports журналы) деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) дерекқорында Сitescore (СайтСкор) бойынша білім беру саласына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша бағдарламаға (болған жағдайда) кемінде 35 (отыз бес) процентиль көрсеткіші бар басылымдардағы жарияланымдардар тізімі;

      8) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтама (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелген);

      9) наркология және психотерапия орталығынан анықтамалар;

      10) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

      11) Egov ақпараттық жүйесі беретін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

      Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар беруге құқылы.

5 тарау. Конкурсты өткізу тәртібі

      10. Конкурс мына кезеңдерден тұрады:

      1) Академияның педагогтарының, ғылыми жұмыскерлерінің бос лауазымдарға орналасуға кандидаттардан өтініштер мен қоса берілген құжаттарды қарау;

      2) үміткерлермен әңгімелесу өткізу;

      3) конкурстың қорытындыларын шығару.

      11. Академия:

      1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

      2) конкурс өткізілетін күн мен орынды белгілейді;

      3) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;

      4) комиссия отырысын ұйымдастырады.

      12. Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін қажетті құжаттарды табыс еткен азамат конкурсқа қатысушы болып табылады.

      13. Академияның педагогтары, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына тағайындау конкурсы ұсынылған материалдарды зерделеу негізінде және кәсіби деңгейін айқындау үшін әрбір лауазым бойынша әңгімелесу нысанында өткізіледі. Әңгімелесудің мақсаты конкурсқа қатысатын кандидаттың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

      Конкурстық комиссия мүшесінің бағалауы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      14. Кандидат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бос лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге енгізіледі.

      15. Кандидатпен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін әр кандидаттың аты-жөнінің қасында жазылған "келісемін" немесе "келіспеймін" деген сөздерді белгілеу арқылы көрсетіледі.

      Конкурстық іріктеуде бір лауазымға екі және одан да көп кандидат қатысқан жағдайда, кандидаттың келісетіндігі немесе келіспейтіндігі көрсетілмеген болса, не екі нұсқада сызылған бюллетень жарамсыз деп танылады.

      16. Дауыстарды санау үшін конкурстық комиссия жасырын дауыс берудің алдында конкурстық комиссия арасынан кемінде үш адамнан тұратын есептеу комиссиясын сайлайды. Есептеу комиссиясы әр кандидатура бойынша берілген дауыстардың нәтижесін жариялайды. Есептеу комиссиясының хаттамасын конкурстық комиссия бекітеді және конкурс материалдарына қосады.

      17. Конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде үштен екі мүшесі дауыс беруге қатысқан жағдайда, конкурстық комиссияның шешімі жарамды болып саналады.

      18. Кандидат, егер оған комиссия құрамынан қатысып отырған мүшелердің көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытындыға ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      19. Құпия дауыс берудің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия бос лауазымға әр үміткер бойынша еңбек шартын жасау үшін "Академия ректорына ұсынылады" немесе "Академия ректорына ұсынылмайды" деген жазумен ұсынымдар дайындайды.

      Комиссия хатшысы конкурсқа қатысқан тұлғаларды конкурстың нәтижелерімен және конкурстық комиссияның ұсынымдарымен таныстырады.

      20. Еңбек шарты конкурс комиссиясының ұсынымдары және Академия ректорының шешімі негізінде он күнтізбелік күн ішінде жасалады.

6 тарау. Шағымдану тәртібі

      21. Конкурсқа қатысушы өзіне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімімен таныса алады.

      22. Конкурстық комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен шағымдана алады.

  "Қазақстан Республикасы
Жоғары Соты Кеңесінің
жанындағы Сот төрелігі
академиясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
педагогтары, ғылыми
жұмыскерлері лауазымдарына
орналасу және педагог
лауазымдарының біліктілік
сипаттамаларының
қағидаларына
1 қосымша

Ғылыми-білім беру орталығының профессоры

Біліктілік сипаттамалар

Білімі

Жоғары "Бизнес, басқару және құқық", "Өнер және гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" саласындағы білім, ғылым кандидаты, ғылым докторы, академиялық философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің болуы.

Жұмыс тәжірибесі

Теріс себептермен өз өкілеттігін тоқтатқан судьяларды қоспағанда, ғылыми-педагогикалық қызметте немесе судья лауазымында не сот қызметіне қатысы бар салада кемінде он жыл жұмыс өтілі; ғылыми еңбектерінің болуы.

Білуі керек

Қазақстан Республикасының Конституциясы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің, сот жүйесінің жұмыс істеу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу; мемлекеттік, орыс және мүмкіндігінше шет (ағылшын) тілдерін білу.

Іскерлігі

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу қабілеті, жұмысты жүйелеу және ол бойынша есептер жасай білу, өз құзыреті шегінде шешім қабылдау. Педагогикалық технологияларды меңгеру, оқытудың түрлі түрлерін, әдістерін, құралдары мен технологияларын тиімді қолдана білу. Оқытудың инновациялық және қашықтықтан әдістерін қолдана білу. Сот төрелігі органдарының қызметі саласында талдау мен зерттеулер жүргізу және болжам жасау; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін өңдеу, жүйелеу және ұсыну; ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру кезінде сапалық және сандық талдау әдістерін қолдану; зерттеу нәтижелерін жалпылау. Компьютерлік техникада жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.

Тұлғалық сипаттамалары

Жауапкершілік, стресс тұрақтылығы, бастамашылдық, қызмет тұтынушыларына бағдар беру және оны ақпараттандыру, парасаттылық, өзін-өзі дамыту қабілеті, жұмыстағы жеделдік, әріптестермен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау, стратегиялық ойлау.

Ғылыми-білім беру орталығының доценті

Біліктілік сипаттамалар

Білімі

Жоғары "Бизнес, басқару және құқық", "Өнер және гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" саласындағы білім, ғылым кандидаты, ғылым докторы, академиялық философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің болуы.

Жұмыс тәжірибесі

Теріс себептермен өз өкілеттігін тоқтатқан судьяларды қоспағанда, ғылыми-педагогикалық қызметте немесе судья лауазымында не сот қызметіне қатысы бар салада кемінде он жыл жұмыс өтілі; ғылыми еңбектерінің болуы.

Білуі керек

Қазақстан Республикасының Конституциясы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің, сот жүйесінің жұмыс істеу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу; мемлекеттік, орыс және мүмкіндігінше шет (ағылшын) тілдерін білу.

Іскерлігі

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу қабілеті, жұмысты жүйелеу және ол бойынша есептер жасай білу, өз құзыреті шегінде шешім қабылдау. Педагогикалық технологияларды меңгеру, оқытудың түрлі түрлерін, әдістерін, құралдары мен технологияларын тиімді қолдана білу. Оқытудың инновациялық және қашықтықтан әдістерін қолдана білу. Сот төрелігі органдарының қызметі саласында талдау мен зерттеулер жүргізу және болжам жасау; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін өңдеу, жүйелеу және ұсыну; ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру кезінде сапалық және сандық талдау әдістерін қолдану; зерттеу нәтижелерін жалпылау. Компьютерлік техникада жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.

Тұлғалық сипаттамалары

Жауапкершілік, стресс тұрақтылығы, бастамашылдық, қызмет тұтынушыларына бағдар беру және оны ақпараттандыру, парасаттылық, өзін-өзі дамыту қабілеті, жұмыстағы жеделдік, әріптестермен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау, стратегиялық ойлау.

  "Қазақстан Республикасы
Жоғары Соты Кеңесінің
жанындағы Сот төрелігі
академиясы" педагогтары,
ғылыми жұмыскерлері
лауазымдарына орналасу және
педагог лауазымдарының
біліктілік сипаттамаларының
қағидаларына 2 қосымша

БАҒАЛАУ ҚАҒАЗЫ

Конкурстық комиссия

      (Академия ректорының ______________ № __________бұйрығымен бекітілген)

      20_____ ж. ____________ отырысы № ____________ хаттамасы

      лауазым _________________________________________________________________

      ғылыми-білім беру орталығы _______________________________________________

      үміткердің Т.А.Ә. ______________________________________________

1. ДЕРЕКТЕРДІ БАҒАЛАУ

Біліктілік талаптар

Бағалау өлшемдері

Ескертпе

Білімі

сәйкес/сәйкес емес


Дәрежесі/атағы

сәйкес/сәйкес емес



5

4

3

2

1


Кәсіби тәжірибесі







Кәсіби талаптар (жарияланымдардың, оқу басылымдарының болуы, іргелі және/немесе ғылыми қолданбалы жобаларға жетекші немесе орындаушы ретінде қатысуы)







Тілдерді білу







2. ӘҢГІМЕЛЕСУДІ БАҒАЛАУ

Сұрақтар

5

4

3

2

1

Ескертпе

1








2








3








      _________________________________________________

      Конкурстық комиссия мүшесінің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Қолы __________________

      Күні _____________

  "Қазақстан Республикасы
Жоғары Соты Кеңесінің
жанындағы Сот төрелігі
академиясы" педагогтары,
ғылыми жұмыскерлері
лауазымдарына орналасу және
педагог лауазымдарының
біліктілік сипаттамаларының
қағидаларына
3 қосымша

"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беруге арналған бюллетень

      Конкурстық комиссия

      (Академия ректорының ______________ № __________бұйрығымен бекітілген)

      20_____ ж. ____________ отырысы № _______________ хаттамасы

      лауазым _________________________________________________________________

      ғылыми-білім беру орталығы _________________________________________________

      жарияланған бірліктер саны ____________

Үміткердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде)

Дауыс беру нәтижелері

1.


келісемін

келіспеймін

2.


келісемін

келіспеймін

3.


келісемін

келіспеймін

4.


келісемін

келіспеймін

5.


келісемін

келіспеймін

      Ескертпе:

      1. Аты-жөндері алфавитті тәртіпте енгізіледі.

      2. Кандидатураны "жақтап" дауыс беру нәтижелері "келіспейиін" сөзін сызып тастаумен, ал "қарсы" ж\дауыс берген жағдайда – "келісемін" сөзін сызып тастаумен білдіреді.

      3. Комиссия мүшесі "келісемін" деп дауыс берген кандидатура саны жарияланған бірлік санынан аспайды.

      4. Аталған талаптарды бұзу арқылы толтырылған бюллетень жарамсыз деп саналады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады