"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 717-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына қосымша 717 |
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі
2003 жылға арналған 030 "Мемлекеттер басшылары мен жеке лауазымды адамдардың қауіпсiздiгін қамтамасыз ету" республикалық бюджеттiк бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1143334 мың теңге (бір миллиард бip жүз қырық үш миллион үш жүз отыз төрт мың теңге). <*>
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.01.07. N 150г қаулысымен .2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 5 қазанындағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" Заңының 1, 2 , 21 және 22-баптары , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылдың 3 қаңтарындағы N 2742 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы ереже, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылдың 9 қарашасындағы N 480қ жарлығы, Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 12 желтоқсанындағы "2003 жылғы республикалық бюджет туралы" Заңы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентiнiң, онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң, сонымен қатар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы Заңының 1-2 бабына сәйкес басқа да мемлекеттiк лауазымдық тұлғалардың, Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде шет ел мемлекеттерi мен халықаралық ұйымдар басшыларының (күзетiлетiн тұлғалар) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: күзетілетiн тұлғалардың жеке басының қауіпсiздігін қамтамасыз ету, күзетiлетiн адамдар өмiрiне, денсаулығына, құқына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған қылмыс пен әкiмшiлiк тәртiп бұзушылықты анықтау, олардан сақтандыру және тыйып тастау, күзетiлетiн тұлғалардың меншiгiн күзету, қызметтiк жайларда және олар болатын басқа жерлерде қоғамдық тәртіппен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, күзетiлетiн тұлғалар мен күзету объектiлерiне төнген қатерлi болжау және анықтау, одан сақтандыру және залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар кешенiн жүзеге асыру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
!Бағ.!Кіші !Бағдарламаның! Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты
N!дар.!бағд.!(кіші бағдар.!(кіші бағдарлама ! асыру ! орындаушылар
!лама!коды ! ламаның) ! ны) іске асыру !мерзімі!
!коды! ! атауы ! жөніндегі ! !
! ! ! ! іс-шаралар ! !
------------------------------------------------------------------
1! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
1 030 Мемлекеттер Күзет қызметiн Жыл Күзет
басшылары ұстау және мемлекет бойы қызметі
мен жеке басшысы мен басқа
лауазымды да мемлекеттiк
тұлғалардың лауазымдық тұлғалар.
қауiпсiздiгiн дың, сондай-ақ
қамтамасыз Қазақстан Республи.
ету касының аумағында
болған кезде басқа
мемлекеттердiң
күзетiлетiн тұлғала.
рының қауіпсiздігін
қамтамасыз етуге
байланысты iс-шара.
лар жүргiзу
------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: мемлекет басшысының және басқа да мемлекеттiк лауазымдық тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде басқа мемлекеттердің күзетiлетiн тұлғаларының қауіпсiздігін қамтамасыз ету.