Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 қаңтардағы N 2742 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы N 607 Жарлығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.06.03  N 607  Жарлығымен.

      Қаулы етемiн:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы ереже бекiтiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң    
1996 жылғы 3 қаңтардағы 
N 2742 Жарлығымен 
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет
қызметi туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес құрылды және жұмыс iстейдi. 

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (бұдан былай - Күзет қызметi): 
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң және оның бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң, экс-Президенттердiң және Президент бекiтетiн тiзiм бойынша мемлекеттiң өзге де лауазымды адамдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болған кезiнде мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар басшыларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi; 
      2) <*>
      2) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз құзыретi шегiнде жалпы және арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзедi; 
      3) Күзет қызметi жұмысын қамтамасыз ету мүддесi тұрғысынан ақпараттық-талдау жұмысын жүргiзедi; 
      4) Күзет қызметi бөлiмшелерiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және өткiзедi; 
      5) Күзет қызметiн негiзiнен анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттiк органдары, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi мен арнаулы мемлекеттiк органдары әскери қызметшiлерiнiң арасынан кадрлармен жасақтайды, Күзет қызметiне жәрдемдеседi; 
      6) күзетiлетiн адамдар төңiрегiнде жұмыс iстеуге тартылатын адамдарды жедел зерделеу мен тексерудi жүзеге асырады; 
      7) мемлекеттiк, әскери және қызметтiк құпияларды сақтауды қамтамасыз етедi; 
      8) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ұйымдастыру-жедел шаралар жүйесiн әзiрлеп, жүзеге асырады; 
      9) Қазақстан Республикасының Күзет қызметi қызметiне ғылым, техника мен озық тәжiрибе жетiстiктерiн енгiзудi қамтамасыз етедi; 
      10) Күзет қызметiнiң штаттан тыс жедел қызметкерлерi ретiнде азаматтарды ерiктi негiздерде тартады; 
      11) Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында олардың келiсiмiмен мiндеттi әскери қызметте қалдыра отырып, мемлекеттiк органдар мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардағы штаттық қызметтердi атқаруға белгiленген тәртiппен жiбередi; 
      12) Күзет қызметiне Президент пен қолданылып жүрген заңдар жүктеген өзге де функцияларды атқарады. 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2)-тармақшасы алынып тасталды, 3)-9)-тармақшалар тиiсiнше 2)-8)-тармақшалар болып саналды, жаңа 10)-11)-тармақшалармен толықтырылды, 11)-тармақша 12)-тармақша болып саналды - ҚР Президентiнiң 1997.05.21. N 3512  жарлығымен.

      3. Күзет қызметiн бастық басқарады, оны: 
      1) Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды, қызметiнен босатады және әскери қызметтен босатады; 
      2) 
      3) Күзет қызметiнiң жұмысын басқарады және Президенттiң Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн дербес жауап бередi; 
      4) оның орынбасарлары, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады. Күзет қызметi бастығының бiрiншi орынбасары мен орынбасарларын Күзет қызметi бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 
      5) орынбасарлар арасында мiндеттер бөледi; 
      6) Күзет қызметiнiң құрылымын, Күзет қызметi құрылымдық бөлiмшелерiнiң ережелерi мен штат санын бекiтедi, Күзет қызметiнiң еңбекке ақы төлеу қоры мен бюджеттен тыс қаражатының шегiнде қызметтiк үй-жайларды, ғимараттар мен әлеуметтiк-тұрмыстық және шаруашылық мақсатқа арналған объектiлердi пайдалану, күзету және қызмет көрсету жөнiндегi жұмысшылар мен қызметкерлер санын белгiлейдi; 
      7) Республика Президентiне Күзет қызметi қызметкерлерiнiң жалпы саны және оны ұстау шығыстарының сметасы туралы ұсыныстар енгiзедi; 
      8) қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды Республиканың Президентi жүзеге асыратындарын қоспағанда, Күзет қызметi қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады; 
      9) қызметкерлердi наградтайды және көтермелейдi, оларға материалдық көмек көрсетедi, наградтау, көтермелеу және материалдық көмек көрсету тәртiбiн айқындайды; 
      10) Күзет қызметi қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады; 
      11) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен, заңды тұлғалармен және шет мемлекеттердiң арнаулы және құқық қорғау органдарымен өзара қарым-қатынаста Күзет қызметi атынан өкiлдiк етедi; 
      12) Күзет қызметiнiң барлық қызметкерлерi мiндеттi түрде орындауға тиiс бұйрықтар, өкiмдер мен нұсқаулықтар шығарады, нұсқаулар бередi; 
      13) Күзет қызметiнiң қызметшiлерi атқаратын офицерлер мен прапорщиктер қызметтерiнiң тiзбесiн бекiтедi; 
      14) күзетiлетiн адамдардың, объектiлердiң бейбiт уақыттағы, сондай-ақ төтенше жағдайлардағы және айрықша кезеңдегi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде Күзет қызметi күшi мен құралдарын пайдалану тәртiбiн анықтайды; 
      15) Күзет қызметiнiң мүлкi мен ақша қаражатына иелiк етедi; 
      16) тарифтiк разрядтар, оларға қосылатын үстеме ақы мен қосымша ақы мөлшерiн, сыйақы беру тәртiбiн, зейнетақы есептеу үшiн тұрақты сипаттағы қосымша ақша үлесiн (процент есебiмен) белгiлейдi және бекiтедi; 
      17) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерiктi негiзде Күзет қызметiне мiндеттi әскери қызметке алады, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес оларға полковник атағын қоса алғанда оған дейiнгi әскери атақтар бередi және оларды мiндеттi әскери қызметтен босатады. Кейбiр жағдайларда жоғары бiлiктi мамандарды жұмыс стажын еңбек сiңiрген жылдарына есептей отырып, мiндеттi әскери қызметке және жұмысқа қабылдайды; 
      18) офицерлiк құрамның адамдарын лауазымы бойынша ауыстырып отырады; 
      19) Күзет қызметi бастығының жанындағы кеңестiң дербес құрамын бекiтедi, оның жұмысын ұйымдастырады және өзiнiң бұйрығымен оның шешiмдерiн жария етедi; 
      20) Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына Күзет қызметiнiң жұмысын жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 
      21) Күзет қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажет қару-жарақты, арнаулы техниканы, арнаулы құралдарды, байланыс құралдарын және басқа өнiмдi әзiрлеу мен алып-берiп тұру мақсатында заңды тұлғалармен, оның iшiнде шетелдiк тұлғалармен шарттық қатынастар жасасады; 
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi шешу үшiн қажеттi ұйымдар құрады. 
      22) Күзет қызметi әскери қызметкерлерiнiң әскери киiм үлгiсiн киiп жүру ережелерiн белгiлейдi; 
      23) Күзет қызметi қызметкерлерiнiң жеке басының куәлiгi мен бәсiрелi жетондарының үлгiсiн және оны оларға беру мен есепке алу тәртiбiн белгiлейдi; 
      24) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне берiлген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 2)-тармақшасы алынып тасталды, 14)-тармақшадан сөздер алынып тасталды - ҚР Президентiнiң 1997.03.05. N 3396  жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 4)-тармақшасы жаңа редакцияда,        16)-тармақшасынан сөздер алынып тасталды - ҚР Президентiнiң 1997.05.21. N 3512  жарлығымен.
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 6)-тармақшасы өзгертiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.11.04. N 3730  жарлығымен.

      4. Күзет қызметiнiң бастығы болмаған кезде оның мiндеттерiн бастықтың тапсыруы бойынша орынбасарларының бiрi атқарады. 

      5. Күзет қызметiнде Күзет қызметi бастығының жанынан кеңес құрылады. Кеңес өз отырыстарында жедел-қызмет iстерiнiң неғұрлым маңызды мәселелерiн қарайды және бұлар бойынша жай көпшiлiк дауыспен келiсiлген шешiмдер қабылдайды. Төраға мен кеңес мүшелерi арасында келiспеушiлiк туған жағдайда төраға өз шешiмiн қабылдайды және туындаған келiспеушiлiктер туралы Республика Президентiне хабарлайды. 
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚР Президентiнiң 1997.05.21. N 3512  жарлығымен.

      6. Күзет қызметiнде офицер кадрларының әлеуметтiк-құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың әлеуметтiк қажеттерiн iске асыруға, шығармашылық қарым-қатынасты дамытуға, жалпы және әскери мәдениеттi, әскери борышты орындауда белсендiлiктi арттыруға, офицер ар-ұжданы мен абыройы, патриотизм мен интернационализм сезiмiн тәрбиелеуге жәрдемдесуге тиiстi тұрақты қызмет атқаратын ынталы қоғамдық ұйым - офицерлiк жиналыс жұмыс iстейдi. 
       ЕСКЕРТУ. 6-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚР Президентiнiң 1997.05.21. N 3512  жарлығымен.

      7. Күзет қызметiн материалдық-техникалық және азық-түлiкпен қамтамасыз ету тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 

      8. Күзет қызметi әскери қызметшiлерiн медициналық қамтамасыз ету, медициналық мүлiкпен және дәрi-дәрмекпен жабдықтау Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде қолданылатын нормалар мен талаптарға орай жүзеге асырылады. 

      9. Әскери қызметшiлердi, олардың отбасы мүшелерiн, сондай-ақ әскери қызметтен зейнет демалысына қызмет көрсетiлу құқығы сақталып босатылған адамдарды медициналық қамту Қазақстан Республикасының анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк органдары мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланның әскери-медициналық мекемелерiнде жүзеге асырылады. 

      10. Күзет қызметi қызметкерлерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету басқа ведомстволармен тұрғын үй құрылысын салуға үлестiк қатысуды қоса алғанда, тұрғын үй салу республикалық бюджет қаражаты есебiнен дайын тұрғын үй сатып алу, сондай-ақ жеке тұрғын үй салу жолымен жүзеге асырылады. 

      11. Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм үлгiсi мен айырым белгiлерi болады, олардың үлгiсiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 

      12. Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң жеке басының куәлiгi және белгiленген үлгiдегi бәсiрелi жетоны болады. 

      13. Президент Күзет қызметi әскери қызметшiлерiне зейнетақы тағайындау үшiн және еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк қосымша үстеме ақы төлеу үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеу үшiн мiндеттi әскери қызмет стажына жеңiлдiктi жағдайда қызмет өткерген бiр айы бiр жарым ай болып есептелетiн қызметi қосылады. Бұл жеңiлдiктермен пайдаланатын әскери қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн Президент Күзет қызметiнiң бастығы айқындайды. 

      14. Реактивтi және турбовинттi авиация ұшақтарымен ұшу сапарларында лауазымды мiндеттерiн орындайтын әскери қызметшiлерге олар Республиканың Үкiметi белгiлеген ұшу сағаттары нормаларын орындаған жағдайда зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарына жеңiлдiктi жағдайда қызмет өткерген бiр айы екi ай болып есептеледi. 

      15.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 15-тармақ күшiн жойды - ҚР Президентiнiң 1996.05.08. N 2984  жарлығымен.

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады