Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет
кодексiне
сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
395-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылға 22 желтоқсандағы
N 1354 қаулысына
395-ҚОСЫМША
Ескерту. 395-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.25. N 509 қаулысымен.
637 - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
қызметінiң қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 116488 мың теңге (бiр жүз он алты миллион төрт жүз сексен сегiз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Бюджет кодексі
; "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 1-30-баптары; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету туралы" 1996 жылғы 28 наурыздағы N 2920
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк аппараттың жұмысын жақсарту, бюрократизмге қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 427
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлер Тiзiлiмiн санаттар бойынша бекiту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төрағасының, мүшелерiнiң және оның аппаратының қызметiн қамтамасыз ету. Қойылып отырған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес, өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi түрде орындау және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру мақсатында кәсiби қызметi саласындағы оқыту бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмдерiн, шеберлiгi мен ептiлігін жаңарту.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi Төрағасының, мүшелерiнiң және оның аппаратының өздерiне жүктелген мiндеттерiн мейлiнше тиiмдi орындау мақсатында қызметiн қамтамасыз ету.
Мемлекеттiк органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне бiр мезгiлде ену, локалдi мiндеттердi сүйемелдеу, Конституциялық Кеңестiң есептеу техникасына ақпараттық-техникалық қызмет көрсету. Мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби бiлiктiлігін көтеру. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметiн материалдық-техникалық және бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 001 Қазақстан
Респуб-
ликасы
Конститу-
циялық
Кеңесiнiң
қызметін
қамтама-
сыз ету
2 001 Орталық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
органның касы Конституция- бойы Республикасы-
аппараты лық Кеңесiнiң ның Конститу-
Төрағасын, мүшеле- циялық Кеңесi
рiн және оның
аппаратын 37 бiрлiк
деп бекiтiлген
лимит саны шегiнде
ұстау. Бекiтiлген
тиiстi норматив
бойынша 9 бiрлiк
автокөлiктi ұстау,
жалға алу, жылы
боксты жалға алу.
Қазақстан Республи-
касы Конституция-
лық Кеңесiнiң
әкiмшiлiк-шаруашы-
лық қызметiн
қамтамасыз ету және
құны 40 AEК-тен аз
өзге де тауарлар
сатып алу;
Ұйымдастыру тех-
никасы құралдарын
және өзге де негiзгi
құралдарды техника-
лық сүйемелдеу,
қызмет көрсету және
жөндеу жүргiзу:
ксерокстер - 3
бiрлiк, факстар - 2
бiрлiк.
3 007 Мемлекеттiк Біліктiлiк арттыру- Жыл Қазақстан
қызметшi- дың бекiтілген бойы Республикасы-
лердiң бағдарламасы бойын- ның Конститу-
бiлiктiлi- ша мемлекеттік циялық Кеңесi
гiн арттыру қызметшiлердiң
бiлiктілігiн артты-
ру, соның iшiнде
мемлекеттік және
ағылшын тiлдерiн
оқыту жөнiндегi
қызметтердi сатып
алу, бiлiктілік
арттыру курстары-
нан өтiп жатқан
мемлекеттiк қызмет-
шілердiң орташа саны
29 тыңдаушы.
4 009 Мемлекеттiк Сатып алу: сплит Жыл Қазақстан
органдарды жүйе (ауаны ылғалда- бойы Республикасы-
материал- тып, тазалатқыш) - ның Конститу-
дық-техни- 7 бiрлiк, d-72 циялық Кеңесi
калық теледидар - 1 бiр-
жарақтан- лiк, столға қоятын
дыру жиынтық - 6 жиынтық,
цифрлы фотокамера -
1 бiрлiк, еденге
қойылатын сағат - 1
бiрлiк, еденге
қойылатын сейф - 9
бiрлiк, металл шкаф-
тар - 6 бiрлiк,
құпиялылығы 2,5
деңгейлi шредер - 2
бiрлiк, Алтын адам -
1 бiрлiк, Тәуелсiз-
дiк нышаны - 1 бiр-
лiк, Фемида - 1
бiрлiк, конгресс
желi - 1 десте,
факсимильдi аппарат
- 1 бiрлiк,
УРВ кулер-диспенсер
- 6 бiрлiк.
5 017 Ақпараттық Шығындық материал- Жыл Қазақстан
жүйелер- дар, жинақтауыш бойы Республикасы-
дiң жұмыс және перифериялық ның Конститу-
iстеуiн материалдар. Beб- циялық Кеңесi
қамтамасыз өкiлдiктi және
ету және веб-хостингтi
мемлекеттiк сүйемелдеу.
органдарды "1С-бухгалтерия"
ақпараттық- бағдарламалық
техникалық сүйемелдеушi және
қамтамасыз бейiмдеуiш. 29
ету тұтынушыға арналған
электрондық почта
және Интернет
бойынша қызмет.
Ұйымдастыру техни-
касы құралдарына
және өзге де негiз-
гi құралдарға:
жұмыс станциялары
(cepвep - 1 бiрлiк,
компьютерлер - 29
бiрлiк, принтерлер
- 27 бiрлiк) техни-
калық сүйемелдеу,
қызмет көрсету және
жөндеу жүргiзу.
Активтер сатып алу:
коммутатор 24 роrt
10/100 Mbit - 2
бiрлiк, сұйық-крис-
талды монитор - 18
бiрлiк, лазерлi
принтер - 11 бiрлiк,
Pentium 4.2 компьюте-
рi - 14 бiрлiк,
ноутбук - 3 бiрлiк.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Аппаратқа жүктелген мiндеттердiң сапалы және уақытылы орындалуы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң үздiксiз қызмет iстеуi. Қазiргi заманғы экономикалық жағдайға сәйкес, кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына сай мемлекеттiк қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру.