2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық)

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:
      10-қосымшаға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың;

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1235 қаулысына    
10-ҚОСЫМША        

106 - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2006 жылға арналған
"Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 30324 мың теңге (отыз миллион үш жүз жиырма төрт мың теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентінің "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін белгілеу туралы" 2002 жылғы 19 қыркүйектегі N 947  Жарлығы ; "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 992  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1094  Жарлығы ; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 3 қазандағы 1996 жылғы N 1217  қаулысы ; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламент депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22 қыркүйектегі 2000 жылғы N 1428  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :  республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін жетілдіру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалауды, адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі шаралар қабылдауды жүзеге асыру.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету және оған адамның және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын бақылауды жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының құқықтар мен бостандықтар және халықты құқықтық ағарту саласындағы заңдарын жетілдіруде, жан-жақты жәрдемдесу. Лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, дағдылар мен машықтарды жаңарту.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші бағ-
дар-
лама
коды

Кіші бағдар-
ламалар-
дың
атауы

Бағдарламаны
іске асыру
жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орын-
даушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Адам
құқықтары
жөніндегі уәкілдің
қызметін
қамтама-
сыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық
органның
аппараты

Бекітілген штат саны
лимитінің шегінде
Адам құқықтары
жөніндегі уәкіл мен
оның аппаратын ұстау.
Мониторингті жүзеге
асыру, ақпаратты
қорту, жүйелеу және
талдау. Адам
құқықтары мен
бостандықтары
саласындағы заңнаманы жетілдіру
мәселелері жөніндегі
қорытындылардың
жобаларын даярлау. Құқық қорғау
іс-шараларын өткізу. Қызметтік
автокөлікті жалдау, ұйымдастыру
техникасын ұстау, байланыс қызметте-
рін, полиграфия
қызметтерін
сатып алу, бланк өнімдерін сатып алу,
құқық қорғау іс-ша-
раларын өткізу
үшін баннер сатып
алу.

Жыл
бойы

Адам
құқық-
тары
жөнін-
дегі
ұлттық
орталық

3

  

007

Мемле-
кеттік
қызметші-
лердің
білікті-
лігін
арттыру

Мемлекеттік
қызметшілердің
адамның құқықтарын,
бостандықтарын
қорғау саласындағы
біліктілігін арттыру
жөніндегі қызметтер-
ді сатып алу.
Мемлекеттік тілді
оқыту.

1-3
тоқсан 

Адам құқық-
тары жөнін-
дегі
ұлттық
орталық

4

  

009

Мемлекет-
тік орган-
дарды
материал-
дық-тех-
никалық
жарақ-
тандыру

Арнаулы мекемелерге бару кезінде олардың
жұмысын құжаттау,
инспекциялау үшін
бейнекамера сатып
алу. Файлдарға
арналған шкафтар,
қағаздарға арналған
шкафтар, диктофон-
дар, бейнемагнито-
фон, мобилді
тумбалар сатып алу.

сәуір-
мамыр
айлары

Адам құқық-
тары жөнін-
дегі
ұлттық
орталық

5

  

017

Ақпарат-
тық жүйелер-
дің жұмыс
істеуін
қамтама-
сыз ету және
мемлекет-
тік орган-
дарды
ақпарат-
тық-тех-
никалық
қамтама-
сыз ету

Шығыс материалдарын сатып алу.
Есептеу техникасы құралдарына
жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
Интернет желісіне қол жеткізу
қызметтері және электрондық пошта.
Ақпараттық жүйелер мен жергілікті
міндеттерді сүйемелдеу.

Жыл
бойы

Адам құқық-
тары жөнін-
дегі
ұлттық
орталық

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:  Тікелей нәтиже:
- Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық лимитіне сай саны 15 бірлік аппараты ұстау;
- Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың лауазымды адамдар мен ұйымдардың олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және халықаралық шарттармен кепілдік берілген құқықтарын және бостандықтарын бұзатын іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарын қарауы;
- Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің есебін қазақ және орыс тілдерінде 500 данадан шығару және Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы хабардар ету үшін Президентке, Парламентке, Үкіметке, Жоғарғы сотқа, Бас прокуратура мен басқа да орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға жіберу, Қазақстан Республикасының елшіліктері мен халықаралық ұйымдарына жіберу;
- саны 4 адамның кәсіби деңгейін арттыру, саны 15 адамға мемлекеттік тілді оқыту;
- Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін ресми хабарлар дайындау;
- іс-әрекеттері адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға әкеп соққан адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл енгізетін ұсынымдар дайындау;
- мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытумен 100% қамтамасыз ету;
- жиһазбен 100% қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже:
- адам мен азаматтың, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың бұзылған, Конституциямен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін 26,6 пайызға арттырудағы қажеттілікті қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға жұмсалатын шығындар - 1984,3 мың теңге;
- Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бір штаттан тыс қызметкерін ұстауға жұмсалатын шығындар - 150,0 мың теңге;
- бір мемлекеттік қызметшінің кәсіптік біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындары - 22,0 мың теңге;
- Ұлттық орталықтың бір мемлекеттік қызметшісіне мемлекеттік тілді оқытуға жұмсалатын орташа шығындары - 11,5 мың теңге.
Уақтылығы:
- азаматтардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімде қарау;
- орталықтың жоспарына сәйкес жоспарланған іс-шараларды орындау;
- жасатылатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту.
Сапасы:
- қарауға қабылданған азаматтардың шағымдарын қанағаттандыру және олар бойынша шағын иелеріне жауаптар жіберу;
- кәсіптік мемлекеттік қызмет талаптарына сай, қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткеннен кейін іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметшілердің 40 пайыз үлесі, біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғарғы тұрған лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің 6,6 пайыз үлесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады