Ақжайық ауданының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 9 маусымдағы N 23-6 шешімі. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 22 тамыздағы № 25-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 22.08.2006 № 25-2 шешімімен.
      Ауданның елді мекендерін көркейтудің негізі ретінде жасыл желекті екпелердің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімдігінің ұсынысын ескере отырып аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақжайық ауданының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесі" бекітілсін.
      2. Ақжайық аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 18-қарашадағы № 2-3 "Ақжайық ауданы аумағында жасыл желектілерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру Ережесін бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу № 2365, 2003 жылғы 28-қараша) шешімінің күші жойылсын.
      3. Шешім аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
      Сессия төрағасы М. Нұрғалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Қайрекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады