Ақжайық ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2003 жылғы 18 қарашадағы N 2-3 шешімі. Батыс Қазақстан облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 28 қарашада N 2365 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2006 жылғы 9 маусымдағы № 23-6 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 09.06.2006 № 23-6 шешімімен (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-ІІ Заңының 6 бабына және 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" N 155-ІІ Кодексінің 300, 387 баптарына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақжайық ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелері бекітілсін (қосымша N 1).
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы М. Нұрғалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Қайрекеев

  2003 жылғы 18 қарашадағы
Ақжайық аудандық мәслихатының
Кезектен тыс ІІ сессиясының
N 2-3 шешімі N 1қосымша

Ақжайық ауданы аумағында жасыл желектерді
күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің
аумақтарын көріктендіру
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      Ақжайық ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қоргау елді мекендердің аумақтарын көркейту ережелері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" N 155-ІІ Кодексінің негізінде әзірленді.
      Осы ережелер Ақжайық ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау елді мекендерді көріктендіру бағытында заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапкершілігін арттыру мақсатында, олардың міндеттерін белгілейді.

2. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау

      2.1. Ауданның мемлекеттік ұжымдық, қоғамдық және басқа да кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелер, лауазымды адамдар, тұрғындар жасыл желектерді қорғау мен күтіп ұстау мақсатында мыналарды орындауға міндетті:
      1) қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мен қорғауға, жасыл желектерді қорғау шараларын жасауға;
      2) өз аумағында жасыл желектендіруді ұйымдастыруға.
      2.2. Аудан аумағында жасыл желектерді қорғау мақсатында мыналар тиым салынады:
      1) елді мекендердің айналасындағы, жол жиектердегі ағаштар, көпжылдық өсімдіктер мен көріктік бұтақтарды Заңсыз кесу, бүлдіру мен жоюға;
      2) үй жануарларын парк, демалу аймақтарында жаю, жоғарыдағы объектілердің ішіне, қоршауларына байлауға;
      3) егілген жасыл желектер мен гүл алаңдарын бүлдіруге;
      4) малды жасыл желек, ағаш егілген жерлерге бағуға, таптауға.

3. Елді мекендер аумағын көріктендіру

      3.1. Ауданның мемлекеттік ұжымдық, қоғамдық және басқа да кәсіпорындары, уйымдар мен мекемелері, лауазым иелері, тұрғын үйлердің тұрғындары елді мекендерді көріктендіру мен қалыпты санитарлық жағдайда ұстау мақсатында төмендегі талаптарды орындауға міндетті:
      1) құрылыс әлеуметтік тұрмыстық және мәдени объектілерді тұрғын үй шарбақ-аулалар мен қоршауларды сәулеттік, санитарлық және өрттен қорғау ережелеріне сәйкес ұстауға;
      2) кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелердің атауларын жазып маңдайшаларын дұрыс безендіруге;
      3) кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер, тұрғын үй иелері өз мекендері орналасқан жердің аумағын көше жиегіне дейін санитарлық талапқа сай тазалауға;
      4) өздерінің аумағын көріктендіруді ұйымдастыруға;
      5) әрбір жеке үй, пәтердің иесі өзінің үй-пәтерінің көше жақ емес бетінде ауыл округі әкімшілігімен келіскен тұрмыстық қатты (тамақ қалдықтарынан басқа) қалдықтар жинайтын алаңша жабдықтауға;
      6) тұрғын үй-жайларды иелері бұзып алатын жағдайда бұзылған үймен қосымша құрылыстардың орнын тазалап келтіруге.
      3.2. Елді мекендерді көріктендіру мақсатында аудан аумағында Заңды тұлғаларға, лауазымды адамдар мен азаматтарға төмендегіше тиым салынады:
      1) жергілікті атқару органдарының шешімінсіз өз бетімен дүңгіршектер, шатыр, кіші спорт алаңдарын, жарнама құрылымын, газет және хабарландыру қалғандарын салу мен аумақты қоршауға, аула шарбағынан тыс жерге және бетіне құрылыс (дәретхана, құдық, т.б.) салуға;
      2) адам жүретін жолдарға, көгалдарға, өзен жағасына, бөгет жыраларға көн-қоқыс, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға, моншаның лас суын өзенге, малға пайдаланатын суға төгуге;
      3) қоқысты, көңді және басқа да өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өз бетімен лақтырып шашуға;
      4) жергілікті атқару органдарының рұқсатынсыз ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бұзуға, жерді қопарып саман тас соғуға.

4. Жасыл желектерді ұстау мен қорғау елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік

      1) заңды тұлғалар, лауазымды адамдар және азаматтар осы ережелердің талаптарын орындалмағаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-ІІ Кодексінің 300, 387-ші баптарына сәйкес жауапқа тартылады.
      2) осы ереженің орындалуын қадағалау жергілікті атқару органдарына Ақжайық ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас инспекторға, санитарлық қызметінің мамандарына және аудандық ішкі істер бөлімдеріне жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады