Қызылорда облысының әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 480. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 1363 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 08.04.2019 № 1363 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда облысының әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Кеңес құрамы;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысы әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 480 қаулысымен бекітілген

Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы

      -Қызылорда облысының әкімі, кеңес төрағасы;

      -Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары, кеңес төрағасының орынбасары;

      -"Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының жетекшілік ететін орынбасары, комиссия хатшысы;

      Кеңес мүшелері:

      -Қызылорда қаласының әкімі немесе міндетін атқарушы;

      -"Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы немесе міндетін атқарушы;

      -Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы немесе міндетін атқарушы;

      -"Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы немесе міндетін атқарушы;

      -"Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы немесе міндетін атқарушы;

      -"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы немесе міндетін атқарушы;

      -"Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы немесе міндетін атқарушы;

      -Қызылорда облысы әкімі аппаратының Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы;

      -"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы немесе міндетін атқарушы (келісім бойынша);

      -Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы немесе міндетін атқарушы (келісім бойынша);

      -Қызылорда облысының әділет департаменті" мемлекеттік мекемесінің басшысы немесе міндетін атқарушы (келісім бойынша);

      -Қызылорда облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл салсындағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы немесе міндетін атқарушы (келісім бойынша);

      -"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ректоры (келісім бойынша);

      -"Қызылорда облысының ардагерлер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);

      -Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры немесе міндетін атқарушы;

      -"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы" Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің бас имамы (келісім бойынша);

      -жергілікті православиелік діни бірлестігі "Шымкент Епархиясы Қызылорда қаласы Қазан Құдай Ана иконасы храмының приходы" шіркеуінің настоятелі (келісім бойынша);

      -"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры немесе міндетін атқарушы (келісім бойынша);

      -облыстық "Сыр бойы" газетінің бас редакторы;

      -облыстық "Кызылординские вести" газетінің бас редакторы.

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 480 қаулысымен бекітілген

Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы кеңесші орган болып табылады.Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік-құқықтық актілердібасшылыққа алады.

      2. Кеңес мемлекеттік органдармен, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ аймақтық деңгейдегі үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттеседі.

      3. Кеңес шешімдері ұсыныстық сипатқа ие.

2. Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары

      4. Кеңестің мақсаты азаматтардың діни қызметпен айналысу және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу құқығын қамтамасыз ету, қоғамдағы рухани келісімді нығайту мен конфессияаралық қатынастарды үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

      5. Кеңестің негізгі міндеттері:

      1) аймақта қалыптасып отырған діни ахуалды жан-жақты және шынайы зерделеу, бағамдау және талдау;

      2) мемлекеттік органдарды аймақтағы діни ахуал және діни бірлестіктердің қызмет ету мәселелері бойынша заңнаманы сақтау туралы ақпараттандырып отыру;

      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңеспен өзара әрекеттесу;

      4) әртүрлі діни бірлестіктердің өкілдері арасындағы өзара сыйластық пен төзімділікті әрі қарай нығайта түсу.

      6. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесідей функцияларды жүзеге асырады:

      1) азаматтардың діни қызметпен айналысу және діни бірлестіктермен өзара әркеттесу құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға жәрдемдеседі;

      2) діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      3) діни бірлестіктер мен азаматтармен дін саласында ақпараттық-насихаттау және консультациялық-тәжірибелік жұмыстарын жүргізеді;

      4) деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсететін аймақтық орталықтармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;

      5) өзінен төменгі жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

3. Кеңес қызметі мен жұмыс тәртібін ұйымдастыру

      7. Кеңесті Төраға ретінде облыс әкімі басқарады.

      8. Кеңес Төрағасының облыс әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары болып табылатын орынбасары болады.

      9. Кеңес мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерінен, жергілікті мәслихат депутаттарынан, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысынан, дәстүрлі конфессиялардың дінбасыларынан, жоғары оқу орындарының басшыларынан, дінтанушы-ғалымдардан, қоғам қайраткерлерінен, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құралады.

      10. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде атқарады.

      11. Кеңес отырысы тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы Кеңес Төрағасының жеке бастамасымен немесе Кеңес мүшелерінің кемінде үштен бір бөлігінің өтінішімен шақырылады.

      12. Кеңес отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда құқықты деп есептеледі. Кеңес шешімдері отырысқа қатысқан жалпы мүшелердің басым дауысымен қабылданады. Дауыстар тең жағдайда Кеңес Төрағасының дауысы шешуші деп танылады.

      13. Кеңес мәселелерін пысықтау, отырыстарды дайындау, сараптамалық және талдау жұмыстарын жүргізу, өңірдегі конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу үшін Кеңес Төрағасы орынбасарының басшылығымен жұмыс топтарын құра алады.

      14. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіпте:

      1) Кеңес құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, діни ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға;

      2) Кеңес құзырына қатысты жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық деректер қорын пайдалануға;

      3) Кеңес отырыстарына кеңес құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін шақыруға;

      4) Үкімет жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңеске заңнаманы жетілдіру бойынша діни қызметпен айналысу құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын діни бірлестіктердің және шетелдік миссионерлердің қызметтеріне тыйым салуға қатысты ұсыныстарды енгізуге және жолдауға;

      5) Кеңес құзырына қатысты мәселелерге нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;

      6) Заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

4. Кеңес қызметін қамтамасыз ету

      15. Кеңес Төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерді іске асыруда жалпы қадағалауды жүзеге асырады.

      Төраға болмаған жағдайда оның функциялары Төраға орынбасарына жүктеледі.

      16. Облыс әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің жұмысшы органы "Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      17. Жұмыс органы жұмысты ұйымдастырады, отырысқа қажетті құжаттарды дайындайды және Кеңес отырысының хаттамаларын рәсімдеуді жүзеге асырады.

      18. Кеңес құзырына қатысты қажетті материалдарды әзірлеу мақсатында діни саламен айналысатын мекемелерді, білікті мамандар мен ғалымдарды жұмысқа тарта алады.

5. Кеңес қызметін тоқтату тәртібі

      19. Кеңес облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес өз қызметін тоқтатады.

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы 7 маусымдағы
№ 480 қаулысына 3-қосымша

Қызылорда облысы әкімдігінің жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) "Қызылорда облысының әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 61 қаулысы;

      2) "Қызылорда облысының әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 61 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 134 қаулысы;

      3) "Қызылорда облысының әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 61 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 295 қаулысы;

      4) "Қызылорда облысының әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 61 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы № 25 қаулысы;

      5) "Қызылорда облысының әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 61 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 352 қаулысы;

      6) "Қызылорда облысының әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 61 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 945 қаулысы;

      7) "Қызылорда облысының әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 61 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 1079 қаулысы;

      8) "Қызылорда облысының әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 61 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 260 қаулысы;

      9) "Қызылорда облысының әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңесті құру туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 61 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 515 қаулысы;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады