Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қыркүйектегі № 845 "Ақтау теңізпорты туралы" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесі туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1097 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 28 қарашасындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақтау теңізпорты" арнайы экономикалық аймақ құру туралы" № 853 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" № 702 Жарлығына сәйкес және "Ақтау теңізпорты" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2009 жылдың 9 қыркүйектегі № 1/1-1/17-372 санды хаты негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қыркүйектегі № 845 "Ақтау теңізпорты" арнайы экономикалық аймақ дирекциясы" мемлекеттік мекемесі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-95 санды тіркелген, 2008 жылғы 18 қазанда №162 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары М.Н. Молдагуловқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Қала әкімі С.Бекбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады