Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына және Қазақстан Републикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2011 жылы 07 қыркүйектегі № 810 Теректі ауылдық округіне сарып ауруына қойылған шектеуді тоқтату туралы ұсынысының негізінде, Теректі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Теректі ауылдық округі тұрғындарының меншігіндегі ұсақ мүйізді малдары арасынан, бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, қойылған шектеу іс-шаралары және карантин аймағының ветеринарлық режимі тоқтатылсын.
2. Теректі ауылдық округі әкімінің 2011 жылдың 15 тамызда № 11 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Теректі ауылдық округі әкімшілігінің мал дәрігері Абдихалик Рахимжанович Жакебаевқа жүктелсін.
Теректі ауылдық округінің әкімі: | Б. Әзімжанов |