Теректі ауылдық округінде карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағын ветеринария режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 15 тамыздағы N 11 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 16 қыркүйекте N 2-5-154 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің 20.09.2011 № 18 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасына және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспекторының 2011 жылғы 18 сәуірдегі N 8 ұсынысы негізіне сәйкес, Теректі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Теректі ауылдық округі тұрғындарының меншігіндегі ұсақ мүйізді малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімі

Б. Алтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады