Аудан әкімдігінің кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 269 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 31 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі "Казталов ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" №77 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде №7-8-125 22.04.2011 жылы тіркелген, аудандық "Ауыл айнасы" газетінде №21-22 санымен 6 мамыр 2011 жылы жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі "Казталов ауданы Бостандық ауылдық округі аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" №82 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде №7-8-126 22.04.2011 жылы тіркелген, аудандық "Ауыл айнасы" газетінде №21-22 санымен 6 мамыр 2011жылы жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулыдан туындаған шараларды алу аудан әкімінің аппарат басшысы М.Нұрмақовқа тапсырылсын.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады