Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңына, Маңғыстау облысы Әділет Департаментінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 2-12/13119 санды заң бұзуды жою туралы ұсыныс хатына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарақия ауданы әкімдігінің мына қаулыларының күштері жойылсын:
1) "Қарақия ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 54 "Нысаналы топтардан жұмыссыздары жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы және тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-4-80 нөмерімен тіркелген, 2009 жылы 31 наурыздағы № 14 "Қарақия" газетінде жарияланған);
2) Қарақия ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 10 маусымдағы № 156 "Қарақия ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы №54 "Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі туралы және тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-4-88 нөмерімен тіркелген, 2009 жылы 23 шілдедегі № 29 "Қарақия" газетінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған кезінен бастап күшіне енеді.
Әкім | Ә.Дауылбаев |