"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы", 2001жылы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылы 23 қаңтардағы № 149-ІІ заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарақия ауданының әкімдігінің 27.02.2009 жылғы "Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі туралы және тізбесін бекіту" (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11-4-80 нөмірмен тіркелген, жергілікті "Қарақия" газетінің 31.03.2009 жылы № 14 санында жарияланған) № 54 қаулысы 3 - қосымшамен толықтырылсын. (қосымша)
2. Қаулымен бекітілген 1 - қосымшасы 1 - тарауының 1 - тармағындағы "жергілікті бюджет" деген сөзден кейін үтір қойылып "республикалық бюджет" және 2-тарау 5 - тармағындағы "есебінен" деген сөзден кейін үтір қойылып "республикалық бюджеттен" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Қаулымен бекітілген 1 - қосымшасы 2 - тарауының 6 - тармағы алынып тасталсын.
4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі | Б.Батаев |
Келісілді:
Аудан әкімінің орынбасары
Г.Сүйеуова
10 маусым 2009ж
Әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің жетекшісі
С.Молжігітов
10 маусым 2009ж
Қарақия аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Е.Бегниязов
10 маусым 2009ж
Қарақия ауданының әкімдігінің "10 " маусым 2009 жылғы № 156 қаулысына № 3 қосымша |
2009 жылға халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесін және шығын мөлшері
Р/с | Мекемелер мен кәсіпорындардың атауы | Жіберіле-тін жұмыссыз-дар саны | Жұмыс түрлері | Жұмыс мер- зімі | Республика- лық және жергілікті бюджеттен төленетін еңбек ақының мөлшері, көлемінде (тенге) | Жұмыс көлемі |
1 | ЖШС "Сенек" | 80 | Мекендер-дің аймағын тазалау, көгалдан-дыру | 6 ай | - | Келі- сімге сай |
2 | МКК "Тұрмыс-Сервис" | 60 | | 6 ай | - | Келі- сімге сай |
3 | МКК "Мұнайшы-Сервис" | 158 | | 6 ай | - | Келі- сімге сай |
4 | Барлығы: | 298 | | 6 ай | - | |