Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына, Маңғыстау облысы әділет департаментінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 2-12/13119 "Заң бұзуды жою туралы Ұсыныс" хатына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 маусымдағы № 155 "Қарақия ауданында Жастардың іс-тәжірибесін ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-4-89 нөмерімен тіркелген, 2009 жылғы 14 шілдедегі № 40 "Қарақия" газетінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Т.Тәжібаевқа жүктелсін.
Әкім | Ә. Дауылбаев |