Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 121 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңын басшылыққа ала отырып, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арал ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің Нұсқаулықтарын бекіту туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 30 қаулысы (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 25 наурызында 10-3-154 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 25 санында ресми жарияланған);

      (өзгерістерімен қоса: "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің Нұсқаулықтарын бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 30 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 51 қаулысы (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 23 сәуірінде № 10-3-158 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 34 санында ресми жарияланған);

      "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің Нұсқаулықтарын бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 39 қаулысы (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 26 сәуірінде № 10-3-183 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 34 санында ресми жарияланған;)

      2) "Аудан көлемінде қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысы (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 11 сәуірінде 10-3-181 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 32 санында ресми жарияланған).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Арал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Ахметовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі М. Жайымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады