Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 11.04.2013 N 121 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жэне өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына және Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы кезекті жиырма алтыншы сессиясының N 213 шешіміне сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы" N 30 қаулысымен (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 25 наурызда N 10-3-154 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінде 2010 жылғы 31 наурыздағы N 25 санында ресми жарияланған) бекітілген N 1 қосымшасына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қаулының N 1 қосымшасының 1 тармағындағы жекелеген
санаттағы азаматтардың тізбесіне "Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 6
айдан кем емес еңбек еткен азаматтарға" деген сөз тіркестерімен толықтырылсын.
2) Қаулының N 1 қосымшасының 3 тармағының 5 тармақшасындағы
"абоненттік төлем" - деген сөз тіркесі алынып тасталсын.
3) Қаулының N 1 қосымшасы 8-1 тармағымен толықтырылсын: "Ұлы
Отан соғысы жылдарында тылда 6 айдан кем емес еңбек еткен жекелеген
санаттағы азаматтарға төленетін өтемақы 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап бюджетте қаралған қаражат шегінде төленсін".
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары К.Данабаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Е. Раймбетов |