Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 11.04.2013 N 121 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабын және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Заңының 20 бабын басшылыққа ала отырып Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі Нұсқаулық N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының "Отан", "Даңқ" ордендерімен, "Халық Қаһарманы", Қазақстан Республикасының "Құрметті" атағымен марапатталған азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу Нұсқаулығы N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Арал ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 6 мамырдағы "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің тәртіптерін бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу N 10-3-120 тіркеуден өткен күні 2008 жылғы 5 маусым, "Толқын" газетінде 2008 жылғы 14 маусымдағы N 48 (9370) санында ресми жарияланған) N 118 қаулысының, аудан әкімдігінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі "Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 6 мамырдағы "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік телемдердің кейбір түрлерін төлеудің тәртіптерін бекіту туралы" N 118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (мемлекеттік тіркеу N 10-3-124 тіркеуден өткен күні 2008 жылғы 3 қазан "Толқын" газетінде 2008 жылғы 11 қазандағы N 82 (9404) санында, ресми жарияланған) N 189 қаулысының, аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі "Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 6 мамырдағы "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің тәртіптерін бекіту туралы" N 118 қаулысына толықтыру енгізу туралы" (мемлекеттік тіркеу N 10-3-136 тіркеуден өткен күні 2009 жылғы 12 мамыр, "Толқын"
газетінде 2009 жылғы 16 мамырдағы N 38 (9464) санында ресми жарияланған) N 63 қаулысының күштері жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К.Данабаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Мұсабаев
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 09 наурыздағы
N 30 қаулысымен бекітілген
N 1 қосымша
Жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру Нұсқаулығы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2011.04.06 N 39 қаулысымен.
Жалпы қағида
1. Осы Нұсқаулық жекелеген санаттағы азаматтарға берілетін бір жолғы материалдық көмек берудің тәртібін реттейді (бұдан әрі қарай - Нұсқаулық).
2. Осы Нұсқаулықты қабылдауда Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247 Заңы негізге алынды.
2. Көмек алу құқығы
1. Бір жолғы материалдық көмекті алуға құқығы бар жекелеген санаттағы азаматтар:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi,
2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендер,
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлері,
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар,
5) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысушылары мен мүгедектері,
6) Ауған соғысына қатысушылары мен мүгедектері,
7) Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақ жұмыстарына тiкелей қатысқан, ядролық сынақ жұмыстарына байланысты мүгедектік алған азаматтар.
3. Көмек беру тәртібі
1. Бір жолғы материалдық көмек қаржылай жылына бір рет беріледі.
2. Көмекті алуға құқығы бар азамат, көмекті тағайындау жөніндегі өтінішті "Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне төмендегідей құжаттармен қоса тапсырады:
1) Жеке куәлігі (көшірмесі)
2) Азаматтарды тіркеу кітабы (көшірмесі)
3) Жеке есеп шотының нөмірі (көшірмесі)
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнің, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендердің, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлерінің, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдардың, 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысуышылары мен мүгедектерінің, Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақ жұмыстарына тiкелей қатысқан, ядролық сынақ жұмыстарына байланысты мүгедектік алған азаматтардың құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.
3. "Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлінген қаржы шегінде бір жолғы материалдық көмекті алушылардың тізімдерін қалыптастырады, тізімнің нақтылығына жауапты болады.
4. Бір жолғы материалдық көмек алушылардың жеке есеп шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аудару жолымен беріледі.
4. Бір жолғы материалдық көмектің мөлшері
1. Бір жолғы материалдық көмек жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы шегінде беріледі.
5. Бір жолғы материалдық көмектің жүзеге асырылуына бақылау жасау
1. Бір жолғы материалдық көмектің берілуіне бақылау жасау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 09 наурыздағы
N 30 қаулысымен бекітілген
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасының "Отан", "Даңқ", ордендерімен, "Халық Қаһарманы", Қазақстан Республикасының "Құрметті" атағымен марапатталған азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы шарттары
Осы тәртіп жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша кейбір санаттағы азаматтарға жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмекті тағайындау мен қаржыландыру тәртібін белгілейді.
2. Әлеуметтік көмек алу құқығы
Жергілікті бюджеттен әлеуметтік алу көмек алу құқығы бар азаматтар: Қазақстан Республикасының "Отан", "Даңқ" ордендерімен, "Халық Қаһарманы", Қазақстан Республикасының "Құрметті" атағымен марапатталған азаматтар.
3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі
Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады. Әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар азамат, көмекті тағайындау жөніндегі өтінішті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегідей құжаттармен қоса тапсырады:
1) Өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Әлеуметтік жеке код (ӘЖК) тағайындалғаны туралы құжаттың көшірмесі;
4) Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) көшірмесі;
5) Азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының "Отан", "Даңқ" ордендерімен "Халық Қаһарманы", Қазақстан Республикасының "Құрметті" атағымен марапатталған туралы құжаттың көшірмесі.
Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі құжаттар 10 күн мерзім ішінде қаралады.
Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арызданушыға жазбаша түрде бас тарту себебін түсіндіріп құжаттарын кері қайтару керек.
Әлеуметтік көмектің көлемі жыл сайын "Республикалық бюджет
туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілетін айлық есептік
көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес қайта қаралып тұрады.
Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартылған шешімге заңмен белгіленген тәртіп бойынша қайта қарауға наразылық жасауға болады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әрбір алушыға салымның бет есеп нөмірі, төлқұжаттың мәліметтері, мекен-жайы және тағайындалған әлеуметтік көмектің сомасы көрсетілген істі жасап жүргізеді. Әлеуметтік төлемдердің тағайындалуының дұрыстығына бақылауды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жүргізеді.
4. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
Әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудандық қаржы бөлімі және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы жылы осы мақсаттарға қаралған бюджет есебінен жүзеге асырады.
Әлеуметтік көмек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен екінші деңгейдегі банкі арасында әлеуметтік көмектерді төлеу туралы жасалған агенттік келісімге сәйкес төленеді.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бар мәліметтер негізінде әр айдың 25-не дейін, әлеуметтік төлемнің түрлері бойынша қорытынды тізімін екі дана етіп жинақтап, бір данасын сол айдың 30-нан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкілерінің аудандық бөлімшелеріне жолдайды.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік төлемге қажетті қаржы мен агенттік келісімге сәйкес белгіленген әлеуметтік көмек сомасын екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар және жеке тұлғаның өзінің қалауы бойынша ұсынылған ұйымдағы есеп шотына аударады.
Әлеуметтік төлем аяқталған ай үшін және әлеуметтік төлем алу құқығы пайда болған кезден бастап, әлеуметтік төлем тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі.
Осы тәртіптің күші бірге тұратын екі және одан да көп адамдарға қолданылатын жағдайда, әлеуметтік төлем олардың әрқайсысына беріледі.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-не, жергілікті бюджеттің шығыс бөлігін анықтау мақсатында аудандық қаржы бөліміне төленетін әлеуметтік төлем есебін тапсырып отырады.
5. Әлеуметтік төлем мөлшері
Қазақстан Республикасының "Отан", "Даңқ" ордендерімен "Халық Қаһарманы", Қазақстан Республикасының "Құрметті" атағымен марапатталған азаматтарға - 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
Әлеуметтік көмек жыл сайын "Республикалық бюджет туралы"
Заңмен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес қайта,
есептелініп төленеді.
6. Әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылуы
Әлеуметтік көмек тағайындалуға құқығы жоғалса немесе алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.