«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 20 акпандағы № 52-о және «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 107-ж бұйрықтарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 148 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1 бабының 1-тармағына және 29-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 52-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9171, 2014 жылғы 25 ақпанда № 78164 «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Казахстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 107-ж (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9341, 2014 жылғы 30 сәуірде № 79489 «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Казахстан Республикасы Энергетика министрлігінің Персоналды дамыту басқармасы осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                            В. Школьник

      Қолдары:_______________________________________________________
              _______________________________________________________
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады