1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 4915 "Өскемен қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3367 тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апта мерзімінде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен әкімдіктің қаулысының күші жойылды деп танылғандығы туралы хабарласын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі апта мерзімінде ресми баспа басылымдарында осы каулының жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы С.Ж. Жүніспековаға жүктелсін.
Өскемен қаласының әкімі | Т. Қасымжанов |