Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағы және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 28 қазандағы №798 ұсынысына сәйкес, Қалжыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округінің Оң жақ-Қалжыр ауылындағы ұсақ малдары арасында сарып ауруы шығуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 30 мамырдағы "Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округінің Он жақ-Қалжыр ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 10 маусым № 3374 болып тіркелген) № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Қалжыр ауылдық округі әкімінің м.у.а | Қ.Хадакова |