РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 18 сәуірдегі №323 ұсынысы негізінде, Қалжыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округінің Оң жақ- Қалжыр ауылындағы ұсақ малдар арасында бурцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қалжыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – мал дәрігері Б.Темірхановқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалжыр ауылдық округінің әкімі | Э. Кошкинчинов |