Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 221/31-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 сәуірде № 806 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 346/48-V шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 18.03.2015 № 346/48-V (қабылданған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес, азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Қ. Жауханов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының
2014 жылғы 27 наурыздағы 
№ 221/31-V шешіміне    
қосымша           

Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
көрсету қағидасы

      1. Осы Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің қосымша шараларын көрсету мақсатында әзірленді.
      2. Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтардың мына санаттарына:
      1) табысы аз азаматтар (отбасылар) – атаулы әлеуметтiк көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
      2) жасы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға ұсынылады.
      3. Әлеуметтік көмектің қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
      4. Әлеуметтік көмек «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi әкімші (бұдан әрi – Әкімші) болып табылатын «Жергiлiктi өкiлетті органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек» бюджеттік бағдарламасына сәйкес және қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде ұсынылады.
      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының Астана қаласының қалалық филиалы ай сайын Қағиданың 2-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар жөніндегі мәліметтерді Әкімшіге ұсынады (электрондық және қағаз жеткізгіштерде).
      6. Әлеуметтік көмек 2014 жылдың 1 сәуірінен 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай қаражатты Астана қаласының екінші деңгейдегі банктері бөлімшелеріндегі алушылардың дербес немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады