Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 410 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Мұхтаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі                              И.Тасмағамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      ____________ А.Сәрінжіпов
      2015 жылғы _______ ________

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің 
2015 жылғы 14 шілдедегі
№ 410 бұйрығына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі

      1) «Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 276 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 тамызда № 7124 болып тіркелген);
      2) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусына қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2011 жылғы
9 қыркүйектегі № 367 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 19 қазанда № 7271 тіркелген);
      3) «Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы
17 наурыздағы № 109 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 2 сәуірде № 9292 тіркелген);
      4) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 256 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9626 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады