Атбасар ауданы әкімдігінің қаулысын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № а-7/220 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қолданыстағы заңнамаға келтіру мақсатында Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қазандағы № а-10/435 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4433 болып тіркелген («Атбасар», «Простор» газеттерінде 2014 жылғы 28 қарашада жарияланған) ескірген ретінде күшін жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Никишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады