Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қазандағы № а-10/435 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 қарашада № 4433 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № а-7/220 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 01.07.2015 № а-7/220 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С 21/6 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешімі негізінде, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің орынбасары Ш.Е.Бекмағанбетоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі                    А.Никишов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Борұмбаев Б.А.

Атбасар ауданы әкімдігінің  
2014 жылғы 15 қазандағы № а-10/435
қаулысына қосымша      

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1.

Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1)

күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер;

2.

Білім беру мамандарының лауазымдары:

1)

директор;

2)

меңгеруші;

3)

директордың орынбасары;

4)

барлық мамандықтар мұғалімдері;

5)

әдіскер;

6)

аға вожатый;

7)

музыкалық жетекші;

8)

кітапхана меңгерушісі;

9)

кітапханашы;

10)

тәрбиеші;

11)

тәрбиешінің көмекшісі;

12)

медбике;

13)

емдәмбике;

14)

әлеуметтік педагог;

15)

логопед;

16)

педагог-психолог;

17)

алғашқы әскери оқытушы-ұйымдастырушысы.

3.

Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1)

директор (меңгеруші);

2)

филиал меңгерушісі;

3)

музыкалық жетекші (мәдени ұйымдастырушы);

4)

әдіскер;

5)

кітапханашы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады