«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Жарқайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № А-4/73 қаулысының күші жойылсын (Нормативтің құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4115 болып тіркелді, аудандық «Жарқайың тынысы» және «Целинное знамя» газеттерінде 2014 жылдың 25 сәуірінде басылып шыққан).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев