Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1. «Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы» Қорғалжын ауданы әкімдігінің 14 қараша 2014 жылғы № 196 қаулысы. ( Ақмола облысы әділет департаментінде 2014 жылдың 12 желтоқсанында № 4506 болып тіркелген).
2. «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру,білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қорғалжын ауданы әкімдігінің 11 желтоқсан 2014 жылғы №230 қаулысы. (Ақмола облысы әділет департаментінде 2015 жылдың 06 қаңтарында № 4549 болып тіркелген).
Аудан әкімі Қ.Рыскелдінов