Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 230 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 қаңтарда № 4549 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 02.07.2015 № 106 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18238 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 қарашадағы № 2/30 «Ауылдық жерде жұмыс атқаратын азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешімінің негізінде, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Аққожинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ.Рыскелдінов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қорғалжын аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.К.Балғабаев

Қорғалжын ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 230 қаулысына     
қосымша         

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдар тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      2) күтім бойынша әлеуметтік жұмыскер;
      2. Білім мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорын басшысы мен орынбасары;
      2) барлық мамандықтың мұғалімдері;
      3) әдістемелік орталықтың әдіскері;
      4) оқытушы;
      5) тәрбиеші;
      6) медбике;
      7) әдіскер;
      8) аудармашы;
      9) музыкалық жетекші;
      10) психолог;
      11) диеталық бике;
      12) зертханашы;
      13) тәлімгер, аға тәлімгер;
      14) кітапхана меңгерушісі, интернат меңгерушісі;
      15) аға кітапханашы;
      16) кітапханашы.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      2) кітапхана меңгерушісі, клуб меңгерушісі;
      3) аға кітапханашы;
      4) кітапханашы;
      5) библиограф;
      6) музыка жетекшісі;
      7) барлық атаулардың суретшілері;
      8) аккомпониатор;
      9) мәдени ұйымдастырушы;
      10) редактор;
      11) үйірме жетекшісі.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) әдіскер.
      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) ветеринарлық дәрігер;
      2) ветеринарлық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады