Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің төмендегі:
1) 2013 жылғы 25 ақпандағы № 28 "Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" (Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 наурыздағы № 3549 тіркелген, аудандық "Қобда" газетінде 2013 жылы 4 сәуірде № 53 жарияланған);
2) 2013 жылғы 31 шілдедегі № 137 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы" (Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 тамыздағы № 3625 тіркелген, аудандық "Қобда" газетінде 2013 жылы 15 тамызда № 16 жарияланған);
2) 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 5 "Қобда ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 ақпандағы № 3780 тіркелген, аудандық "Қобда" газетінде 2014 жылы 21 ақпанда № 9 жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Жүсібалиев |