Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 8 қазандағы № 3-2/905 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгілінген тәртіппен:
      1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы                          С. Омаров

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының   
2015 жылғы 8 қазандағы  
№ 3-2/905 бұйрығына   
қосымша         

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің күші
жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі

      1. «Субсидиялауға жататын бағыттарға және өңірлер бөлінісінде жыл сайынғы субсидиялар көлемін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 ақпандағы № 3-1/55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8342 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      2 «Жыл сайын субсидиялауға жататын әрбір бағытқа арналған және өңірлердің бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 ақпандағы № 3-1/56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8351 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. «Жыл сайын субсидиялауға жататын әрбір бағытқа арналған және өңірлердің бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2013 жылғы 14 ақпандағы № 3-1/56 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 3-1/433 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8771 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 4 (28228) санында жарияланған).
      4. «Субсидиялауға жататын бағыттарға және өңірлер бөлінісінде жыл сайынғы субсидиялар көлемін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2013 жылғы 14 ақпандағы № 3-1/55 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 3-1/434 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8773 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 1 қыркүйектегі № 4 (28228) санында жарияланған).
      5. «Жыл сайын субсидиялауға жататын әрбір бағытқа арналған және өңірлердің бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2013 жылғы 14 ақпандағы № 3-1/56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 3-1/625 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8954 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 1 ақпандағы № 22 (28246) санында жарияланған)
      6. «Субсидиялауға жататын бағыттарға және өңірлер бөлінісінде жыл сайынғы субсидиялар көлемін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2013 жылғы 14 ақпандағы № 3-1/55 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 3-1/626 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8955 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 1 ақпандағы № 22 (28246) санында жарияланған).
      7. «Жыл сайын субсидиялауға жататын әрбір бағытқа арналған және өңірлердің бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2013 жылғы 14 ақпандағы № 3-1/56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 3-1/646 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8960 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 38 (28262) санында жарияланған).
      8. «Субсидиялауға жататын бағыттарға және өңірлер бөлінісінде жыл сайынғы субсидиялар көлемін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2013 жылғы 14 ақпандағы № 3-1/55 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 3-1/647 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8961 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 38 (28262) санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады