Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/465 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдануын;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                           А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2015 жылғы № 4-1/465 бұйрығына
қосымша           

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің күші
жойылды деп танылған кейбір бұйрықтардың тізімі

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрі міндетін атқарушының «Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті сақтанушы, сақтандырушы және агенттің беретін ақпараты мен құжатының нысандары және мерзімдерін бекіту туралы» 2006 жылғы 10 қарашадағы № 680 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4471 болып тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 10 қарашадағы № 680 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Уәкілетті органмен өзінің өсімдік шаруашылығы саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажетті сақтанушы, сақтандырушы және агентпен берілетін ақпараттар және құжаттың нысаны мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы № 749 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5471 тіркелген, 2009 жылғы 18 ақпандағы № 25 (1622) «Заң газеті» газетінде жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 10 қарашадағы № 680 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті сақтанушы, сақтандырушы және агенттің беретін ақпараты мен құжатының нысандары және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 192 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6190 тіркелген, 2010 жылғы 26 тамыздағы № (1622) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 26 тамызда № 14 болып жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады