"Коммуналдық мүлікті жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 385 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 230 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" № 212 бұйрығына сәйкес Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Коммуналдық мүлікті жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 385 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2436 болып тіркелген, 2015 жылдың 1 қаңтарында № 1 (8869) "Шу өңірі" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ержан Көрікбайұлы Өмірәлиевке жүктелсін.
      Аудан әкімі Р. Дәулет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады