Шу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 79 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 445 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес және Шу ауданаралық прокуратурасының 2015 жылғы 13 қазандағы № 2-0711-15-03711 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 79 күші жойылды деп танылсын. (Жамбыл облысы Шу ауданы Әділет басқармасында 2012 жылы 13 сәуірде 6-11-124 нөмірімен тіркелген).
      2. "Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны туралы әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлихан Әбіләшұлы Балқыбековке жүктелсін.
      Аудан әкімі Р. Дәулет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады