"Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 5 қарашадағы № 492 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 509 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 5 қарашадағы № 492 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8136 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 қаңтардағы № 54(27993) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінін интернет-ресурсында осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министріне Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                           А. Сәрінжіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады