Ескерту. Қаулының күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 22.06.2015 № 4-нқ (қаулы 30.06.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 13-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 тіркелген, 2008 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге органдары актілерінің № 5 жинағында жарияланған) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Есеп комитетінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 6-НҚ нормативтік қаулысына («Әділет АҚЖ-да 2014 жылғы 26 желтоқсанда жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарында:
«Кадр және әкімшілік жұмыстар бөлімі» деген бөлімнің «Персоналды басқару секторы» деген кіші бөлімде:
«Бас консультант - 2 бірлік, В-3 санаты (8/1-4, 8/1-5)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бас консультант -1 бірлік, В-3 санаты (8/1-4)»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Сарапшы - 1 бірлік, В-5 санаты (8/1-5)
Критерийлер |
Қойылатын талаптар |
Білімі |
Жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; білім беру (қазақ тілі және әдебиеті және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе шетел тілі); құқық (халықаралық құқық, құқықтану). |
Кәсіби құдреттілігі |
1. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге қатысты тестілеу бағдарламасына сай нормативтік құқықтық актілер. |
Практикалық тәжрибесі |
1. Үлгі біліктілік талаптарына сай болуы |
Функционалдық міндеттері |
Кадр мәселелері жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету; аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу рәсімдерін сақтау; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, соның ішінде ақпараттық жүйедегі дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асыру; персоналды басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеу; Есеп комитетінде еңбек тәртібінің сақталуын бақылау. |
2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1}осы нормативтік қаулыны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
2) осы нормативтік қаулыны Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің aппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күні қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Жаңбыршин