"Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қазандағы № 54/05 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 18/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 38/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қазандағы № 54/05 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 18/01 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      нұсқалған қаулының мемлекеттік тілдегі 1-тармағындығы "1904" сандары "2805" сандарына ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
      Облыс әкімі Н.Әбдібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады