Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 24/06 "Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 12/44 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 24/06 "Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысы күшін жойды деп тану (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2015 жылы 26 қантарда № 2947 тіркелген).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Ким жүктелсін.
      Сәтбаев қаласының әкімі Ә.С. Омар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады